Бекзат Нұрдәулетов

Токио Олимпиадасы: әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов жеңіліп қалды

3845
(Жаңартылды 11:14 28.07.2021)
Жекпе-жекті екі рет тоқтатуға тура келді. Боксшылардың екеуі де жарақат алды. Төрешілер шешімімен ресейлік боксшы жеңіске жетті

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Токио Олимпидасында әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов алғашқы жекпе-жекте ұтылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша өткен кездесуде қазақстандық боксшыға қарсы ресейлік Имам Хатаев шықты. Бірінші раунда Нұрдәулетов бірнеше ауыр соққы өткізіп алды. Дегенмен есесін қайтара білді. Ал төрешілердің бәрі ресейлік спортшыға жоғары ұпай берді. Екінші раунда қазақстандық боксшы өз шабуылын үдете түсті. Соның арқасында бес төрешінің үшеуі оның өнерін жоғары бағалады. Ал үшінші раундта екеуі ашық бокстасты.

Жекпе-жекті екі рет тоқтатуға тура келді. Боксшылардың екеуі де жарақат алды. Төрешілер шешімімен ресейлік боксшы жеңіске жетті. Қорытынды есеп – 1:4.

Осылайша, 23 жастағы әлем чемпионы Олимпиададағы алғашқы жекпе-жекте ұтылып қалды.

Оған дейін Қазақстанның әйелдер командасы атынан Токио Олимпиадасына барған жалғыз боксшы Надежда Рябец (75 келі) бірінші жекпе-жекте ұтылса, Серік Теміржанов (57 келі) екінші айналымнан аса алмады. Кеше 69 келі салмақ дәрежесінде Абылайхан Жүсіпов америкалық боксшыға жол берді. Ал Василий Левит (91 келі) нокаутпен ұтылды.

Олимпиадада төрт боксшымыз қалды. Закир Сафиуллин (63 келі) мен Сәкен Бибосынов (52 келі) алғашқы жекпе-жектерін сәтті өткізген. Сондай-ақ, алдағы уақытта Әбілхан Аманқұл (75 келі) мен Қамшыбек Қоңқабаевтың (91 келіден жоғары) жекпе-жектері бар.

3845
Кілт сөздер:
Токио Олимпиадасы, бокс
Тақырып:
Токио Олимпиадасы (115)
Тақырып бойынша
Олимпиадаға барған спортшылар кереуетті неге сындырды
Баландин Олимпиада финалына шыға алмады
Токио Олимпиадасы: жалғыз боксшы қызымыз жарыстан шығып кетті
Токиодан жағымды жаңалық: Рыбакина ширек финалға шықты
Дәрігер коронавирустан адам керең болып қалуы мүмкін екенін ескертті
  Астана - Каспий матчы

"Каспий" жанкүйерлері алаңдағы тәртіпсіздіктен кейін жазаланды

11
"Каспий" футбол клубы маусымның соңына дейін өз алаңындағы барлық матчты көрермендерсіз ойнайды  

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек –  Sputnik. Қазақстан футбол федерациясы бақылау-тәртіптік комитеті "Каспий" футбол клубына Қазақстан чемпионаты матчтарын осы футбол маусымының соңына дейін көрермендерсіз өткізу түрінде санкция салды, деп хабарлады Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының баспасөз қызметі.

"Жанкүйерлердің орынсыз әрекеті үшін, яғни кездесудің ресми тұлғаларына балағат сөздер айтып, қарсылас команданың ойыншыларына бөтелке лақтырып, алаңға шығып кеткені үшін және ойынның қауіпсіздігін қамтамасыз етпеуіне байланысты "Каспий" ФК-ға осы футбол маусымының соңына дейін OLIMPBET-Қазақстан чемпионатының өз алаңындағы ойындарын көрермендерсіз өткізу түрінде санкция салынды", - деп жазды федерация Instagram-дағы аккаунтында.

Естеріңізге сала кетейік, 22 қыркүйекте ақтаулық "Каспий" мен елордалық "Астана" арасындағы футбол матчы ұрыс-керіспен аяқталды, жанжалды жеңілген "Каспий" жанкүйерлері бастады. Ойын аяқталғаннан кейін нәтижеге көңілі толмаған жанкүйерлер ойыншыларға дөрекі сөздер айтып, алаңға бөтелкелер мен басқа заттарды лақтыра бастады.

Сондай-ақ видеодан алаңда жүрген жанкүйерлердің бірі "Астана" клубының жартылай қорғаушысы Тигран Барсегянға допты бір тепкенін көруге болады. Осыдан кейін екі команданың ойыншылары арасында төбелес басталды.

Оқи отырыңыз:

11
Астана - Каспий матчы

Ақтауда өткен матчтан кейін жанкүйерлер полицияға жеткізілді видео

40
(Жаңартылды 08:24 24.09.2021)
Сүйікті командасының ұтылғанына көңілі толмаған жанкүйерлер "Астана" футбол клубы автобусының өтуіне кедергі жасады

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек — Sputnik. "Каспий" мен "Астана" матчынан кейін полиция бес жанкүйерді ұстады. Олар Ақтаудың полиция басқармасына жеткізілді, деп жазады "Лада".

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sports.ru Казахстан (@sportsru_kz)

Алаң иелері 0:1 есебімен жеңілген болатын. Жанкүйерлер матч нәтижесіне наразылық танытты. "Каспий" командасының екі жанкүйері алаңға жүгіріп шығып, төрешілер бригадасына барды. Екі-үш минуттан соң полицейлер оларды орнына қайтарды.

"Кездесу аяқталған соң "Каспий" жанкүйерлері стадион аумағының артында жиналып, барабан ұрып, наразылығын білдірді. Олар "Астана" футбол клубы автобусының өтуіне кедергі жасауға тырысты. Полиция ескертуіне мән бермеді. Бес жанкүйер ұсталып, түсіндіру жұмысын жүргізу үшін қалалық полиция бөліміне жеткізілді. Бұдан соң өзгелері тарқады", - деді полиция департаментінде.

"Астана" футбол клубының екі автобусы полициямен бірге қонақүйге жеткізілді. Футболшыларды тәртіп сақшылары күзетке алды.

Оқи отырыңыз: 

40
Кілт сөздер:
Ақтау, футбол, видео
Тақырып бойынша
Министр сөйлеп тұрған кезде залда футбол көріп отырған шенеунік видеоға түсіп қалды
Қазақстандық футбол клубының директоры қайтыс болды
Футбол ойнай алмағаны үшін мазаққа ұшыраған – оқушы өзіне қол салды
Болашақ Месси: төрт жасар астаналық футбол жаттықтырушысын таңғалдырды - видео
"Ertis" футбол клубының директоры сотталды
Қасым-Жомарт Тоқаев

Инфляция бекітілген межеден әлдеқашан шығып кеткен Тоқаев

0
Президент халық үшін азық-түліктің қолжетімді бағада болуын іс жүзінде ретке келтіру қажет деп есептейді

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек –  Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық тауар өткізу жүйесін қалыптастыру жүйелі шаралар керек екенін мәлімдеді.

Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысында сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов баяндама жасады.

Мемлекет басшысы биылғы жыл өндіріс, өнімдерді сақтау және өткізу саласында қордаланған проблемалар бар екенін көрсеткенін айтты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Инфляция, әсіресе азық-түлік бағасының құбылуы бекітілген межеден әлдеқашан шығып кеткен.

"Шұғыл шаралар, бағаға қойылған бақылау нарықтық экономиканың іргелі қағидаттарын алмастыра алмайтыны белгілі. Жүйелі шаралар керек. Сондықтан ұлттық тауар өткізу жүйесін қалыптастыру аталған жұмыстың маңызды құраушы бөлігі болып табылады. Көтерме-тарату орталықтары және олардың стандарттау, тауардың тұрақты жеткізілуін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстары өндірушілердің, соның ішінде шағын бизнес өкілдері кооперациясының маңызды элементтерінің бірі болуға тиіс", - деп атап өтті Тоқаев.

Бұл ауылда тұрып, жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын адамдар үшін аса маңызды. Бүгінде мұндай кәсіп иелерін экономикалық айналымға тарту жұмыстары мардымсыз жүргізілуде.

"Сонымен қатар олар өз өнімдерін егін басынан сатуға мәжбүр болып отыр. Көтерме-тарату орталықтарының тағы бір міндеті – "егіс басынан сөреге" дейінгі жолдағы қажетсіз делдалдарды жою", – деді президент.

Мемлекет басшысы халық үшін азық-түліктің қолжетімді бағада болуын іс жүзінде ретке келтіру қажет деп есептейді.

Оқи отырыңыз:

 

0