Құм үстінде тұрған смайл

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 19 қыркүйек

141
Бұл күн Григориан күнтізбесіндегі 262-ші күн. Жыл соңына дейін 103 күн қалды

19 қыркүйекте не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын дерекқорынан оқыңыз.

19 қыркүйек күні әлемде қандай қызық оқиғалар болды

Бүгін әлемдегі позитивті мерекелердің бірі — смайликтер күні. Әрбір компьютерлік "тірі" кейіпкердің өзіндік пайда болу тарихы бар. Алғаш рет ол 1982 жылы CMU Карнеги Меллон университетінде пайда болды. Смайлдар интернет қолданушыларының барлығына дерлік ұнайды. Себебі, оның көмегімен кез келген мәтінді түрлендіре түсуге болады. Күн өткен сайын олардың саны артып келеді.

Сондай-ақ, бүгін халықаралық теңіз қарақшыларының күні. Аталған мереке күнтізбеге кездейсоқ енгізілді. 1995 жылдың 19 қыркүйегінде Джон Баур мен Марк Саммерс есімді екі жасөспірім күні бойы теңіз қарақшыларына ұқсап сөйлесуге келіскен. Бастапқыда бұл мерекені Канада мен Австралия ғана атап өтетін еді.

Ал оптимистер мен романтик жандар бүгін көңіл-күйді жақсылап көтеру мерекесін тойлауда. Грибоедов бұл идеяға байыппен қарауды сұрайды. Кез келген тірі жан шығармашылығы мен қиялына ерік беріп еркін самғауды жөн көреді. Ал сіз неге көңіл-күйсіз жүруіңіз керек?

19 қыркүйек күні әлемде болған тарихи оқиғалар

1838 жылы "тормоз кебісі" атты теміржол тормозы патенттелді;

1864 жылы АҚШ-та бүктелетін көлік орындықтары патенттелді,

1888 жылы Бельгияда әлемде алғаш рет сұлулық байқауы өтті;

1969 жылы Ми-24 арнайы әскери тікұшағы алғаш рет әуеге көтерілді.

19 қыркүйекте Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1988 жылы Қазақстанның алғашқы коммерциялық банктерінің бірі саналатын "БанкЦентрКредит" АҚ құрылды;

2005 жылы Алматыда жаңа ақпараттық-консультациялық "Жасыл телефон" қызметі өз жұмысын бастады;

2005 жылы Жамбыл облысы Шу ауданы Жаңа жол ауылында қазақтың халық батыры Бауыржан Момышұлына арналған ескерткіш орнатылды;

2006 жылы Қазақстанда тұңғыш рет журналистика энциклопедиясы шығарылды;

2011 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың сапары барысында Францияда бірлескен қазақстандық-француздық өндіріс құру туралы келісімге қол қойылды;

2014 жылы Павлодарда 1931 жылы қуғын-сүргінге ұшыраған Жүсіпбек Аймауытовқа ескерткіш ашылды;

2016 жылы Мәскеуде соңғы 14 жылда алғаш рет Астана қаласы күндері өтті.

19 қыркүйекте әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1911 жылы әйгілі "Масалар әміршісі" романының авторы, жазушы Уильям Голдинг дүниеге келді;

1949 жылы ағылшын супермоделі, актриса әрі әнші Твигги туды;

1947 жылы кеңес театры мен киносының актері әрі режиссер, сценарист, сазгер Борис Галкин дүниеге келді;

1969 жылы ресейлік кино әрі театр актрисасы, тележүргізуші Анастасия Мельникова туды. ("Шамдары сынған көше" телехикаясында тергеуші Анастасия Абдулованың рөлін сомдаған).

Қазақстанда кімдер дүниеге келді

1905 жылы ақын Асқар Тоқмағамбетов дүниеге келді;

1916 жылы ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Казақстан ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Әбдірахым Еламанов дүниеге келді;

1926 жылы инженер-геолог, геология-минерология ғылымдарының кандидаты Ахметжан Сәлімбаев дүниеге келді;

1960 жылы "Қазақстан халық банкі" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі Әнуар Сәйденов дүниеге келді;

1973 жылы спортшы, велосипед спортынан халықаралық дәрежедегі шебер, Қазақстан ұлттық құрама командасының мүшесі Андрей Кивилев дүниеге келді;

1984 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының орынбасары Асан Дарбаев дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Тауешкі жұлдыз белгісінде дүниеге келген жандар үшін шығармашылықпен айналысып, өмірден өз орнын және махаббатын іздеуге таптырмас күн.

141
Кілт сөздер:
кітап, актриса, режиссер, театр, мереке, Бауыржан Момышұлы, АҚШ, Алматы, Қазақстан
Тақырып:
Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе (361)
Тақырып бойынша
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 18 қыркүйек
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 17 қыркүйек
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 16 қыркүйек
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 15 қыркүйек
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 14 қыркүйек
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 13 қыркүйек
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 12 қыркүйек
Сайлау, дауыс беру, иллюстративті сурет

Мәжіліс сайлауы: кім дауыс бере алады

374
Мәжіліс сайлауында дауыс беруге құқылы сайлаушылар, дауыс беру уақыты мен тәртібі туралы Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз

Қазақстанның 18 жасқа толған кез келген азаматы, тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауда дауыс беруге құқылы.

Сайлауға сот iс-әрекетке қабілетсiз деп таныған, сондай-ақ сот үкiмiмен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар қатыспайды.

Мәжiлiс депутаттарын сайлаған кезде сайлаушылар тiзiмi жасалады. Азаматтар жасырын дауыс береді және сайлаушылардың еркiн бiлдiруiне қандай да болсын бақылау жасауға тыйым салынады.

Сайлаушылар тізімінде сайлаушының тегi, аты, әкесiнiң аты, туған жылы (он сегіз жастағылар үшiн – қосымша күнi мен айы), жеке сәйкестендіру нөмірі және тұрғылықты мекенжайы көрсетiледi.

Әрбір сайлаушы сайлау жарияланған немесе тағайындалған кезден бастап тиісті әкімдікте сайлаушы ретінде тіркелуге құқылы.

Сайлау күні басқа қалада жүргендер қалай дауыс береді

Егер азамат басқа өңірде жүріп, дауыс беретін күні сайлаушы ретінде тіркелген қаласына бара алмайтынын білсе, онда өзі жүрген қаланың әкімдігіне жүгінуге құқылы. Жазбаша өтiнiшті сайлаудан кемінде отыз күн бұрын беру керек.

Азамат өтiнiш жасаған соң, әкімдік оны тiркелген жері бойынша сайлаушылар тiзiмiнен шығарып, сол қаладағы дауыс беретiн учаскенiң сайлаушылар тiзiмiне енгiзеді.

Дауыс беру уақыты

Дауыс беру сайлау күнi жергiлiктi уақытпен сағат 07.00-ден 20.00-ге дейiн өткiзiледi.

Алайда учаскелiк сайлау комиссиялары басқа уақытты белгiлей алады. Бұл орайда дауыс берудi сағат 06.00-ден ерте бастап, сағат 22.00-ден кеш аяқтауға болмайды.

Учаскелiк сайлау комиссиясы азаматтарды дауыс беретiн уақыт пен орын туралы сайлау өткiзiлетiн күнге дейiн он күннен кешiктiрмей, БАҚ арқылы, сондай-ақ, өзге де әдiстермен хабардар етуі тиiс.

Дауыс беру тәртібі

Учаскелiк сайлау комиссиялары дауыс берудің басталуына бiр сағат қалғанда дауыс беруге арналған учаскелердi аша бастайды.

Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы дауыс беру басталардан 30 минут бұрын комиссия мүшелерiнiң қатысуымен сайлау жәшiктерiнде сайлау бюллетеньдерiнiң бар-жоғын, жәшiктердiң бүтiндiгiн тексередi, дауыс беруге арналған жәшiктерге пломба салады немесе мөр басады.  Комиссияның сайлау бюллетеньдерiн беруге жауапты мүшелерiн белгiлейдi.

Әрбiр сайлаушы өзi дауыс бередi.

Тағы оқыңыз: Мәжіліс сайлауы қашан өтеді

Сайлауда дауыс құқығын басқа бiреуге беруге және сол сияқты басқа адам үшiн дауыс беруге жол берiлмейдi.

Бюллетеньдер сайлаушылар тiзiмі негiзiнде жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен соң берiледi.

Сайлаушылар тiзiмге бюллетеньдердi алғаны туралы қол қояды.

Комиссияның бюллетеньдi берген мүшесi оларға өзiнiң қолын қояды, сондай-ақ бюллетеньдi алған сайлаушының тiзiмдегi тегiнiң тұсына қол қояды.

Сайлау комиссиясы төрағасы мен хатшысының бюллетень бepуге құқығы жоқ.

Дауыс берушiлер сайлау бюллетенiн жасырын дауыс беруге арналған кабиналарда толтырады. Оны толтыру кезiнде кабинаға басқа адамның кіруіне тыйым салынады. Бюллетеньдi өз бетiнше толтыруға мүмкiндiгi жоқ сайлаушы өзi сенетiн адамның көмегiн пайдалануға құқылы.

Бюллетеньге қарындашпен белгi қоюға, сондай-ақ оған қандай да болсын түзету енгiзуге жол берiлмейдi.

Толтырылған бюллетеньдердi сайлаушы дауыс беруге арналған жәшiкке салады.

374
Кілт сөздер:
сайлау, Мәжіліс
Мәжіліс залы

Мәжіліс сайлауы қашан өтеді

709
(Жаңартылды 18:32 27.09.2020)
Қазіргі шақырылымдағы мәжілістің өкілеттігі 2021 жылдың 24 наурызында аяқталады. Қазақстан президенті парламент сайлауының өтетін күнін 2020 жылдың 24 қазанынан кешіктірмей белгілеуі тиіс

Парламент – Қазақстанның заң шығару билігiн жүзеге асыратын республиканың ең жоғары өкiлдi органы.

Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: сенаттан және мәжілістен тұрады.

Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын 107 депутаттан тұрады. Өкілеттік мерзімі - бес жыл.

Сайлауды кім және қалай тағайындайды

Мәжілістің соңғы сайлауы 2016 жылдың 20 наурызында өтіп, бірінші сессия 2016 жылдың 25 наурызында ашылған еді. Тиісінше, қазіргі шақырылымдағы мәжілістің өкілеттігі 2021 жылдың 24 наурызында аяқталады.

Конституцияға сәйкес, мәжілістің кезекті сайлауы парламенттің жұмыс істеп тұрған шақырылымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі.

Осылайша, төменгі палата депутаттарының сайлауы 2021 жылдың қаңтарынан кешіктірілмей өткізілуі тиіс.

"Қазақстандағы сайлау туралы" Конституциялық заңға сәйкес, мәжілістің кезекті сайлауын президент депутаттар өкiлеттігінің бiтуiне кемiнде бес ай  қалғанда тағайындайды.

Мәжілістің 98 депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің 9 депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды.

Үміткерге қойылатын талаптар

Қазақстан азаматтығы бар және ел аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан, жасы жиырма беске толған адам мәжіліс депутаты бола алады.

Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлануға құқығы жоқ.

Мыналар:

  • сотталғандығы белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адам;
  • сот сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп таныған адам парламенттің депутаттығына, оның ішінде партиялық тізімдер бойынша, кандидат бола алмайды.

Мәжiлiс депутаттығына кандидаттар ұсыну

Партиялық тізімдер бойынша сайланатын мәжіліс депутаттығына кандидаттарды тіркелген саяси партиялар, ал Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын кандидаттарды Ассамблея кеңесі ұсынады.

Мәжіліс депутаттығына сайлау үшін адамдарды партиялық тізімге енгізу саяси партияның жоғары органы мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен жүргізіледі. Саяси партиялардың партиялық тізімдерге осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын адамдарды кіргізуге құқығы жоқ.

Егер сайлауды белгілеу кезінде өзгеше көзделмесе, партиялық тізімдер бойынша сайланатын үміткерлерді ұсыну сайлаудан 2 ай бұрын басталып, оған 40 күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады.

ҚХА сайлайтын кандидаттарды ұсыну сайлаудан 1 ай бұрын басталып, оған 20 күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады.

Кандидатураны алып тастау

Партиялық тізімге енгізілген адам Орталық сайлау комиссиясына жазбаша өтініш бере отырып, өз кандидатурасын партиялық тізімнен кері қайтарып ала алады. Бұл жағдайда ОСК партиялық тізімге енгізілген адамды шығару туралы шешім қабылдайды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңесі, ол ұсынған кандидат Орталық сайлау комиссиясына жазбаша өтініш жасай отырып, кандидатураны кері қайтарып ала алады. Бұл жағдайда ОСК кандидатты тіркеудің күшін жою туралы шешім қабылдайды.

709
Кілт сөздер:
сайлау, мәжіліс депутаты, Мәжіліс
Күзгі астана

Қазақстанда 20 қазанда қандай маңызды оқиғалар болады

0
Sputnik Қазақстан 20-29 қазан аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

20 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

09:00 – Үкімет отырысы. Күн тәртібінде ветеринарлық, фитосанитарлық қауіпсіздік, дәрі-дәрмекпен қамту мәселелері талқыланады. Отырыс PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желідегі ресми аккаунттарда көрсетіледі. Байланыс: 8 (7172) 75 00 10, press.kpm@mail.ru.

11.00 – Бернард Шоудың "Пигмалион" пьесасын онлайн оқу. Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының актрисасы оқиды (трансляция театрдың Instagram парақшасында жасалады).

12.30 - Sputnik Қазақстан баспасөз орталығында диктант жазудан халықаралық акцияға арналған Спикерлер: ғарышкер Айдын Айымбетов (диктант оқитын адам), жоба үлестірушісі Лаура Ілиясова, Нұр-Сұлтандағы Ресейдің ғылым және мәдениет орталығының директоры Алексей Коропченко. Байланыс үшін: +7 (747) 2207401 (WhatsApp). Трансляция Sputnik Қазақстан сайты мен YouTube-каналда жасалады.

21 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

14.00 – Мәскеу - Ереван - Минск - Нұр-Сұлтан бейнекөпірі. Іс-шара Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасының орынбасары Тигран Саркисянның қатысуымен Еуразиялық кеңістіктегі COVID-19 пандемиясының таралуына және жағымсыз салдарларын жеңуге және еңсеруге арналған үздік цифрлық шешімдерге арналған Еуразиялық даму банкінің (ЕДБ) цифрлық бастамалар қоры конкурсының қорытындылары аясында өтеді. Бейнекөпірдің трансляциясы Sputnik.kz сайтында және біздің Facebook парақшасында қолжетімді. Спикерге қойылатын сұрақтарды a.nurgazinova@sputniknews.com мекен-жайына жіберуге болады.

23 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР  

19.00 – "Женитьба" қойылымы, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Нұр-Сұлтан, Желтоқсан көшесі 11-13).

26 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР  
Алматы

17.00 – "Счастливые поют" музыкалық қойылымы – қос сахна саңлағы – Фрэнк Синатра мен Эдит Пиафқа арналған қойылым (Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры).

28 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
Нұр-Сұлтан

19.00 – "Мадам Баттерфляй" операсының премьерасы, "Астана Опера" театры (Қонаев көшесі, 1. Байланыс телефоны: +7 (7172) 70 95 94).

29 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

19.00 – "Дикарь. Третье слово" қойылымы, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Нұр-Сұлтан қаласы, Желтоқсан көшесі 11-13).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

0