Спорт

Қазақстанда спортшылар мен бапкерлердің өмір бойғы төлемі өспек

© Sputnik / Абзал КалиевПортмоне с деньгами
Портмоне с деньгами - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.10.2021
Жазылу
Ел билігі спортшылар мен бапкерлердің мәртебесін көтеру үшін өмір бойғы төлем мөлшерін өсіруді көздеп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 1 қазан – Sputnik. Қазақстанда Олимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне және оларды жаттықтырған бапкерлерге төленетін өмір бойғы ай сайынғы төлем мөлшерін ұлғайту жоспарланып отыр.

Тиісті үкімет қаулысының жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

Жаңа құжат бойынша, Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері және (немесе) спорттың олимпиадалық түрлері бойынша әлем чемпиондары атақтарын жеңіп алған спортшыларға 100 АЕК (биыл ол 291 700 теңге) төленеді. Оларды дайындаған жаттықтырушыларға да 100 АЕК беріледі.

Қазір қолданыстағы редакция бойынша спортшылар мен жаттықтырушылар 24 АЕК (2021 жылы 70 мың теңге) алып жүр. 

Негіздемеде айтылғандай, өмір бойғы төлемді көбейту спортшылар мен бапкерлердің мәртебесін көтеріп, материалдық қолдау көрсету үшін қажет. Әлем елдерінде спортшыларды жоғары нәтижеге ынталандыру үшін осы тектес әлеуметтік шаралар қарастырылған. Мәселен, Ресейде спортшылар мен жаттықтырушыларға ай сайын 60 000 рубль төленеді, бұл шамамен 352 000 теңге.

Құжат 14 қазанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0