Спорт

Евгений Павлов Африка чемпионын жеңді

© Sputnik / Тимур БатыршинОткрытая тренировка на алматинском Арбате
Открытая тренировка на алматинском Арбате - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.09.2021
Жазылу
Евгений Павлов ганалық тәжірибелі боксшы Исаак Сакейді техникалық нокаутпен жеңді

НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандық боксшы Евгений Павлов (5-0, 4 КО) Нұр-Сұлтандағы "Көшпенділер шайқасы – 2" кешінде жекпе-жек өткізді, деп хабарлады Prosports.kz.

Тренировка сборной по боксу - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2021
Спорт
Жеңілмеген қазақ боксшысы көшеде алматылықтармен жекпе-жекке шықты – видео
Оның қарсыласы ганалық тәжірибелі Исаак Сакей болды. Сакей кәсіпқой рингте 27 жекпе-жек өткізіп, оның 25-інде жеңіске жеткен. Бір кездесуде тең түсіп, бір жекпе-жекте жеңіліп қалған. Ол – WBO тұжырымы бойынша Африка чемпионы.  

Павлов пен Сакей екінші жеңіл салмақта WBA International тұжырымы бойынша аймақтық белбеуді сарапқа салды. Қазақстандық боксшы қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді. 

Жаңалықтар
0