Спорт

Атырауда паралимпиадашыларға пәтер мен автокөлік табысталды

© Photo : Служба коммуникаций Атырауской областиАтырауда паралимпиадашыларға пәтер мен автокөлік табысталды
Атырауда паралимпиадашыларға пәтер мен автокөлік табысталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2021
Жазылу
Бұған дейін отандастарымыз елге оралғанда облыс әкімдігі әр спортшыға бір миллион теңге берген болатын

НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек – Sputnik. Атырауда Токиода өткен Паралимпиададан жеңіспен оралған спортшыларға пәтер мен автокөлік табыс етілді.

"Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Токиода өткен 16-шы жазғы паралимпиадаға қатысқан жерлестерді марапаттады",- делінген Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарламасында.

© Photo : Служба коммуникаций Атырауской областиЖарыс қатысушыларына бір миллион теңгенің сертификаты табысталды
Атырауда паралимпиадашыларға пәтер мен автокөлік табысталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2021
Жарыс қатысушыларына бір миллион теңгенің сертификаты табысталды

Ел абыройын асқақтатқан жүлдегерлердің әрқайсысына екі бөлмелі пәтер мен автокөлік кілті табысталды. Сондай-ақ, парадзюдодан Қазақстанның бас бапкері Жандос Қияновқа 4 миллион теңге, ал жарыс қатысушыларына 1 миллион теңгенің сертификаттары берілді.

Еске салсақ, жерлестеріміз елге оралғанда облыс әкімдігі әр спортшыға 1 миллион теңге берген болатын.

© Photo : Служба коммуникаций Атырауской областиПаралимпиададан жеңіспен оралған спортшыларға пәтер мен автокөлік сыйға тартылды
Атырауда паралимпиадашыларға пәтер мен автокөлік табысталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2021
Паралимпиададан жеңіспен оралған спортшыларға пәтер мен автокөлік сыйға тартылды

Ел құрамасы сапындағы сегіз атыраулық спортшының 3-уі ел қоржынына күміс жүлде салған еді.

Олар парадзюдошылар: Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет және Зарина Байбатина. Ал, Аманжол Жанбота осы спорт түрінен 5-ші орын, Нұрлан Домбаев паратаеквондодан 5-ші орын, Ержан Сәлімгереев паражүзуден 6-орын иеленді.

© Photo : Служба коммуникаций Атырауской областиТеміржан Дәулет
Атырауда паралимпиадашыларға пәтер мен автокөлік табысталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2021
Теміржан Дәулет

"Сіздер Қазақстанның параспорты дамуының жаңа дәуірі басталғанын көрсеттіңіз. Бұл – қажырлы еңбек пен биік намыстың, өршіл руһтың жеңісі. Ержан Сәлімгерев пен Нұрлан Домбаевтың алғашқы қатысқан паралимпиадасынан 5-6-шы орын алуының өзі — айтулы жетістік! Әрбір атыраулық параспортшы алтын медальға лайық өнер көрсетті. Сіздердің әрқайсыңыз жеңімпазсыздар!", - деді Досмұхамбетов.

© Photo : Служба коммуникаций Атырауской областиЗарина Байбатина
Атырауда паралимпиадашыларға пәтер мен автокөлік табысталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2021
Зарина Байбатина

Парадзюдодан Қазақстанның бас жаттықтырушысы Жандос Қиянов Токио төрінде спортшыларымыз лайықтыы өнер көрсеткенін атап өтті.

© Photo : Служба коммуникаций Атырауской областиӘнуар Сариев
Атырауда паралимпиадашыларға пәтер мен автокөлік табысталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2021
Әнуар Сариев

Ал күміс медаль жеңіп алған парадзюдошыз Әнуар Сариев жеңістің оңайға түспегенін айтты.

"Алған медалімді Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнаймын. Бізге қолдау білдірген әрбіріңізге алғыс айтамын",-деді жүлдегер.

Жаңалықтар
0