Спорт

Нұрқанат Әжіқанов Олимпиаданың жартылай финалына шыға алмады

© AP Photo / Ben CurtisЧеловек под зонтом проходит мимо олимпийских колец в Токио
Человек под зонтом проходит мимо олимпийских колец в Токио - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.08.2021
Жазылу
Әжіқанов үшінші жекпе-жекте екі дүркін әлем чемпионы Луиджи Бусты 2:0 есебімен тізе бүктірді. Алайда төртінші айналымда бес дүркін әлем чемпионы Рафаель Агаевқа жол беріп қойды

НҰР-СҰЛТАН, 6 тамыз – Sputnik. Қазақстандық каратеші Нұрқанат Әжіқанов Токио Олимпиадасының жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Дархан Асадилов на Олимпиаде  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2021
Спорт
Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті
Бірінші жекпе-жекте Әжіқанов аустралиялық Цунэари Яхиромен кездесті. Жерлесіміз бірден шабуылға көшіп, "юко" ұпайына ие болды. Одан кейін иппон мен вазариді шебер орындай білді. Ал қарсыласы бір ғана соққысын дарыта алды. Қорытынды есеп – 6:3.

Екінші айналымда Әжіқанов неміс спортшысы Ноа Битчпен тең түсті. Бірақ қарсыласы "сеншу" ұпайының арқасында жеңіске жетті. Дегенмен үшінші жекпе-жекте жерлесіміз екі дүркін әлем чемпионы Луиджи Бусты 2:0 есебімен тізе бүктірді. Ал төртінші айналымда Әжіқанов бес дүркін әлем чемпионы Рафаель Агаевқа жол беріп қойды. Осылайша төрт жекпе-жектің қорытындысы бойынша 4 ұпайға ие болып, жартылай финалға шыға алмады.   

Айта кетері, 67 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Дархан Асаділов қола жүлдеге ие болды. Ал каратеші қызымыз Мөлдір Жаңбырбай жарыс жолынан шығып қалды. Токио Олимпиадасына бес қазақстандық каратеші аттанған. Олар: Дархан Асаділов (67 келі), Данияр Юлдашев (+75 келі), Софья Берульцева (+61 келі), Мөлдір Жаңбырбай (55 келіге дейін) және Нұрқанат Әжіқанов (75 келіге дейін).

Жаңалықтар
0