Спорт

Қытай қазағы Олимпиада жүлдегері атанды

© AFP 2024 / LOIC VENANCEЖенщина проходит неподалеку от Олимпийской деревни в Токио
Женщина проходит неподалеку от Олимпийской деревни в Токио - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.08.2021
Жазылу
Уәлихан Сайлике жұбаныш белдесуінде алдымен алжирлік балуанды, одан кейін қола медаль үшін өткен жекпе-жекте украиналықты тізе бүктірді

НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. Қытайда тұратын этникалық қазақ Уәлихан Сайлике Токио Олимпиадасында грек-рим күресінен қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.   

Панипак Вонгпаттанакит - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.07.2021
Спорт
Олимпиада чемпионы тізе бүгіп, алтын медалін әкесіне берді – жантебірентерлік видео
Турнир басында Сайлике неміс балуаны Этьен Киссинджерден басым түскен. Ал екінші айналымда жапониялық спортшыдан ұтылған болатын. Бірақ Кенъитиро Фумита финалға шықты. Соның арқасында Қытай қазағы Сайлике жұбаныш белдесуіне жолдама алды. Ол алдымен алжирлік балуанды айқын басымдықпен жеңді. Одан кейін қола медаль үшін өткен жекпе-жекте украиналық Ленур Теміровты 3:1 есебімен тізе бүктірді. Осылайша Токио Олимпиадасының жүлдегері атанды. 

Бүгінде Қытай құрамасы медаль саны жағынан көш бастап тұр. Бұл елдің спортшылары 59 медаль (28 алтын, 16 күміс және 15 қола) жеңіп алды.  

Айта кетейік, Токио Олимпиадасында грек-рим күресі жарыстарына қазақстандық балуандар да қатысып жатыр. Күні кеше Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Эльмира Сыздықова (76 келі) мен Мейрамбек Айнағұлов (60 келі) қырғыз спортшыларынан ұтылды. Бүгін Демеу Жадыраев (77 келіге дейін) та жарыс жолынан шығып қалды. Енді Нұрсұлтан Тұрсынов қалды. Ал әйелдер арасындағы күрес жарыстарына Валентина Исламова (50 келі) мен Татьяна Ахметова (53 келі) қатысады.

Жаңалықтар
0