Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 27 тамыз

© Sputnik / Владислав ВодневКүнтізбе - 27 тамыз
Күнтізбе -  27 тамыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл григориан күнтізбесінде 239-ші күн. Жыл соңына дейін 126 күн бар

27 тамызда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

27 тамызда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін Молдова Республикасының мемлекеттік мейрамы - Тәуелсіздік күні. Молдова - Еуропаның оңтүстік-шығысында орналасқан мемлекет. Солтүстігі, шығысы және оңтүстігі Украинамен, батысы Румыниямен шектеседі. Астанасы - Кишинев қаласы. Қазақстан Республикасы мен Молдова арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылы 31 шілдеде орнатылды.

Ресей Федерациясында кино күні аталып өтуде. Ресейде алғашқы фильмнің премьерасы 1908 жылы 15 қазанда өтті. Ол режиссер Владимир Ромашковтың "Понизовая вольница" атты туындысы болатын. Алғашқы ресейлік фильм небәрі 7 минутқа созылды. Ал ең бірінші толықметражды ресейлік көркем фильмнің атауы - "Броненосец Потомкин". Эйзенштейннің осы әйгілі фильмі экранға 1926 жылы шықты.

Иранда фармацевтер күні тойланып жатыр. Иран еліндегі бұл кәсіби мереке парсы дәрігері, алхимик және философ Әбу Бакр Мұхаммад әр-Разидің туған күніне орай белгіленген.

АҚШ-та Ұлттық мұнай күні. Америкада алғашқы мұнайды 1858 жылы 27 тамыз күні Пенсильвания штатындағы Титусвиллде Эдмин Дрейк есімді тұрғын тапқан болатын.

Ал Украинада шошқа етіне арналған мерекелік шаралар өтіп жатыр. Бұдан бөлек, әлем бойынша банан күні аталып өтеді. Банан - әлемдегі ең танымал жемістердің бірі. Орта есеппен Жер бетіндегі әр адам бір жыл ішінде 15 келідей (100 данаға жуық) банан жейді.

27 тамызда әлемде болған тарихи оқиғалар

1783 жылы Париждің үстімен алғаш рет аэростат ұшып өтті;

1912 жылы Эдгар Райс Берроуз Тарзан туралы алғашқы әңгімесін жарыққа шығарды;

1946 жылы АҚШ-та ұшқыштың катапультті орындығы алғаш рет сынақтан өтті;

1955 жылы Гиннестің рекордтар кітабының алғашқы басылымы шықты.

27 тамызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1992 жылы Алматыдағы Кино үйінде А.Әшімовтың "Елім-ай" киностудиясы түсірген "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" фильмінің премьерасы болды;

1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды;

2007 жылы Ақтауда жоспарланып отырған Ақтау-Сити құрылысының аумағында сексеннен астам тарихи құнды ескерткіштері бар 28 тарихи-археологиялық кешен табылды;

2015 жылы Астанада Қазақстан үкіметі мен Халықаралық атом энергиясы агенттігі (МАГАТЭ) арасында Төмен байытылған уран банкін құру туралы келісімге қол қойылды;

2016 жылы Ақмола облысының Бурабай кентінде өткізілген қайырымдылық аукционында боксшы Геннадий Головкиннің былғары қолғабы сегіз миллион теңгеге, Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің жейдесі 1 млн 450 мың теңгеге сатылды;

2017 жылы қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Бейжіңде өткен 2017 Fresh Asia music Festival жаңа әндер фестивалінде "Жылдың үздік шетелдік шығармашылық тұлғасы" аталымының жеңімпазы атанды.

27 тамызда дүниеге келген танымал тұлғалар

1770 жылы неміс философы, диалектиканың жүйелі теориясын жасаушы Гегель Георг Вильгельм Фридрих дүниеге келді;

1896 жылы танымал театр және кино әртісі Фаина Раневская дүниеге келді;

1941 жылы украин әртісі Богдан Ступка дүниеге келді.

27 тамызда Қазақстанда кім туды

1925 жылы мүсінші, ұлттық кәсіби мүсін өнерінің негізін салушылардың бірі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Хакімжан Наурызбаев дүниеге келді;

1928 жылы танымал ақын, аудармашы, журналист Қабдыкәрім Ыдырысов дүниеге келді;

Ай күнтізбесі

Ай Шаян белгісінде болады. Ақшаны қарызға беру жағынан абай болған жөн. Себебі осы күні қарызға берілген ақшаны ұзақ уақыт күтуге тура келеді. Жақын адамды ренжітіп алу қаупі бар. Сондықтан эмоцияны барынша ұстау қажет. Бұл күн сейсенбіге түсіп тұр. Энергиясы көп адамдардың жолы болады. Сондықтан белсенді жұмыс жасауға болады.

Жаңалықтар
0