Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 3 қыркүйек

© Sputnik / Владислав ВодневКүнтізбе - 3 қыркүйек
Күнтізбе - 3 қыркүйек - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Григориан күнтізбесі бойынша 246-шы күн, жылдың соңына дейін 119 күн бар. Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз

3 қыркүйекте қандай қызықты оқиға болды

1984 жылы 3 қыркүйекте белгілі генетик Алек Джеффриз ДНҚ-ның бірегейлігін және қайталанбайтынын дәлелдеп, оны "генетикалық ізтаңбалар" тізбегі деп атады. Бұл генетикалық саусақ іздерін дамытудағы алғашқы қадам болды. Сондықтан бүгін ДНҚ-ның бірегейлігі ашылған күн аталып өтеді.

Сондай-ақ, бүгін бейресми, бірақ әйелдер арасында өте танымал – Төстартқыштың туған күні аталып өтеді. 1900 жылы француз әйелі Эрмин Кадоль Дүниежүзілік көрмеде жұртшылыққа төстартқыштың қазіргі үлгісін таныстырды. Қызықты дерек: Victoria's Secret компаниясы Fantasy bra деген атаумен бірегей, 4 200 гауһармен безендірілген төстартқыш жасап шығарды, ол 10 миллион долларға бағаланды. 

Бүгін Австралия өзінің ұлттық мерекесі – Ту күнін атап өтеді. Ал Катар Тәуелсіздік күнін, Молдавия Ұлттық әскер күнін тойлайды.

1955 жылдан бері Тунисте тәуелсіздік қозғалысы күні аталып келеді.

3 қыркүйекте әлемде болған тарихи оқиғалар 

1791 жылы Францияның алғашқы Конституциясы жарияланды;

1912 жылы Англияда әлемдегі алғашқы консерві зауыты жұмыс істей бастады;

1976 жылы Viking-2  ұшқышсыз аппараты Марсқа қонды;

1996 жылы Америка Құрама Штаттары Иракқа зымыранмен соққы жасады ("Шөлдегі шабуыл" операциясы);

2014 жылы "Полайн" кемесі Жапония теңізінде апатқа ұшырады. 

3 қыркүйекте Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1928 жылы Алматы округі құрылып, оның құрамына 21 аудан (Ленин, Талғар, Шымкент, Жаркент, Балқаш, т.б.) енді;

1992 жылы Қазақстан президентінің "Президенттің бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығы туралы" жарлығы жарияланды;

1998 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданының атауы Қарасай ауданы болып өзгерді;

2007 жылы Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен қазақ-түрік лицейінің ашылуы өтті;

2009 жылы Ақмола облысының Щучье ауданы Бурабай ауданы деп өзгертілді. 

3 қыркүйекте дүниеге келген танымал тұлғалар 

1914 жылы кеңестік театр және кино актері, Сталин сыйлығының лауреаты Иван Переверзев дүниеге келді ("Иван Никулин", "Адмирал Ушаков", "Алғашқы қолғап");

1944 жылы Ресейдің кино актері Борис Сморчков дүниеге келді ("Мәскеу көз жасына сенбейді");

1965 жылы америкалық актер, Мартин Шиннің кенже ұлы Чарли Шин дүниеге келді ("Достар" телехикаясы, "Өте қорқынышты кино 4", "Өте қорқынышты кино 5"); 

1965 жылы кеңестік театр және кино актері, актер Олег Табаковтың әйелі Марина Зудина дүниеге келді.  

3 қыркүйекте Қазақстанда кім туды

1927 жылы дирижер, Қазақстанның халық әртісі Тұрғыт Османов дүниеге келді;

1939 жылы ғалым-археолог, Ш.Уәлиханов атындағы Қазақ ғылым академиясы сыйлығының лауреаты Сержан Ақынжанов дүниеге келді; 

1957 жылы театр және кино актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Наталья Долматова дүниеге келді ("Тоғысқан тағдырлар", "Рэкетир", "Мәміле");

1960 жылы бірінші шақырылған Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты, тұңғыш қазақ тілінде жазылған "Халықтың көші-қоны туралы" заңының авторы Әкім Ысқақ дүниеге келді;

1986 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, балуан, Олимпиада ойындарының жүлдегері Ақжүрек Таңатаров дүниеге келді. 

Ай күнтізбесі 

Ай Егіздер белгісінде орналасады. Бұл күні арандатушылық әрекеттер мен өзгерістер көп болады. Кедергілер мен қиындықтарға кез болсаңыз, сабыр сақтаңыз. Жанжалдар мен қақтығыстардан аулақ болыңыз. 

Жаңалықтар
0