Спорт

Бүгін - спорт күні

© Photo : Официальный сайт президента РКЕлбасы салауатты өмір салтын насихаттауда
Елбасы салауатты өмір салтын насихаттауда - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.08.2021
Жазылу
Атаулы күн президент жарлығымен 2003 жылы бекітілген. Ол тамыздың үшінші жексенбісінде аталып өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз – Sputnik. Қазақстанда 15 тамызда Спорт күні аталып өтеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003 жылдың 15 қарашасындағы Жарлығымен тамыздың үшінші жексенбісі спорт күні болып бекітілген.

Осы күнге орай Елбасының баспасөз қызметі оның жастар үшін салауатты өмір салтының үлгісі екенін дәлелдейтін, үлкен теннис ойыны барысындағы суретін жариялады.

"Қазақстанның Тұңғыш Президенті жеке үлгісімен саламатты өмір салтын және спортпен шұғылдануды белсене насихаттап келеді", - деп жазылған Instagram парақшада.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада қазақстандық спортшылар Токио Олимпиадасынан сегіз медаль жеңіп алды. Бұл Қазақстан құрамасының Олимпиада ойындары тарихындағы ең нашар көрсеткіші. 

Токио Олимпиадасының жүлдегері атанғандар: боксшылар Сәкен Бибосынов пен Қамшыбек Қоңқабаев, ауыр атлетшілер Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло, дзюдошы Елдос Сметов, каратеші Дархан Есәділов, еркін күрес палуаны Нұрислам Санаев және каратеші Софья Берульцева.

Оқи отырыңыздар: Серік Сәпиев боксшыларды сынайтындарға жауап берді

 

Жаңалықтар
0