Бауыржан Момышұлы

Бүгін даңқты батыр Бауыржан Момышұлының туған күні

25051
(Жаңартылды 10:06 25.12.2018)
Бауыржан Момышұлы - ел басына күн туып, ат ауыздықпен су ішіп, ер етігімен су кешкен кезде тоз-тозы шыққан халықтың етек-жеңін жиып, мүддесін қорғаған қаһарман, дара тұлға. Қысылтаяң сәттерде де қазақтың намысын бәрінен жоғары қойып, қарсы алдындағы жаудан қаймықпаған қолбасшының арманы Тәуелсіздік болды

Қазақтың біртуар ұлы, кеңес одағының батыры, екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег, тактик әрі жазушы Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысы Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген. Әкесі ұста, етікшілік пен зергерлікті кәсіп етіп қана қоймай, кирилл әліпбиін өз бетінше меңгерген адамдардың бірі болған. Анасы Рәзия дүниеден ерте өткендіктен, Бауыржан 3 жасынан бастап әжесі Қызтумастың қолында тәрбиеленеді.

Бауыржан Момышұлы өмірінде бірнеше рет шаңырақ көтеріп ажырасқан. Бірінші әйелі Бибіжамал Мұқанқызынан Бақытжан есімді ұлы дүниеге келген. Ұлы да жазушылықпен айналысқан. Ал екінші әйелі Вера Строева батырдың әдебиетке келуіне себепші болады. Бұдан кейін Клавдия Коркина есімді сыған қызымен отау құрып, одан Елена есімді перзент сүйеді. Тағы бір әйелі Бақытжамал Қалибекқызымен 13 жыл бірге болған. Жалғыз ұлының әйелі — Зейнеп Ахметова Бауыржанкеліні. Ол қазақы дәстүрлерді әлі күнге дейін насихаттап, қайын атасы туралы естелік кітаптар мен мақалалар жазды.

Бауыржан Момышұлы мектепті үздік бітірген

1921 жылы Бауыржан Момышұлы Аса интернатына оқуға түсіп, кейін 1924 жылдан бастап Шымкент қаласындағы жеті жылдық мектепке ауысады. Ол Құрманбек Сағындықов және Әбділда Тәжібаевпен мектеп қабырғасында бірге білім алған.

1928 жылы мектепті үздік бітіргеннен кейін Орынбор қаласындағы қазақ педагогикалық институтында білім алуды жалғастырады. Алайда көп ұзамай тұрмыстық жағдайына байланысты ауылына қайтуына тура келеді. Институт директоры Тоқтыбаев оның суықта жұқа киіммен жүргенін көріп, бухгалтерия арқылы қағаз жаздыртып береді. Кейін осы жазылған қағазбен студент Бауыржан ақша алып, ауылына қайтады.

Тағы оқыңыз:

1928-30 жылдары бастауыш мектепте мұғалім; аудандық атқару комитетінің жауапты хатшысы қызметтерін атқарып, 6 ай уақыт милицияда жұмыс істейді. Атқару комитетінде ерекше көзге түсіп, Тимофей Дубовиктің қолдауымен Шымкент өнеркәсіп банкіне қаржыгер болып жұмысқа тұрады. Осы жерде жүріп республикалық банк меңгерушісінің жолдамасымен Ленинградтағы қаржы академиясы жанындағы бір жылдық курсты тәмамдайды. Біліктілігін көтергеннен кейін КСРО өнеркәсіп банкінің республикалық басқармасына аға консультант ретінде тағайындалады. Кейін әскери борышын өтеуге шақырту алады. Әскерде бір жарым жыл жүріп запастағы командир атағын иеленеді. Осыдан кейін ауылға келіп қаржы мекемесінде жұмыс істеп жүргенінде қызыл әскер қатарына шақырылады.

"Әркімнің өз Баукеңі бар" 

1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен майор И.В. Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316-атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанып, жауға қарсы шайқасады. Соғыста жүріп өз батальонын 27 рет шабуылға бастап шығып, 5 рет жау қоршауын бұзып, негізгі жауынгерлік құрамымен дивизиясына аман-есен қосылады. Бауыржан Момышұлының тактик және стратег қасиеттерінің арқасында "ошақты", "икемді қорғаныс" деген жаңа ұғымдар қалыптасты. Ол әскери психология мен педагогиканы байытуда баға жетпес мұралар қалдырды. Оның көптің бойынан табыла бермейтін бірегей қасиеттерін еврей, неміс, чех, француз және ағылшын тілдеріне аударылған Александр Бектің "Волоколам тасжолы" атты кітабынан көруге болады. 

Батыр ұлдың мінезі туралы Зейнеп Ахметова сұхбаттарының бірінде: "Әркімнің өз Баукеңі бар" деп Олжас Сүлейменовтің айтатыны бар ғой. Атаны әркім өзінің көзімен, өзінің өресімен көрді. Кейбіреулер бет жағындағы көбігін ғана қалқып, арғы жағына үңіле алмады. Ал менікі тек келіндік көзқарас. Үстелді тарс еткізіп ұрып: "Көзіме тура қара. Ойыңды ашық айт! Қазулы көр тұрса да шындықты айт!" — дейтін. Ол кісінің көзіне тура қарау қайда маған? Көзін суреттеп бере алмаймын. Жанып тұрған от еді. Иығынан асырып қараймын. Кейін түсіндім ғой.

Менің бойымнан жылт еткен бірдеңені көрді ме екен, әділетінен әділетсіздігі басым дүниеде, өзі де сондай нәрсені басынан көп өткізгеннен кейін де шығар, "жақсының да, жаманның да аяғында төселіп жататын төсеніштей болмасын, пысық болсын" деп үйреткен болу керек деп ойлаймын. Әңгіме айтып отырған кезде, ортадан кілт үзіп, пікірімді сұрайды. Кейде есің шығып кетеді. Үндемесең ұрсады. Қазір кез келген нәрсені ашық айтатыным, ұнамағанды бетке айтатындығым атадан қалған болу керек. Менің ең жақсы қасиетім — үндемей құтылатынмын. Жарылып кетейін деп тұрсам да, үндемей қалатынмын. Бір кезде: "Балам, мен артықтау кеттім, кешір" дейтін. Бұл енді ұлылық!" — деп айтты. 

Тағы оқыңыз:

"Жарайсың, сұңқарым!"

Бұл — Бауыржан Момышұлының өміріндегі ерекше кезең. Аға лейтенант Момышұлы сарбаздарымен қақаған аязда Мәскеу түбінде бес рет қоршауды жарып шығып, соғыс тарихында болмаған тактикаларды қолданып, әскери өнерге жаңалық енгізеді. Оны осы кездегі әрекеттеріне қарап мықты стратег әрі адам жанын терең сезіне білген психолог ретінде бағалауға болады.

1941 жылы 16-18 қараша күндері Мәскеуге екінші рет шабуыл жасалғанда қазақтың батыр ұлы Волоколам тасжолында асқан ерлікпен соғысып, неміс әскерлері 3 күнге іркіліп қалды. Алайда осы шайқас кезінде Бауыржан басқарған бірінші батальон қысылтаяң жағдайға ұшырап, шегінудің нақты жоспарын әзірлеуге мәжбүр болады. Он бес адамнан құралған взводтар бөлек-бөлек, бірінің артынан бірі жүріп отырады. Ал батальон алдындағы барлаушыларды саяси жетекші Мұхаметқұл Сләмқұлов пен аға лейтенант Рахимов басқарады.

Күндіз жау көзіне түспеу үшін жауынгерлер түнделетіп жүріп, табандылық пен төзімділік арқасында екі күн ішінде Новлянск пен Ивановск ауылдарының ортасына жетеді. Барлаушылардың айтуынша, Ивановск ауылында И. В. Панфилов әдейі резервте ұстаған панфиловшылардың 1075-полкінің бірінші батальоны тұрған. Олар көзі жойылдыға саналған Момышұлы басқарған батальонды үлкен қуанышпен қарсы алады. Әсіресе, И. В. Панфилов көзіне жас алып, Бауыржанды құшақтап, "Жарайсың, сұңқарым!" деп арқасынан қағады.

1941 жылдың 26-30 қараша күндері Бауыржан 19-гвардиялық атқыштар полкінің командирі ретінде Соколово ауылының маңында немістермен 4 тәулік бойы арпалысып, ұрысты сәтті аяқтайды.

Бауыржан өзін емдемек болған дәрігерге неге қару кезеді?

1941 жылдың 5 желтоқсанында омыртқасына оқ тиеді. Бұл қайғылы жағдайдың қалай болғаны туралы Әзілхан Нұршайықов "Ақиқат пен Аңыз" кітабында толығырақ жазып кетеді. Бауыржан дәрігерлердің өзін дереу госпитальға апару керек деп шешкеніне қарамастан, сол жерде оларды тапаншамен қорқытып, оқты дереу шығаруды бұйырады. Жара таңылғаннан кейін капитан ұрыс алаңына қайта оралады. Бұдан кейін 1944 жылы Дубровка ауылында комдив болып жүріп құйымшақпен жерден шығып тұрған темірге құлайды. Біраз уақытқа дейін атқа отыра алмай, шалқасынан жата алмай қиналады. Осы жылдың наурыз айына дейін госпитальда жатып, бас штабтың әскери академиясының жанындағы офицерлердің біліктілігін арттыру курстарын бітіріп шығады.

1945 жылы ақпан мен наурыз айларының аралығында Бауыржан Момышұлы басқарған дивизия Приекуле станциясының солтүстік-батыс жағында орналасқан неміс әскерінің үш бекінісін бұзып, 15 елдімекен босатылды.

Соғыстан кейін Бауыржан Момышұлы 1946-48 жылдары Ворошилов атындағы әскери академияның тыңдаушысы; 1948-50 жылдары 49-атқыштар бригадасы командирінің орынбасары қызметін атқарады. Кейін 1952 жылы кеңес армиясы бас штабының жанындағы жоғары әскери академияны тәмамдайды. Бес жыл студенттерге ұстаздық етіп, 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан соң елге оралады. Елде біраз уақытқа дейін жұмыс таба алмай, түбегейлі шығармашылыққа бет бұрады.

Соғыста жүрген шағында да "Жардың мұңы", "Ғ-ға", "Ана тілін ардақта", "Досыма", "Толғау", "Серігім", "Жазушыға", "Қалыбек аға", "Біреулерге", "Омарбекке" сынды өлеңдер жазған. Ал көрген-білгендерін арқау еткен кітаптары 1952-56 жылдары "Офицердің күнделігі", "Бір түннің тарихы", "Біздің семья" аттарымен басылып шықты. Батырдың қаламынан туған бұл шығармалар қалың оқырманның іздеп жүріп оқитын туындыларына айналып, бірнеше рет қайта басылып шығады.

Фидель Кастродан келген шақырту

1962 жылы Фидель Кастроның шақыруымен Куба еліне сапарға барып, оның інісі Рауль Кастромен кездеседі. Сол жақта әскери қызметшілерге дәріс оқып, кейін осы сапары туралы "Куба әсерлері" атты кітап жазады. Қазақтың дара туған батыр ұлы Фидель Кастро мен Эрнесто Че Гевараның үлгі тұтқан тұлғасы болған.

Тағы оқыңыз: 

Бауыржан Момышұлының "Әділет қашан да жеңеді, ол кешіксе де келмей қоймайды" деген сөзі шындыққа айналып, 1990 жылы туғанына 80 жыл толуына орай кеңес одағы батыры жоғары атағы берілді. Сондай-ақ соғыс жылдарында 1942 жылы 6 маусымда  "Қызыл ту" орденімен; 1944 жылы 6 маусымда "Мәскеуді қорғағаны үшін" медалімен; 1945 жылы шілдеде 1 дәрежелі "Отан соғысы", "Құрмет белгісі" ордендерімен, "Қызыл жұлдыз" орденімен 2 рет марапатталды.

Бұдан өзге соғыс жылдарынан кейін 1970 жылы "Еңбек Қызыл ту" орденімен, "Құрмет белгісі" орденімен марапатталып, 2000 жылы "Ғасыр адамы" деп танылды.

2010 жылы 14 қыркүйекте Алматы қаласында "Қазақтың Бауыржаны" атты деректі фильм көпшілікке таныстырылды. Оны үкіметтің тапсырмасымен батырдың 100 жылдың мерейтойына арнап режиссер Қалила Омаров түсірген болатын. Осы жылдың 10 желтоқсанында Алматы қаласындағы 28-панфиловшылар саябағында соғыс қаһарманы әрі жазушы Бауыржан Момышұлына арналған ескерткіш салтанатты түрде ашылды. Жалпы биіктігі 6 метр болатын батырдың мүсіні қоладан, ал ескерткіштің қалған бөлігі граниттен құйылған.

2010 жылы Қазақстан бойынша батырдың 100-жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар өтіп, оның 30 томдық шығармалар жинағы жарық көрді. Қазақстанда батыр атына Алматы, Атырау, Тараз, Семей қалалары және Жамбыл облысында көше берілген. Мұнымен қатар, №45 қазақ классикалық гимназиясына Бауыржан Момышұлының есімі беріліп, мектеп алдына батырдың бюсті қойылды.

Осы күнге дейін Бауыржан Момышұлына арнап бірнеше фильм түсіріліп, кітаптар жазылды. 1967 жылы режиссер Мәжит Бегалиннің фильмінде "Артымызда Мәскеу" фильмінде батырдың рөлін Кәукен Кенжатаев сомдады. 2013 жылы режиссер Ақан Сатаев "Бауыржан Момышұлы" атты телехикая түсірді. Бақытжан Момышұлының "Восхождение к отцу", "Во имя отца" және "Сыновья великого волка" атты кітаптары мен Зейнеп Ахметованың "Шуақты күндер" туындысы Бауыржан Момышұлына арналады.

Даңқты қолбасшы сарбаздардың елі үшін шыбын жанын қиятын ерлігін ерекше бағалай білген. Оның қатардағы жауынгерлер жайында айтқан нақылға бергісіз сөздері халықтың есінде мәңгіге қалмақ. 

Бауыржан Момышұлы 1982 жылы 10 маусымда Алматы қаласында қайтыс болды.

Бауыржан Момышұлының нақыл сөздері

Батырлық — табиғат сыйы емес, бұл патриоттық борышыңды орындау үшін өзіңді-өзің қауіпке қарсы саналы түрде зорлап көндірудің нәтижесі. Мұндайда адам өз достарымен тек игілікті емес, сонымен бірге қатерді де бөлісе отырып, жауды жою арқылы өзін және отандастарын қауіпсіздендіруге тырысады. Өзінің азаматтық ары мен намысын ездіктен, масқаралықтан қорғайды, өз бойындағы осындай асыл қасиеттерін ашып көрсете түседі. 

Адамды бұзатын не? Тағы да сол — атақ, ақша, арақ. Осы үшеуі. Төртіншісі әйел демеймін. Алғашқы үшеуінің буына бөртіп, әйелдерді біз — еркектер бұзамыз.

Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу — сатқындықтың белгісі.

Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық!

Ел дегенде езіліп, жұрт дегенде жұмылып қызмет ет.

Арпалысып жүріп алған абырой — өмірдің ең шырын рахаты.

Сабырлық алдында дұшпан сасады, Сабырсыздан береке қашады.

Бақаның бағынан сұңқардың соры артық.

25051
Кілт сөздер:
отбасы, батыр, Ұлы Отан соғысы, Зейнеп Ахметова, Бауыржан Момышұлы
Тақырып:
Өмірбаяндар (115)
Тақырып бойынша
Нұржан Төлендиев (Тука) туралы не білеміз?
Бекболат Тілеухан туралы не білеміз?
Димаш Құдайбергенов туралы не білеміз?
Қайрат Нұртас туралы не білеміз?
"Ғалам аруы-2018: қазақстандық қыз туралы не білеміз?
Ақтөбелік азамат 32 млн теңгеге Есет батырға ескерткіш орнатты
Сәби

Балаға берілетін жәрдемақы - 2021: кімге, қалай және қанша төленеді?

59224
2021 жылы айлық есептік көрсеткіш 2 917 теңгені құрайды. Осыған байланысты жөргекпұл, көпбалалы отбасылар және аналарға төленетін ай сайынғы жәрдемақы да өседі. Келесі жылы кімге қанша төленетінін Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз

Бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы

Бала туғанда берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы республикалық бюджет есебінен жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін әйелдерге төленеді.

  • бірінші, екінші, үшінші балаға – 38 АЕК немесе 110 846 теңге;
  • төртінші және одан кейінгі балаларға – 63 АЕК немесе 183 771 теңге.

Ал отбасында егіз, үшем, төртем дүниеге келсе, біржолғы мемлекеттік жәрдемақы әр сәбиге жеке-жеке төленеді.

Бір жасқа дейінгі ай сайынғы жәрдемақы

Жұмыс істемейтін әйелдерге бала бiр жасқа толық толғанға дейiн төленетін ай сайынғы төлем:

  • бірінші балаға – 5,76 АЕК немесе 16 802 теңге;
  • екінші балаға – 6,81 АЕК немесе 19 865 теңге;
  • үшінші балаға – 7,85 АЕК немесе 22 899 теңге;
  • төртінші және одан кейінгі балаларға – 8,90 АЕК немесе 25 962 теңге.

Декретке дейін жұмыс істеген әйелдерге бала күтіміне байланысты төленетін ай сайынғы төлем былай есептеледі:

Соңғы 2 жыл ішіндегі жалпы табысты 24 айға бөліп, мемлекет бекіткен 0,4 коэффициентіне көбейтіп, одан шыққан сомадан 10% зейнетақы жарнасын алып тастайсыз.

Мәселен, әйел босанғанға дейін екі жыл ішінде 2 500 000 теңге табыс тапты делік.

Осы соманы 24 айға бөлеміз: 2 500 000/24= 104 166 теңге.

104 166 теңге – орташа айлық жалақы.

104 166*0,4 = 41 666 теңге.

41 666 теңгенің 10%, яғни 4 167 теңгесі – ай сайынғы зейнетақы жарнасы.

Сонда жұмыс істейтін әйел бала күтімі үшін ай сайын 37 499 теңге алып отырады.

Жүктілікке және босануға байланысты төлем

Жұмыс істейтін әйелдерге жүктілікке және босануға байланысты төленетін біржолғы әлеуметтік төлемнің мөлшері былай есептеледі:

орташа айлық табысты еңбекке жарамсыздық күндері санының тиісті коэффициентіне көбейтіп, кейін шыққан сомадан 10 процент зейнетақы жарнасын алып тастайсыз. Коэффициент 4,2-ге тең.

Мысалы, соңғы бір жыл ішінде табысыңыз 1 800 000 теңге болды. Осы соманы он екі айға бөлген кезде, орташа жалақы шығады.

1 800 000/12 = 150 000 теңге;

150 000 теңге * 4,2 = 630 000 теңге;

Осы сомадан 10% зейнетақы жарнасын шегересіз. 630 000 – 63 000 = 567 000 теңге.

Яғни, жүктілікке және босануға байланысты біржолғы төлем 567 000 теңгеге тең болды.

Көпбалалы аналар

"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға табысына қарамастан төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы 6,4 АЕК немесе 18 669 теңге.

Көпбалалы отбасыларға төленетін жәрдемақы

2020 жылдың қаңтарынан көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан бала санына қарай сараланған мөлшерде жәрдемақы төленеді.

2021 жылы оның мөлшері:

  • 4 балаға – 16,03 АЕК немесе 47 548 теңге;  
  • 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 58 457 теңге;
  • 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 70 154 теңге;
  • 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 81 851 теңге;

8 және одан көп баласы бар отбасыларға әр бала үшін 4 АЕК мөлшерінде жәрдемақы төленеді.

59224
Кілт сөздер:
көпбалалы отбасы, жәрдемақы
Дни культуры и искусства Казахской ССР в Москве. Выступление Казахского государственного оркестра народных инструментов имени Курмангазы

"Туып-өскен үйім домбыра, ән, күй, жыр": Ахмет Жұбанов жайлы не білеміз

1596
(Жаңартылды 20:57 13.12.2020)
Қазақ музыкасын зерттеуші ғалым, композитор, қазақтың тұңғыш дирижері, Қазақстанның халық әртісі Ахмет Жұбанов жайлы Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз

Музыкаға деген ұмтылыс

Ахмет Қуанұлы Жұбанов 1906 жылы 29 сәуірде Ақтөбе облысы Темір ауданында Ақжар деген жерде дүниеге келген. Ахметтің әкесі Қуан балаларын оқытуды армандайды, осы ниетпен Темір уезіне берілген екі мектептің бірін өз ауылында ашқызады.

1911 жылы Темір уезінде екі орыс мектебі ашылды. Сол жылы оқу бітірген Құсайын есімді мұғалім уезге келеді. Ол Ахмет Жұбановтың үйінде жатады. Құсайын домбыра мен скрипка, мондолин тартады, аздап нотадан да хабары болған. Осы аспаптың қайсысында ойнаса да, Ахмет Жұбанов жанынан табылған. 

Бес жастан асқан Ахмет сол аспаптың бәрінде ойнап кетеді. Дирижер өз естеліктерінде мектептегі ұстазының музыкаға деген ұмтылысын арттырғанын айтады.

"Менің туып-өскен үйім – домбыра, ән, күй, жыр. Көркем әңгімені кәрі-жасына дейін қадірлейтін осындай ауылда өскен мен бес жасымда хат танып, домбыра тартып, өлең айтып, тақпақ жаттайтынмын. Ауылдың қақ ортасында суы мол үлкен құдық болатын, кешке қарай салқын түскен соң ауыл адамдары құдықтың басына жиналушы еді. Ән, күй, жыр тыңдап, ақындар айтысын тамашалайтынмын. Әсіресе, күйге деген ықыласы ерекше-тұғын. Күй тартпайтын кәрі-жас, әйел, еркекті кездестірмейтінбіз", - дейді естелігінде Жұбанов.

Тағы бір есте қалғаны, ауылдастарым қуанышты да, қаңғыны да  өлең, жыр арқылы білдіретін. Сондықтан маған бүкіл дала ән-жыр айтып, күмбірлетіп күй тартып, әсем әсерге бөлейтін. Әнші, күйші, жырау дегендерді ауыл адамдары пір тұтатын, дейді дирижер.

Ахметтің әкесі Қуан 1919 жылы қайтыс болады. Содан кейін үн үш жасар Ахмет оқудан қол үзуге мәжбүр болады. Келесі жылы әкеден қалған аз ғана мал жұтап, үй ішінің бар ауыртпалығы баланың басына түседі.

Ерте есейген Ахмет

1924 дирижер ауыл комсомолына мүше болады. Сол жылы ауылында ашылған "Шамшырақ" оқу үйінің меңгерушісі болып, ауылдың мәдениетіне қызу араласады. Сол жылдары киноға барғанда дыбыссыз фильмді сүйемелдеп тұрған скрипакашымен танысады. Қарт музыкант жас жігітті ілтипатпен қарсы алады. Содан кейін кәсіби білім алу үшін Ленинградқа оқуға түседі.

"1932 жылы оқуды бітіріп, аспирантураға түсті. Бірақ ол кезде біздің үкімет хат жазып, училище ашылып жатқанын айтты. Музыкант керек екенін айтып, шақырды", - дейді Жұбановтың қызы Ажар Ахметқызы.

Ахмет Жұбанов 1933 жылы Алматы музыкалық драма училищесіне ұстаздық қызметке келеді. Осы кезден бастап өмірінің соңғы күндеріне дейін ол қазақтың музыкалық мәдениеті жолында қызмет етті.

Шығармашылық жолы

1934 жылы бір топ домбырашының басын қосып, қазақ ұлт аспаптар оркестрінің негізін қалаған. Сол оркестрдің көркемдік жетекшісі әрі дирижері болған. Жұбанов өзі құрған оркестрге Құрманғазының атын береді.

1936 жылы алғаш Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне, кейін 1949 жылы өткен екінші онкүндікте де Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрі үлкен абыройға ие болған.

1936 жылы композитордың "Музыка әліппесі" атты тырнақалды кітапшасы жарық көрген.

1945-1951 жылдары Алматы консерваториясының ректоры, 1954-1961 жылдары осы консерваториядағы өзі ашқан халық аспаптар кафедрасының меңгерушісі болып, қазақ халық музыкасының тарихынан, дирижерлік өнер мен аспаптану пәнінен сабақ берді.

"Ол – тумысынан ерекше туындыгер, ерекше композитор. Оның барлық музыкасы өміршең. Оның композиторлық таланты опералық шығармаларды шығаруда кеңінен ашылды деуге болады", - дейді Ахмет Жұбановтың шөбересі, дирижер Алан Бөрібаев.

1938 жылдан бастап Ахмет Жұбанов композиторлық жұмыспен айналыса бастайды. Жазушы Ғабит Мүсіреповтің "Қозы-Көрпеш – Баян сұлу" драмасына, Мұхтар Әуезовтің "Абай" спектакліне, "Амангелді" кинофильміне музыка жазды. Камералық шығармалардың ішінде "Қазақтың жеті биі", "Тәжіктің он биі" сияқты фортепианоға арналған, "Ария", "Көктем", Жезкиік", "Романс" сияқты қобызға арналған шығармаларының қазақ өнерінде алатын орны ерекше.

Ахмет Жұбанов 1936 жылы "Халық композиторлары. Құрманғазы", 1942 жылы "Қазақтың халық композиторларының өмірі мен творчествосы" атты кітаптарын жазды. 

Ахмет Жұбановтың композиторлық шығармаларының көрнектілері Латиф Хамидимен бірлесіп жазған "Абай" (1944 жылы) және "Төлеген Тоқтаров" (1947 жылы) опералары, қызы Ғазиза Жұбанова аяқтаған "Құрманғазы" (1970 жылы) операсы.

Қазақстан тарихындағы алғашқы дыбысты фильм "Амангелді" фильміне Михаил Гнесин мен Ахмет Жұбанов музыкасын жазды.

1968 жылы "Замана бұлбұлы" атты кітабы үшін Ахмет Жұбанов Қазақ ССР Ғылым академиясының Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлығына ие болды.

Жұбановтар әулеті

Жұбановтар әулеті дарын қонған отбасы. Сөзімізге Ахмет өнер саласындағы бірінші академик болғаны, бауыры Құдайбергеннің қазақ тіл білімі саласын зерттеген профессор екені дәлел бола алады. Ахметтің қызы Ғазиза Жұбанова қазақ әйелдерінің ішінен шыққан бірінші кәсіби композитор, жиені Алан Бөрібаев дарынды дирижер.

Құдайберген Жұбанов – қазақ тілінің теориялық негізін қалаушы, қазақ тіл білімінің тұңғыш профессоры, педагог, түркітанушы. Ал оның ұлы Асқар Жұбанов өмірін математикалық лингвистикаға арнаған ғалым.

Ахмет Жұбанов 1968 жылы Алматыда 62 жасында дүниеден өтті.

1596
Кілт сөздер:
композитор
Тақырып:
Өмірбаяндар (115)
Тақырып бойынша
"Көкейімнен кетпейді": ұлттың ұлы ұстазы Ыбырай Алтынсариннің тілегі
Бүгін Нұрғиса Тілендиевтің туған күні: әйгілі композитор туралы қызықты деректер
"ХХ ғасыр Гомері" деген бағаға ие болған Жамбыл Жабаев жайлы қызықты деректер
Композитор Дүйсенов: орындаушының бейғамдығынан әнімнің бағы жанбай қалды
"Абай-Тоғжан" музыкалық драмасы: астанада жаңа театр ашылады
Бұрқасын, адамдар жолдан өтіп барады

Қазақстанның 12 өңірінде дабылды ескерту жарияланды ертеңге ауа райы болжамы

0
Елдің бірқатар облысында дабылды ескерту жариялауға тұман, бұрқасын және көктайғақ себеп болып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз – Sputnik. Синоптиктердің болжамынша, республиканың басым аумағында көктайғақ, жаңбыр және бұрқасын, сондай-ақ тұман болады.

Дабылды ескерту

Атырау облысында тұман түседі, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жетеді.

Жамбыл облысында тұман мен көктайғақ болжануда. Желдің күші секундына 20 метрге дейін барады.

Түркістан облысында қалың тұман түседі.

Ақтөбе облысында бұрқасын, көктайғақ, тұман, қатты жел болады.

Павлодар облысында кей жерлерде бұрқасындатып, тұман түседі, көктайғақ күтілуде.

Қарағанды облысында – тұман және көктайғақ.

Қызылорда облысында тұман түсіп, 15-20 м/с жел соғады.

Маңғыстау облысында да тұман және 15-20 м/с жел болжанып отыр.

Ақмола облысында тұман, көктайғақ және бұрқасын болады.

Батыс Қазақстан облысында қатты жел тұрып, тұман басады, бұрқасын соғады, көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысында – қар, жаңбыр, тұман және көктайғақ.

Қостанай облысында бұрқасын, тұман және көктайғақ болады.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, түнде ауа температурасы -2-4°C, күндіз 0+2°C. Желдің жылдамдығы – секундына 15-20 метр.

Алматыда күн бұлтты, сынап бағанасы түнде 0+2°C, күндіз +10+12°C көрсетеді.

Шымкентте ауа райы жауын-шашынды. Желдің екпіні секундына 13 метрге дейін барады, ауа температурасы түнде +2+4°C, күндіз +7+9°C.

0
Кілт сөздер:
дабылды ескерту, Қазгидромет, ауа райы болжамы