Спорт

Линдердің өлімі: ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен шеттетілді

Бақыт Ахметов - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2021
Жазылу
Мұндай шешім атлеттер мен жаттықтырушылардан түскен шағымдарды қарау қорытындысы бойынша қабылданды

НҰР-СҰЛТАН, 19 қазан – Sputnik. Бақыт Ахметов ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен шеттетілді. Бұл туралы Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы хабарлады.

"Бұл шешім Алматыда мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы басшылығының ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабына қатысты атлеттер мен жаттықтырушылардан түскен шағымдарды қарау қорытындысы бойынша қабылданды", - делінген хабарламада.

Федерация Ұлттық Олимпиада комитетімен бірлесіп, алдағы ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты кезінде ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабына үміткерлерді іріктеуді көздеп отыр.

Еске салсақ, қыркүйектің соңында ауыр атлетика федерациясының ерлер ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы Сергей Седов қызметінен шеттетілген болатын.

Линдердің өлімі: ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен шеттетілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2021
Альберт Линдер

Альберт Линдер 17 қыркүйек күні көз жұмды. Ол небәрі 25 жаста болатын. Спортшы өз-өзіне қол салды. Линдер жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы және Азия чемпионы болған. Универсиадада жеңімпаз атанып қана қоймай, рекордқа да қол жеткізді.

Алматы облыстық полиция департаменті ауыр атлет Альберт Линдердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады. Ауыр атлетика федерациясы тергеуге қолдау көрсетуге ниетті екенін жеткізді.

Оқи отырыңыз: 

Альберт Линдердің өлімі: қазақстандық спортшылар шындықтың бетін ашты - видео

Қазақстандық ауыр атлеттер өз медальдерін қоқысқа лақтырып жіберді – видео

Жаңалықтар
0