Спорт

"Керемет сенсация": Тоқаев футзалдан Қазақстан құрамасын құттықтады

© Sputnik / Тимур Батыршинфутзал
футзал - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.09.2021
Жазылу
Енді қазақстандық спортшылар финалға шығу үшін Португалиямен бәсекеге түседі, ойын 30 қыркүйекте өтеді

АЛМАТЫ, 28 қыркүйек – Sputnik. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасын жартылай финалға шығуымен құттықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы алғаш рет әлем чемпионатының жартылай финалына шығып, керемет сенсация жасады. Құтты болсын! Алдағы ойындарына да сәттілік тілеймін!", - деп жазды Тоқаев Twitter парақшасында.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы Иран құрамасын 3:2 есебімен жеңіп, футзалдан Әлем чемпионатының жартылай финалына шықты. Осылайша тарихи жеңіске жетті.

Енді қазақстандық спортшылар финалға шығу үшін Португалиямен бәсекеге түседі, ойын 30 қыркүйекте өтеді. Тағы бір жартылай финалға шаққандар арасында Бразилия мен Аргентина бар.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0