Спорт

Роналду ұлттық команда үшін гол саны бойынша рекорд орнатты

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуКриштиану Роналду
Криштиану Роналду  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2021
Жазылу
Роналду Португалия құрамасы үшін 110-шы гол салып, Иран құрамасының экс-форварды Али Даеи нәтижесінен асып түсті

НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Шабуылдаушы Криштиану Роналду Португалия құрамасы үшін өз карьерасындағы 110-шы гол соғып, ұлттық команда үшін қақпаға кірген доп саны бойынша жаңа әлем рекордын орнатты, деп хабарлайды РИА Новости.

Сәрсенбіде португалиялық спортшы Фаруда өтіп жатқан әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Ирландия командасына қарсы ойынның 89-шы минутында гол салды.

Роналду 2007 жылы карьерасын аяқтаған Иран құрамасының экс-форварды Али Даеидің нәтижесінен асып түсті.

Ойын барысында келеңсіз жағдай болды – Роналду пенальти орындау барысында қарсылас команданың ойыншысын бетінен ұрды.

"Еуро-Футбол" басылымы жазғандай, доп он бір метр қашықтықтан тебу нүктесіне орналастырылған сәтте Дара О'Ши допты теуіп жіберді. Футболшының бұл қылығы Роналдудың ашуын келтіріп, ол Дараны бетінен ұрған. Қарсылас команда өкілі соққы алған соң, басын ұстап жерге отыра кетті. Ал төреші бұл әрекетке қатысты еш шешім шығарған жоқ. Криштиану Роналду пенальти орындай алмады.

Жаңалықтар
0