Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 7 тамыз

© Sputnik / Владислав ВодневКүнтізбе - 7 тамыз
Күнтізбе - 7 тамыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл Григориан күнтізбесінде 219-шы күн. Жылдың соңына дейін 146 күн бар

7 тамызда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

7 тамызда әлемде қандай қызықты оқиғалар болды

Бүгін Кот-д'Ивуар Республикасының ұлттық мейрамы Тәуелсіздік күні  аталып өтеді. Кот-д`Ивуар XIX ғасырдың соңында Францияның отарына айналған еді. Сол уақыттарда елді азат ету үшін қозғалыс құрылып, оны Феликс Уфуэ-Буаньи басқарды. 1946 жылы Кот-д`Ивуар Францияның теңіздің ар жағындағы аумағы мәртебесін алды. Осыдан кейін Феликс сол елдің өкілі ретінде француз парламентінің жұмысына қатысып жүрді. Ал 1957 жылдан бастап Франция министрлері кабинетінің мүшесі атанып, отаршылдық саясат мәселелеріне жауапты болды. 1958 жылы Кот-д`Ивуар халқы референдум кезінде елдің Франция қауымдастығына кіруін қолдады. 1960 жылы 7 тамызда Кот-д`Ивуардың тәуелсіздігі жарияланды. Тұңғыш президент қызметін 1993 жылға дейін Феликс Уфуэ-Буаньи атқарды.

Сондай-ақ, бүгін Тынық мұхитындағы Кирибати Республикасының халқы Жастар күнін мерекелеп жатыр. Ұлттық мейрамның негізгі мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Бұл күні футбол, волейбол, бокс, теннис, баскетбол, күрестен спорттық сайыстар ұйымдастырылады. Мереке салтанатты шерумен ашылып, жастар клубтары мен христиандық жастар топтары арасындағы спорттық сайыстарға жалғасады. Жарысқа қатысқысы келмейтін қыз-жігіттер де назардан тыс қалмайды: олар ән айтып, би билеп, көңіл көтереді.

Бүгін – Бойдақтар күні. Халқы ең көп Қытайда бойдақтар мерекесі сонау 1990 жылдардың соңында пайда болды. Кейін бұл датаны кәрі құрлық елдері де атап өте бастады. Бүгін отбасын құрмаған қыз-жігіттер достарымен кездесіп, уақытты көңілді өткізе алады.

7 тамызда әлемде болған тарихи оқиғалар

1840 жылы Англияда балаларды мұржа тазалаушы ретінде пайдалануға тыйым салынды; 

1858 жылы ағылшын патшайымы Виктория Оттаваны Канаданың астанасы ретінде таңдады;

1970 жылы әлемде алғаш рет компьютерлік шахмат турнирі өткізілді; 

1998 жылы АҚШ-тың Кения мен Танзаниядағы елшіліктерінде теракт жасалды. Салдарынан 250-ге жуық адам қаза болып, 4 мыңнан астамы жараланды;

1993 жылы Лондонда алғаш рет Букингем сарайының бір бөлігі туристер үшін ашылды. 

7 тамызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1958 жылы КОКП ОК-ның Маңғыстау түбегін игеру туралы қаулысы қабылданды;

1998 жылы Анкарада Абай паркі салтанатты түрде ашылды; 

2006 жылы Батыс Қазақстаннан б.з.д VI-V ғасырларға тиесілі бірегей археологиялық құндылықтар табылды; 

2017 жылы Торайғыр көлінің жағалауынан біздің заманымызға дейінгі VIII-VI ғасырларға тән обалар табылды.

7 тамызда туған танымал тұлғалар

1925 жылы кеңестік театр және кино әртісі Борис Рунге дүниеге келді. РКФСР еңбек сіңірген әртісі (1967). Польшаның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері (1976). РКФСР Халық әртісі (1985);

1947 жылы КСРО халық әртісі, әнші София Ротару өмірге келді; 

1960  жылы америкалық актер, сценарист, продюсер, режиссер, жазушы және музыкант Дэвид Духовны туды; 

1966 жылы Википедияның негізін қалаған Джимми Уэйлс дүниеге келді;

1978 жылы ресейлік рок-әнші, музыкант, бірқатар әннің авторы Юлия Чичерина өмірге келді.

7 тамызда Қазақстанда кімдер туды

1946 жылы киноактер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Меңтай Өтепбергенов дүниеге келді;

1966 жылы қоғам қайраткері, мәжіліс депутаты, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бекболат Тілеухан өмірге келді; 

1980 жылы музыкант, виолончелист, халықаралық конкурстардың лауреаты Ермек Құрманаев туды. 

Ай күнтізбесі

Бұл күні әбігерленіп, асығуға болмайды. Өз өміріңіз жайлы бір сәтке ойланып, осыдан сабақ алған жөн. Алдағы мақсатты айқындап, өткенге көз жүгірткен абзал. Өзгелердің емес, өзіңіздің арман-мақсаттарыңызды бірінші орынға қойыңыз. Ішкі түйсігіңізге сеніңіз, олар сізге жол көрсетеді.

Жаңалықтар
0