Спорт

Паралимпиада: Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті

© Photo : PHILIP FONGПаралимпиада 2020
Паралимпиада 2020 - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2021
Жазылу
Сәриев финалда жеңсе, алтын медаль болады. Финалдық жекпе-жекте ол Әзірбайжан спортшысы Вугар Ширинлимен белдеседі

НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз – Sputnik. Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында қазақстандық дзюдошы Әнуар Сәриев (60 келі) жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сәриев бірден ширек финалдық жекпе-жектерден бастады. Алғашқы белдесуде қазақстандық спортшы моңғол Ядамдорж Сухбаатарды жеңді. Ал жартылай финалда Венесуэла дзюдошысы Маркос Дениз Бланкодан басым түсті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KAZAKHSTAN PARALYMPIC TEAM 🇰🇿 (@kazparalympics)

Осылайша, Әнуар Сәриевтің арқасында ел қоржынына тағы бір медаль түсті. Әзірше күміс бар. Сәриев финалда жеңсе, алтын медаль болады. Финалдық жекпе-жекте ол Әзірбайжан спортшысы Вугар Ширинлимен белдеседі.

Айта кетері, бұған дейін паралимпиадашы Давид Дегтярев пауэрлифтингтен алтын медаль жеңіп алған болатын.

Оқи отырыңыз: Параолимпиадашылар Токиоға аттанды – Қазақстан намысын кім қорғайды

 

Жаңалықтар
0