Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 6 тамыз

© Sputnik / Владислав ВодневКүнтізбе - 6 тамыз
Күнтізбе - 6 тамыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл – Григориан күнтізбесінде 218-ші күн. Жылдың соңына дейін 147 күн бар

6 тамызда не болғанын білесіз бе? 

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз. 

6 тамызда әлемде қандай айтулы оқиға болды

Бүгін адамзат, әсіресе, медицина қызметкерлері өте маңызды мереке – "Әлем дәрігерлері бейбітшілік үшін" халықаралық күнін атап өтеді. Бұл оқиға әлемдегі бейбітшілікті қалайтын барлық адамның басын біріктіреді. Адамдар басы ауырып, балтыры сыздаса ақ халатты абзал жандарға жүгінеді. Дәрігерлердің жауапкершілігі де мол, атқаратын жұмыстары да баршылық.   

Бүгін Ямайка ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнін тойлап жатыр. Мереке 1962 жылы Ұлыбританиядан тәуелсіздік алғанына бір жыл толу құрметіне бекітілген. Бұл күні елде бүкілхалықтық серуендер, мерекелік шаралар мен отшашу ұйымдастырылады. Ежелде Ямайканы үндістер мекендеген. Ямайканың жаңа тарихы 1498 жылы 5 мамырдан, Христофор Колумб өзінің екінші саяхаты кезінде оның жағасына аяқ басқан кезде басталды. Сол кезде Ямайкада (аборигендер оны "Хамайка" деп атаған) жүз мыңнан аса үндіс-аравак тұрған. Колумб Ямайканың атауын Сантьяго деп өзгертті. 1517 жылы бұл жерге Африкадан құлдар жеткізіле бастады – қант құрағын өсіру керек болатын. 1558 жылы Ямайка Ұлыбритания құрған Вест-Үнді (Кариб) федераиясының құрамына енді. Бірақ 1961 жылы Ямайка тұрғындары референдумда Федерация құрамынан шығуға дауыс берді. 1962 жылы 6 тамызда Ямайканың тәуелсіздігі жарияланды. 

6 тамызда әлемде болған тарихи оқиғалар 

1890 жылы қаскөй Уильям Кеммлер электрлі орындық арқылы өлім жазасына кесілген алғашқы адам болды; 

1889 жылы қолғапсыз соңғы бокс жекпе-жегі өткізілді;

1866 жылы Ванкувер аралы Британ Колумбиясының құрамына енгізілді;

1914 жылы Австрия-Венгрия Ресейге соғыс жариялады;

1932 жылы бірінші Венециан кинофестивалі ашылды; 

1991 жылы алғашқы интернет-сервер пайда болып, ғаламтор парақтары үшін WWW (World Wide Web) стандарты бекітілді.

6 тамызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар 

1969 жылы Қазақ КСР "Неке және отбасы туралы" кодексі бекітілді;

2003 жылы Жамбыл облысында фосфор саласының кеншілеріне арналған ескерткіш салтанатты түрде ашылды;

2012 жылы Лондонда өткен ХХХ  жазғы олимпиада ойындарында жеңіл атлетика жарысында қазақстандық спортшы Ольга Рыпакова алтын медаль жеңіп алды; 

2014 жылы Алтайдан археологиялық қазба жұмыстары кезінде шамамен VII ғасырда өмір сүрген 40 жастағы сарбаздың сүйегі табылды;

6 тамызда дүниеге келген танымал тұлғалар

1817 жылы орыс ақыны, сатирик, сықақшы Петр Шумахер дүниеге келді;

1928 жылы америкалық суретші, продюсер, дизайнер, жазушы Энди Уорхол өмірге келді. "homo universale" идеологиясының негізін қалаушы;

1947 жылы кеңестік хоккейші, екі дүркін Олимпиада чемпионы (1968, 1972), хоккей бапкері, телекомментатор Евгений Зимин туды. КСРО еңбек сіңірген спорт шебері (1968);

1972 жылы британиялық әнші, "Spice Girls" тобының бұрынғы солисі Джери Холлиуэл дүниеге келді. 

6 тамызда Қазақстанда кімдер туды

1948 жылы кинотанушы, кино тарихшысы,  кино сыншы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бауыржан Нөгербек дүниеге келді;

1949 жылы кеңестік футболшы, қақпашы, Қазақ КСР еңбек сіңірген бапкері Құралбек Ордабаев туды;   

1975 жылы қазақстандық дипломат Абзал Сапарбекұлы өмірге келді;

1984 жылы қазақстандық футболшы Мақсат Байжанов туды;

Ай күнтізбесі 

Суқұйғыш белгісіндегі Ай толысады. Алдағы іс-әрекетті жоспарлауға қолайлы уақыт. Әсіресе ұсақ-түйек нәрселерге назар аудару қажет. Бірақ алыс сапарлар мен саяхаттардан бас тарта тұрған жөн.

Жаңалықтар
0