Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 2 тамыз

© Sputnik / Владислав ВодневКүнтізбе - 2 тамыз
Күнтізбе - 2 тамыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл - Григориан күнтізбесі бойынша 214-ші күн, жыл соңына дейін 151 күн бар

2 тамызда не болғанын білесіз бе?

Бұл күн туралы толығырақ Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

2 тамызда қандай қызықты оқиға болды

Бұл күні Ресей, Украина, Беларусь және ТМД-ға мүше басқа да елдерде "ВДВ үшін" деп ұрандатады. Әуе десанты әскері күні қатардағы және запастағы әуе десанты әскерилерінің кәсіби мерекесі. Дәстүрлі түрде көптеген қалада мейрамға орай концерттер өтіп, десантшылар әскери дайындығын көрсетеді. 

Сондай-ақ бүгін пошта жәшігінің пайда болған күні. Тарихқа үңілсек, алғашқы пошта жәшігі Франция астанасы – Парижде 1653 жылы орнатылған. Ал жиырмасынша ғасырда бұл салада үлкен өзгерістер болып, қарқынды дамыды. Қазіргі уақытта пошта қызметі әлі күнге дейін сұранысқа ие.

Әзербайжанда бұл күні кинематографтың кәсіби мерекесі аталып өтеді. 

2 тамызда әлемде болған тарихи оқиғалар

1790 жылы АҚШ-та алғашқы халық санағы өткізілді;

1972 жылы Ливия мен Мысырды бір мемлекетке біріктіру туралы келісімге қол қойылды;

1812 жылы Одессада оба эпидемиясы басталып, әрбір оныншы азамат көз жұмды;

1981 жылы қазіргі уақыттағы танымал "MTV" телеарнасы іске қосылды, алты жылдан кейін ол Еуропада жұмыс істей бастады; 

1996 жылы Ресейде соңғы өлім жазасы орындалды. Бұл күні он бір жасөспірімді өлтірген қылмыскер Сергей Головкин атылды.

2 тамызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1995 жылы Мысыр астанасы Каирде Абай Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толуына орай салтанатты кеш өтті;

2007 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы Сеулде таныстырылды; 

2016 жылы БҰҰ есебінің мәліметтеріне сәйкес Қазақстан электронды үкіметті дамыту бойынша Азия елдері арасында жетінші орынға ие болды.

2 тамызда дүниеге келген танымал тұлғалар

1939 жылы америкалық кинорежиссер, продюсер Уэс Крэйвен дүниеге келді;

1941 жылы француз иммунологы және цитологы, физиология және медицина саласындағы Нобель сыйлығын алған Жюль Хоффман дүниеге келді; 

1951 жылы америкалық рок әнші, Rainbow  және Deep Purple топтарының мүшесі Джо Линн Тернер дүниеге келді;

1973 жылы америкалық  сценарист, продюсер және актер Саймон Кинберг дүниеге келді;

1976 жылы австралиялық актер Сэм Уортингтон дүниеге келді

2 тамызда Қазақстанда кім туды

1952 жылы мемлекет және ғылым қызметкері Махмұд Қасымбеков дүниеге келді;

1954 жылы белгілі әнші, Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі Мәдина Ерәлиева дүниеге келді;

1972 жылы қоғам және мемлекет қайраткері Асқар Жұмағалиев дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Бұл күні маңызды келіссөздер мен келісімдерге қол қоюдан бас тартқан жөн. Өйткені әншейін нәрсе кедергі болуы мүмкін. Қайғылы оқиғалар болуы ықтимал, от пен өткір заттардан аулақ болған абзал.

Жаңалықтар
0