Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 1 тамыз

© Sputnik / Владислав ВодневКүнтізбе - 1 тамыз
Күнтізбе - 1 тамыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл күн - Григориан күнтізбесі бойынша 213-ші күн, жыл соңына дейін 152 күн бар

1 тамызда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

1 тамызда қандай айтулы оқиға болды

Бүгін техникалық қызмет көрсету мамандарының мерекесі. Мейрамды осы сала мамандары ғана емес, колл орталық пен қызмет көрсету қызметінде жұмыс істейтіндер де атап өтеді. Автоматтандыру, роботтану, компьютерлену заманында техникалық қызмет көрсету маманына сұраныс зор. Жұмыс оңай болмағанымен, өте қызықты. 1 тамыз күні колл орталықтың операторлары, инженерлер мен IT мамандарды құттықтауға ұмытпаңыз. 

Сондай-ақ, бүгін кейбір елдерде Дос күні тойланады. Бұл мереке алғаш рет 1980 жылы Финляндияда аталып өтті. Алайда күнтізбеде 1996 жылы ғана пайдпа болды. Статистикаға сәйкес, Финляндияда сатып алынатын ашық хаттар саны бойынша бұл күн Рождестводан асып түседі. 

Ресейде кәсіби мереке тойланады – Арнайы байланыс қызметінің құрылған күні. Бұл мейрам 1939 жылдың 1 тамызынан бастап аталып өтеді.

Швейцарияда ең байырғы мерекелердің бірі Конфедерациялар күні тойланады. 1994 жылдан бастап демалыс күні ретінде ресми жарияланған.

Сондай-ақ, Бірінші дүниежүзілік соғыс құрбандарын еске алу күні.

1 тамызда әлемде болған тарихи оқиғалар

1876 жылы Колорадо АҚШ-тың 38-інші штаты болды;

1927 жылы Қытайдың Ұлттық азат ету әскері құрылды;

1941 жылы алғашқы джип шығарылды;

1964 жылы "Маяк" мемлекеттік радиокомпаниясы алғаш рет тікелей эфирге шықты;

1957 жылы Израиль фунты қолданысқа енгізілді.

1 тамызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1967 жылы Аюханов Болат тек Қазақстан өнері мен мәдениетінің тарихында ғана емес, бүкіл Кеңес Одағында алғашқы "Алматының жас балеті" хореографиялық миниатюрасының негізін қалап, оның жетекшісі, орындаушысы және концертмейстері атанды;

1991 жылы Көкшетауда Ақан серінің ескерткіші қойылды;

2008 жылы Петропавлда "Абылай ханның резиденциясы" музей-кешені ашылды;

2013 жылы Алматы қаласындағы АҚШ-тың бас консулдығы алғаш рет Қазақстан азаматтарына 5 жылға виза бере бастады. Қазақстан – Орталық Азияда мұндай виза түрін беруге құқық алған алғашқы мемлекет.

1 тамызда дүниеге келген танымал тұлғалар

1933 жылы танымал америкалық режиссер және актер Дом ДеЛуис дүниеге келді;

1944 жылы ұшқыш-ғарышкер, Кеңес Одағының батыры Юрий Викторович Романенко өмірге келді;

1931 жылы жеңіл атлет, Олимпиада ойындарының чемпионы Гарольд Коннолли дүниеге келді.

1 тамызда Қазақстанда кім туды

1930 жылы композитор, КСРО халық әртісі, ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Еркеғали Рахмадиев өмірге келді;

1863 жылы саналы ғұмырын қазақ музыка аспаптарын дамытуға арнап, дәстүрлі көне музыка аспаптарын жетілдіру ісімен айналысқан, түрлі халықаралық деңгейдегі көрмелерге қатысқан қазақтың тұңғыш қолөнер шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Қамар Қасымов дүниеге келді;

1958 жылы палуан, самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Алмас Мұсабеков дүниеге келді;

1961 жылы мемлекет және қоғам қайраткері, бұрынғы денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова дүниеге келді;

1978 жылы бұрынғы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Ұлттық банк төрағасының орынбасары Мәдина Әбілқасымова дүниеге келді. 

Ай күнтізбесі

Ай Арыстан белгісінде болады. Бос сөзге уақытты зая кетірмей, іске кірісіңіз. Басты міндет - негізгі мақсатыңызды айқындау. Бұл күні күйзеліске берілмей, жаман ойлардан аулақ болған жөн. Әр қадамды мұқият ойлану керек.

Жаңалықтар
0