Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 8 қараша

© Sputnik8 қараша, күнтізбе
8 қараша, күнтізбе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл Григориан күнтізбесі бойынша 312-ші күн, жыл соңына дейін 53 күн бар

8 қарашада не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын дерекқорынан оқыңыз

8 қарашада қандай қызықты оқиғалар болды

Бүгін халықаралық көңілділер мен тапқырлар клубы (КВН) күні. Алғашқы ойын 1961 жылы 8 қарашада тікелей эфирде өтті, мәскеулік институттардың студенттерінен құралған командалар өзара сынға түсті. Ойынның алғашқы жүргізушілері Александр Белявский, Наталья Фатеева сынды танымал актерлер болды. Ал Александр Масляков КВН-ға 1964 жылы келді. 

Сонымен қатар, бүгін қыстың алғашқы белгілері секілді ресми емес мереке атап өтіледі. Күз болғанымен, осы уақытта қыстың аулы алыс емес екенін сезіне бастайсың. Шаңғы, коньки, шана маусымы жақын қалды. Жаңа жыл мерекесі де келе жатыр. 

Қытайда бүгін Журналист күні атап өтіледі. Алғаш рет Қытайда бұл мейрам 2004 жылы Пекиндегі халық жиналыстары үйінде тойланды. Содан бері қытай папарацциясы 8 қарашаны өзінің жыл сайынғы дәстүрлі мерекесі ретінде атап өтеді. Бұл күні кездесулер өтіп, ақпарат және пікір алмасулар болып, жергілікті тілшілер үшін салтанатты кешпен аяқталады. 

8 қарашада әлемде болған тарихи оқиғалар

1793 жылы Парижде ұлттық көркемдік музей ретінде Лувр ашылды; 

1895 жылы "рентгендік" сәулелену ашылды;

1903 жылы Голландияда электрокардиограф ойлап шығарылды; 

1961 жылы эфирге КВН бағдарламасының алғашқы шығарылымы шықты. 

8 қарашада Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1994 жылы Қазақ ұлттық университетінің құрылғанына 60 жыл толуына байланысты оқу орнының бас ғимараты алдына Әл-Фараби ескерткіші қойылды;

1997 жылы Алматыда Президенттің резиденциясында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері мен Президенттің байрағын Ақмолаға салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті; 

2000 жылы Париждегі ЮНЕСКО үйінде Түркістан күндері ұйымдастырылды;

2004 жылы қазақстандық делегация Лондондағы халықаралық "World Travel Market" — WTM-2004 туристік көрмесіне қатысты. 

8 қарашада әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1900 жылы америкалық жазушы Маргарет Митчелл дүниеге келді; 

1923 жылы америкалық инженер, Нобель сыйлығының лауреаты Джек Килби дүниеге келді;

1935 жылы француз киноактері, режиссер, продюсер, 1960 — 1980 жылдардағы секс-символ Ален Делон өмірге келді; 

1951 жылы кеңес және ресейлік музыкант, композитор, продюсер, режиссер, суретші, педагог Стас Намин дүниеге келді. 

8 қарашада Қазақстанда кім туды

1898 жылы Алаш қозғалысының қайраткері, әдебиет сыншысы, абайтанушы Ыдырыс Мұстанбаев дүниеге келді; 

1925 жылы Қазақ КСР Жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері, КСРО Жоғары мектебінің үздігі Мүштай Батырбеков өмірге келді;

1928 жылы жазушы Көбей Сейдехан өмірге келді; 

1940 жылы жазушы, Қытайдың еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, "Үздік дарын" сыйлығының лауреаты Тұрсынәлі Рыскелдиев дүниеге келді;

1949 жылы Қазақстанның қоғам және мемлекет қайраткері Анатолий Пепенин өмірге келді. 

Ай күнтізбесі

Ай шаян белгісінде орналасады. Тазалық күні. Үйіңізді, жұмыс орныңызды тәртіпке келтіріп, қажет емес ескі заттар мен ойлардан арылыңыз, өміріңіз жаңаша жарқырап шыға келеді. 

Жаңалықтар
0