Спорт

Токио Олимпиадасы: қазақстандық теннисші Елена Рыбакина жүлдесіз қалды

© REUTERS / PIROSCHKA VAN DE WOUWЕлена Рыбакина на Олимпиаде в Токио
Елена Рыбакина на Олимпиаде в Токио  - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.07.2021
Жазылу
Елена Рыбакина бүгін қола медаль үшін таласты, ол украиналық Элина Светолинамен ойнады

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Токио Олимпиадасының қола жүлдесін иелене алмады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жартылай финалда швециялық Белинда Бенчичке (7:6, 4:6, 6:3) жол беріп қойған Елена Рыбакина бүгін қола медаль үшін таласты. Ал оған қарсы украиналық Элина Светолина шықты. Бірінші сетте қазақстандық теннисші айқын басымдықпен жеңіске жетті. Есеп – 6:1. Ал екінші сетте екеуі тең түсті. Содан ойын тай-брейкке ауысты. Ол да өте тартысты өтті. Бірақ осы жолы украиналық теннисшінің жолы болды. Есеп - 7:6. Үшінші сетте Рыбакина 3:0 есебімен бірден алға шықты. Алайда Светолина есепті теңестіріп қана қоймай, соңғы сетті өз пайдасына шешіп кетті. Қорытынды есеп - 1:2

Ярослава Шведов, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.07.2021
Спорт
"Тұншыға бастадым": қазақстандық теннисші жарыстан неге шығып қалғанын айтты– видео 
Бұған дейін Елена Рыбакина австралиялық Саманта Стосур, швециялық Ребекка Петерсон, хорватиялық Донна Векичті жеңген болатын. Ал ширек финалда испаниялық теннисші Гарбинье Мугурустан басым түсті.

Айта кетейік, Елена Рыбакинадан басқа қазақстандық теннисшілер жекелеген сындардан шығып қалды. Юлия Путинцева мен Ярослава Шведова аптап ыстық пен күн өту салдарынан жарысты жалғастыра алмаса, Зарина Диястың жарақаты ойыннан шығуына себеп болды. Александр Бублик бірінші раундта ресейлік Даниил Медведевке есе жіберіп қойды. Ал Михаил Кукушкин беларус Илья Ивашкодан ұтылды.

Жұптық жарыстарда Ярослава Шведова мен Андрей Голубев жапониялық жұп – Ена Шибахара мен Бен Маклахланған жол беріп қойды.Осы жолы қазақстандық теннисшілер 8 бірдей лицензия иеленді. Токиоға 7 спортшы аттанған болатын.

Жаңалықтар
0