Спорт

"Барыстан" кеткен Диц жаңа командасы туралы айтып берді

© Официальный сайт ХК "Барыс"Даррен Диц
Даррен Диц - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.12.2021
Жазылу
Хоккейші Ресей астанасындағыдай көлік кептелісін өмірінде көрмегенін бөлісті. Ол жаңа командаға жаттығусыз барған
НҰР-СҰЛТАН, 27 желтоқсан — Sputnik. ЦСКА-ның жаңа қорғаушысы Даррен Диц командасына және  Ресей астанасына қалай бейімделіп жатқанын бөлісті, деп хабарлайды Sport24.ru.
КХЛ чемпионаты аясындағы матчта ЦСКА минскілік "Динамо" командасын 6:4 есебімен ұтты. "Барыстан" кеткен Диц жаңа клуб үшін өзінің алғашқы шайбасын лақтырды.
"Маған біраз қиын болды, бірақ ештеңе етпейді. Мен мұнда жаттығусыз үзіліс кезінде келдім. Жігіттер мені жылы қабылдады. Барынша көмектесіп, жаңа ұжымда өзімді жайлы сезініп, ең жақсы ойын көрсететіндей жағдай жасауда", - деп жариялады Дицтің сөзін ҚХЛ ресми сайты.
Сондай-ақ, хоккейші Мәскеу пәтеріне көшіп келгенін және Ресей астанасындағыдай кептелісті өмірінде көрмегенін айтты.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0