Спорт

"Denis Ten Memorial Challenge 2021" турнирінің жеңімпаздары анықталды – видео

© Photo : Официальный сайт НОК КазахстанаВ Нур-Султане завершился международный турнир по фигурному катанию Denis Ten Memorial Challenge
В Нур-Султане завершился международный турнир по фигурному катанию Denis Ten Memorial Challenge - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.11.2021
Жазылу
Турнирдің төрешілік құрамына ISU Халықаралық Федерациясының жоғары санатты 36 төрешісі кірді

НҰР-СҰЛТАН, 1 қараша – Sputnik. Нұр-Сұлтанда 28-31 қазан аралығында өткен "Denis Ten Memorial Challenge 2021" II Халықаралық турнирінің қорытындысы шығарылды.

Жарысқа 16 елдің спортшылары қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ұлттық олимпиада комитеті турнирдің жарқын сәттерінің видеосын бөлісті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhstan Olympic Team (@olympickz)

Жарыс "Барыс Арена" мұз сарайында өтті. Мәнерлеп сырғанаудан "Denis Ten Memorial Challenge" Халықаралық турнирі халықаралық конькимен жүгірушілер одағының (ISU) қолдауымен "Challenger" сериясының жетінші кезеңі болып табылады. Спорттық жарыстар осымен екінші рет өткізіліп отыр, шараны мәдениет және спорт министрлігі, Ұлттық Олимпиада комитеті және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен Денис Тен қоры ұйымдастырды.

Естеріңізге сала кетейік, жарыс жасөспірімдер мен ересектер арасында жеке және жұптық сырғанаудан, сондай-ақ мұз үстінде билеуден өткізілді. Турнирге 16 елден спортшылар қатысты, қатысушылар қатарында 2021 жылғы Әлем чемпионатының жүлдегерлері, 2022 жылғы Пекинде өтетін Олимпиада марапаттарына үміткерлер бар.

© Photo : Официальный сайт НОК Казахстана"Denis Ten Memorial Challenge 2021" қатысушылары
Denis Ten Memorial Challenge 2021 турнирінің жеңімпаздары анықталды – видео - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.11.2021
"Denis Ten Memorial Challenge 2021" қатысушылары

Спорттық іс-шараның қонақтары Олимпиада чемпиондары, халықаралық турнирлердің жүлдегерлері Алексей Урманов, Анжелика Крылова, Сергей Давыдов, Федор Климов болды.

Турнирдің төрешер құрамына ISU Халықаралық Федерациясының жоғары санатты 36 төрешісі кірді.

Жарыс нәтижелері келесідей:

Ерлер, жекелеген разряд

1. Петр Гуменник (Ресей)
2. Марк Кондратюк (Ресей)
3. Андрей Мозалев (Ресей)

Әйелдер, жекелеген разряд

1. Виктория Сафонова (Беларусь)
2. Екатерина Рябова (Әзербайжан)
3. Анастасия Шаботова (Украина)

Мұзда билеу:

1. Анастасия Скопцова / Кирилл Алешин (Ресей)
2. Александра Назарова / Максим Никитин (Украина)
3. Елизавета Худайбердиева / Егор Базин (Ресей).

Жарыс атақты мәнерлеп сырғанаушылар мен олардың шәкірттерінің қатысуымен өткен гала қойылыммен аяқталды.

Іс-шара барлық санитарлық нормалар мен карантин талаптарын сақтай отырып өткізілді.

Жаңалықтар
0