Спорт

"Бұйырғаны қола екен": журналистер алдына шыққан Бибосыновтың көңілі босап кетті

© AFP 2024 / LUIS ROBAYOСәкен Бибосынов
Сәкен Бибосынов - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2021
Жазылу
Отандасымыз бірінші раундта ұлыбританиялық қарсыласына есе жіберсе де, қалған екі раундта бар күшін салғанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанған Сәкен Бибосынов қазақ еліне "алтын" медаль сыйлай алмағаны үшін кешірім сұрады.

Журналистер алдына шыққан боксшы көпке дейін өз-өзіне келе алмай, көз жасына ерік берді. Тек бапкері Мырзағали Айтжанов пен БАҚ өкілдерінің қолдауынан соң, Бибосынов бүгінгі жекпе-жек жайлы пікірін бөлісті, деп хабарлайды Olympic.kz.

"Токио Олимпиадасына "алтын" аламын деп келген едім. Бірақ қола жүлде бұйырып тұр екен. Жанкүйерлерді, қазақ халқын алтынмен қуантып, Токио төрінде әнұранымызды ойнатуды басты мақсат еттім. Өкінішке қарай, ол арманыма жете алмадым. Бар күш-жігерімді салдым. Соңына дейін жұдырықтастым. Бірақ сәттілік жетпеді", - деді спортшы.

Бибосынов жартылай финалда жеңіліп қалғаны үшін барша жанкүйерден кешірім сұрады.

Ол бірінші раундта қарсыласқа есе жіберсе де, қалған екі раундта аянып қалмағанын айтты.

© REUTERS / UESLEI MARCELINOСәкен Бибосынов жартылай финалда жеңілгеннен кейін рингте жылап жіберді
Бұйырғаны қола екен: журналистер алдына шыққан Бибосыновтың көңілі босап кетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2021
Сәкен Бибосынов жартылай финалда жеңілгеннен кейін рингте жылап жіберді

"Бапкерлерім бірінші кезеңнен кейін 5:0 ұтылып жатқанымды айтқан соң, одан сайын алға бастым. Енді қола жүлдені қанағат тұтамыз. Бұл менің бірінші Олимпиадам. Тіпті, Токиоға бара алмай қалуым да мүмкін еді. Жолдаманы ең соңғы сәтте жеңіп алғанымды білесіздер. Сондықтан бәріне қанағат. Бапкерімді, халқымды қуантқым келген. Бұйырғаны қола екен", -деді боксшы.

Сәкен Бибосынов Олимпиада жүлдесін барша қазақстандыққа арнайтынын мәлімдеді.

© REUTERS / AMR ABDALLAH DALSHСәкен Бибосынов қарсыласын жеңіспен құттықтады
Бұйырғаны қола екен: журналистер алдына шыққан Бибосыновтың көңілі босап кетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2021
Сәкен Бибосынов қарсыласын жеңіспен құттықтады

Еске салсақ, жартылай финалда Сәкен Бибосынов 2:3 есебімен ұлыбританиялық Галаль Яфайдан жеңіліп қалды.

Айта кетері, Токио Олимпиадасында екі боксшымыз ғана жартылай финалға жетті. Кеше аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев америкалық Ричард Торрестен жеңіліп, қола медаль алды. Оның қарсыласы финалда өзбек боксшысы Баһадүр Жалоловпен қолғап түйістіреді.

Жаңалықтар
0