Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 28 қазан

© Photo : СС0 / Beth Lowellатасы мен немересі
атасы мен немересі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Григориан күнтізбесі бойынша 301-ші күн, жыл соңына дейін 64 күн бар

28 қазанда не болғанын білесіз бе? 

Бұл күннің несімен есте қалғанын дерекқорынан оқыңыз.

28 қазанда қандай қызықты оқиғалар болды

Бүгін әлемде Әжелер мен Аталар күні атап өтіледі. Бұл мейрамды алғаш рет Канада тұрғындары тойлай бастады. 

28 қазан – халықаралық анимация күні. Анимацияның кинодан 20 жыл бұрын пайда болғанын көп адам біле бермейді. 1892 жылы 28 қазанда суретші Эмиль Рейно париждік көрермендерге "жалтыраған пантомимдерді" – экранда қозғалған бейнелерді көрсетті. Кейін оларды мультфильмдер деп айта бастады. Қазір "суреттерді" компьютерлік анимация көмегімен жасайды, 3-D арқылы дайындалады. Бірақ көпшілік үшін мультфильм бала кезінен таныс шағын ертегі болып қала бермек, ересек адамдардың әлі күнге дейін оларды көретіні бекер емес, өйткені бұл ғажайыпқа сенудің ең қарапайым амалы. 

28 қазанда әлемде болған тарихи оқиғалар

1237 жылы Берлин қаласының негізі қаланды;

1886 жылы Нью-Йоркте бостандық мүсіні ашылды; 

1914 жылы "Kodak" компаниясы түрлі түсті фотография технологиясын әзірлей бастады;  

1972 жылы әлемдегі алғашқы екі моторлы "Airbus A300" жолаушылар ұшағы ұшырылды. 

28 қазанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1953 жылы Іле Алатауында алғаш рет өзен гидроэлектрстанциясы пайдалануға берілді. Оны іске қосқаннан кейін Алматы сарқырамасының қуаты екі есеге артты;

1977 жылы Көкшетау қаласында облыстық орыс драма театры ашылды;

1998 жылы скрипкашы Айман Мұсақожаеваға ЮНЕСКО-ның шешімімен "Әлем әртісі" жоғары атағы берілді;

2005 жылы Ақтау қаласында  Ауғанстанда қаза болған жауынгерлерге арналған ескерткіш ашылды.

28 қазанда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1860 жылы дзюдоның негізін қалаушы, Кодокан мектебін ашқан жапон Дзигаро Кано дүниеге келді; 

1934 жылы кеңес жазушысы, сценарист, актер Борис Андроникашвили туды, Людмила Гурченконың екінші жұбайы;

1955 жылы америкалық кәсіпкер және қоғам қайраткері, филантроп,  Microsoft негізін қалаушылардың бірі және компанияның бұрынғы ірі акционерлерінің бірі Билл Гейтс дүниеге келді;

1967 жылы америкалық актриса Джулия Робертс өмірге келді. 

28 қазанда Қазақстанда кім туды

1893 жылы ақын, ағартушы Сұлтанмахмұт Торайғыров дүниеге келді;

1899 жылы қазақтың тұңғыш анатом ғалымы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері Хазихан Бөкейханов дүниеге келді.

1934 жылы жазушы, аудармашы, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Герольд Бельгер дүниеге келді;

1957 жылы кеңес және қазақ эстрада әншісі (сопрано), педагог, профессор, Қазақ КСР халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қырғызстан мен Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі Роза Рымбаева Қуанышқызы дүниеге келді. 

Ай күнтізбесі

Бүгін ай егіздер белгісінде орналасады. Бәсекелестік сезімі бойыңызды билейтін күн. Бұл күнді достарыңызбен өткізіп, түрлі ойындар немесе жарыстарға атсалысыңыз. Жеңіске жетесіз, бұл сіздің сенімділігіңізді күшейте түседі.

Жаңалықтар
0