Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 13 қазан

© Sputnik / Ксения ВоронинаАстанада Арбаттағы "Битлз" тобының мүсіні
Астанада Арбаттағы Битлз тобының мүсіні - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл – Григориан күнтізбесіндегі 284-ші күн. Жыл соңына дейін 79 күн бар.

13 қазанда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен ерекшеленетінін Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

13 қазанда болған қызықты оқиғалар

Бүгін аты аңызға айналған "Битлз" тобының тыңдармандары үшін айтулы мереке, өйткені "битломанияның" ("Битлз" тобына табыну) туған күні 13 қазанда тойланады. "Битломания" деген ұғымның пайда болуы Beatles британдық тобының америкалық телевидениеде алғаш рет ән орындауымен байланысты. Эд Салливанның танымал бағдарламасы 1964 жылы ақпан айында көрсетіле бастаған, сондықтан 2014 жылы бұл қозғалыс өзінің жарты ғасырлық мерейтойын атап өтті.

Сонымен қатар, бүгін Халықаралық апат қаупін азайту күні тойланады. Мереке алғаш рет 1989 жылы 22 желтоқсанда аталып өткен, мақсаты – апат қаупін азайту үшін  қандай шаралар қолданылатыны туралы мағлұмат беру. Әсіресе, табиғи, экологиялық және техногенді апаттардың құрбаны болу қаупі төніп тұрған елді мекендер мен қауымдастықтарға маңызды ақпарат таратылады.

Егер әр нәрсеге күмәнмен қарап, ештеңеге сенбейтін жан болсаңыз, онда бүгін – төл мерекеңіз: 13 қазанда бүкіл әлемде Күдікшілдер күні тойланады. Сыни ойлау жаман қасиет деген ешкім жоқ. Соның арқасында ақиқатқа қол жеткізуге болады. Ең бастысы шектен шықпаған жөн. Достарыңыздың арасында осындай скептиктер бар ма? Оларды бүгін құттықтап, біршама гипотезалармен басын қатырып қойыңыз.

13 қазанда болған тарихи оқиғалар

1883 жылы Бүкіл ресейлік театр қауымдастығы құрылды;

1884 жылы Гринвич нөлдік меридиан өтетін жер болып бекітілді;

1900 жылы Зигмунд Фрейдтің "Түстерді жору" атты кітабы жарық көрді; 

1923 жылы Түркия астанасы Стамбулдан Анкараға көшірілді.

13 қазанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1929 жылы Солтүстік Қазақстан радиосы алғаш рет эфирге шықты. Бүгінде облыстық радионың бағдарламалары "Қазақстан телекоммуникациялары"  компаниясының спутник байланысы облыстың бүкіл аудандарында, Ресейдің көршілес облыстарының шекараға жақын орналасқан аудандарында таратылады;

1950 жылы Қостанай облыстық атқарушы комитетінің шешімімен Қостанай облысы Амангелді ауданы құрамында Арқалық жұмысшылар ауылы құрылды;

1995 жылы Қазақстанда диабет қауымдастығы құрылып, 1996 жылы 176 елден тұратын Халықаралық диабет федерациясы құрамына енді.

13 қазанда дүниеге келген танымал тұлғалар

1925 жылы Ұлыбританияның 71-ші премьер-министрі (1979-1990 жылдары) болған Маргарет Тэтчер дүниеге келді, 1992 жылдан бері баронесса мәртебесін иеленген;

1933 жылы Кеңес Одағының және Ресей Федерациясының театр және кино режиссері, сценарист, педагог, профессор, КСРО-ның халық әртісі Марк Захаров дүниеге келді;

1934 жылы кеңестік және америкалық театр және кино актері Савелий Крамаров дүниеге келді (фильмдері — "Неуловимые мстители", "Джентльмены удачи", "Не может быть");

1989 жылы ресейлік футболшы, жартылай қорғаушы Александр Ерохин дүниеге келді.

13 қазанда Қазақстанда дүниеге келген тұлғалар

1915 жылы режиссер, педагог, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Асқар Тоқпанов дүниеге келді;

1938 жылы композитор, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты Әсет Бейсеуов дүниеге келді;

1963 жылы Қазақстан Республикасының премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Мерген белгісінде орналасады. Белсенді әрекет етіп, ішкі қуатыңызды тексеретін күн. Өзіңізді әр қырыңыздан байқап көріп, кез келген жұмысты қолға алуға болады, жоспардың бәрі іске асады. Қажыр-қайратыңыз бойыңыздағы жаңа қабілетті ашады. Көңілкүйіңізді де ашық білдіре аласыз.

Жаңалықтар
0