Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 7 қыркүйек

© Sputnik / Руслан Кривобок / Медиабанкке өтуТұрмыстық қалдықтар полигоны, архивтегі фото
Тұрмыстық қалдықтар полигоны, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл Григориан күнтізбесінде 250-ші күн. Жыл соңына дейін 115 күн бар

7 қыркүйекте не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

7 қыркүйекте әлемде қандай қызықты оқиғалар болды

Бүгін –  соғыс ойыншықтарын жою күні. Өткен ғасырдың 80-ші жылдарында "Әлемдегі ата-анасының қамқорынсыз қалған жетім балаларды қорғау" ұйымы осындай бастама көтереді. Бірқатар елде аталған мереке 1988 жылдан бастап аталып өтеді. Бұл күні соғыс ойыншықтарын тәтті мен жұмсақ ойыншықтарға ауыстыру игі дәстүрге айналған. 

АҚШ-та аталып өтетін Салями күнін де ерекше мерекелердің қатарына жатқызуға болады. Идея шұжықтың осы түрін сүйіп жейтін қос құрбыға тиесілі. Кристина мен Вирджиния үйлерінде отырып, әлеуметтік желілерде салямиді жақсы көретіндердің тобын құрған. 

Бір қызығы, мерекені америкалықтар атап өтсе де, ең ұзын салями АҚШ-та емес, Қытайда дайындалған. Оның ұзындығы 2,2 метр, салмағы 65 келіні құрапты. 

Ал Бразилияда бүгін ұлттық мейрам – Тәуелсіздік күні.

7 қыркүйекте әлемде болған тарихи оқиғалар 

1812 жылы – 19-шы ғасырдың басындағы ең қанды қырғынның бірі Бородино шайқасы болды;

1918 жылы – Ресей телеграф агенттігі құрылды; 

1939 жылы – Германияда "халықтың қорғаныс қуатына қауіп төндіргені үшін" өлім жазасы енгізілді; 

1992 жылы –  "Коммерсант" газетінде алғаш рет "жаңа орыстар" термині қолданылды.

7 қыркүйекте Қазақстанда болған тарихи оқиғалар 

1991 жылы – Қазақстанның социалистік партиясы құрылды; 

2004 жылы – Астанада синагоганың ашылу рәсімі өтті; 

2004 жылы – Қазақстан әйелдерінің IV форумы ашылды; 

2007 жылы – Шығыс Қазақстан облысының Глубокое кентінде базальт тау жынысынан минерал-мақта бұйымдарын өндіретін "Изатем" жаңа зауыты іске қосылды.

2015 жылы – Таразда Ұлы Отан соғысының ардагері, партия қызметкері Алтай Қартабаевтың құрметіне мемориалды тақта ашылды.

7 қыркүйекте әлемде туған танымал тұлғалар 

— 1894 жылы француз ақыны Поль Элюардың, кейіннен әйгілі суретші Сальвадор Далидің әйелі болған Гала Дали дүниеге келді; 

— 1923 жылы орыс ақыны Эдуард Асадов туды; 

— 1925 жылы киносценарийші, "Ералаш" балалар киножурналының бас редакторы Александр Хмелик өмірге келді; 

— 1959 жылы ресейлік театр және кино әртісі Олег Штефанко ("Бедная Маша", "Бухта смерти", "Ничего личного") дүниеге келді.

7 қыркүйекте Қазақстанда кімдер өмірге келді 

1919 жылы күйші-домбырашы, Қазақ КСР халық әртісі Рүстембек Омаров туды;

1933 жылы допты хоккейден спорт шебері, КСРО чемпионатының 4 мәрте қола, 5 мәрте күміс жүлдегері және чемпионы Қазбек Байболов дүниеге келді;

1946 жылы "Простор" журналының бас редакторы, журналист, жазушы, Валерий Федорович Михайлов өмірге келді;

1948 жылы медицина ғылымының докторы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Уәлихан Жақыпов туды;

1954 жылы Мәжіліс депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Михаил Чирков дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Арыстан белгісінде орналасады. Бұл күні уақытты қордаланып қалған мәселелерді шешуге бөлген дұрыс. Бүгін өмірге басқа көзқараспен қарап, назардан тыс қалған дүниелерге көңіл бөлетін сәт. Аға буын өкілдерімен емен-жарқын әңгіме ақылыңызға ақыл қосады. 

 


Жаңалықтар
0