Спорт

Пәтер кілті, жер телімі, үш миллион: Елдос Сметов сыйлықтың астында қалды

© AP Photo / Vincent ThianЕлдос Сметов Олимпиадада
Елдос Сметов Олимпиадада - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.08.2021
Жазылу
Ол президент жарлығымен жазғы Олимпиада ойындарындағы жоғары спорттық жетістігі үшін ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен де марапатталған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз – Sputnik. Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Елдос Сметовке Ақтау қаласынан пәтер мен теңіз жағалауынан жер телімі сыйға тартылды. Бұл туралы бапкер Әділ Бисенкұл өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Ауылға батыр келсе, хан түйесін сойған" дегендей еліміздің абыройын, көк байрағымызды желбіретіп жүрген дзюдо күресінің әлемдік аренадағы жарық жұлдызы Елдос батырға шәкіртім Мирас Бесбайұлы Сайынов Ақтау шаһарынан пәтер және оған қоса Rixos-тың қасынан жекеменшік жер сыйлады", - дейді Бисенқұл.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Бисенқұл Әділ Темірxанұлы (@adil_bissenkuly)

Бапкердің айтуынша, Мирас Сайынов қазіргі кезде "Caspian Coast" ЖШС басшысы қызметін атқарып жүр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Бисенқұл Әділ Темірxанұлы (@adil_bissenkuly)

Спортшылар Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Тұрымовтың қабылдауында да болды. Аймақ басшысы Олимпиада жүлдегеріне 3 миллион теңгенің сертификатын табыстады.

Дзюдошы Елдос Сметов Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындарындағы жоғары спорттық жетістігі үшін ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен де марапатталған болатын.

Сонымен қатар Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Елдос Сметовке автокөлік кілтін табыстады.

Бұған дейін де спортшыға Токиодан елге оралған кезде Алматы әуежайында жаңа көліктің кілті табысталған болатын.

Елдос Сметов Тараз қаласының тумасы. Токио Олипиадасында дзюдошы қола жүлдеге ие болды. 

Оқи отырыңыз: Қола жүлделеріңіз мен үшін алтыннан кем емес – Димаш Құдайберген

 

 

 

Жаңалықтар
0