Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 13 қаңтар

© Sputnik / Владислав Воднев13 қаңтар
13 қаңтар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл Григориан күнтізбесінде 13-ші күн. Жыл соңына дейін 352 күн бар.

13 қаңтарда не болғанын білесіз бе? 

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

13 қаңтарда қандай қызықты оқиғалар болды 

Бүгін Ресей баспасөзінің күні аталып өтеді. Мереке 1991 жылы бекітілген. Дәл осы күні ең алғашқы басылым "Ведомости" газетінің бірінші нөмірі жарыққа шыққан болатын. Петр І газет Ресей империясының қуатын көрсету және реформа жүргізу үшін ең тиімді құрал деп санады. Басылымның мазмұнымен алғаш болып Мәскеу мен Санкт-Петербор тұрғындары танысатын, басқа қалаларда газет басылып шыққан жоқ. Мереке күні дәстүрлі түрде конференциялар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, елдегі баспасөздің өзекті проблемалары мен оларды шешу жолдары талқыланады. Алайда, ең басты оқиға – президенттің БАҚ саласындағы сыйлығын табыстауы. Бұған қоса, журналистика әлеміне енді ғана қадам басқан жас қаламгерлерді қолдау мақсатында грант тағайындалады. 

Сондай-ақ бүгін – Берекелі кеш немесе Мелания мерекесі. Бұл күн ескі Жаңа жыл қарсаңында аталып өтеді. Мереке күні мол дастарқан жайылып, адамдар көңіл көтереді. Бір-біріне қонаққа барып, тәтті апарады, жақындары мен достарын мерекемен құттықтайды. Ескі Жаңа жылды атап өту дәстүрі екі күнтізбенің бөлінуіне байланысты пайда болған: "ескі стильдегі" юлиан және "жаңа стильдегі "григориан күнтізбесі. 

Сонымен қатар, 13 қаңтар – Кездейсоқ жолсеріктер күні. Олар кімдер, біздің өмірімізде қандай рөл ойнайды? Біз күн сайын жолда жүреміз. Жұмыстан  үйге, үйден жұмысқа барсақ та, қонаққа, киноға, театрға шықсақ та – айналамызда біз танымайтын адамдар.  

13 қаңтарда әлемде болған тарихи оқиғалар 

1830  жылы "Әдеби газет" басылып шыға бастады; 

1858 жылы Ресейдің алғашқы пошта маркалары айналымға түсті; 

1872 жылы Ресей ауа райы қызметінің негізі қаланды; 

1957 жылы АҚШ-та "фризби" ұшатын дискілердің өндірісі басталды. 

13 қаңтарда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар 

1934 жылы Алматыда Қазақ музыкалық драма театры (қазіргі Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры) құрылды; 

1992 жылы Бауыржан Момышұлының қайырымдылық қоры құрылып, республикалық мәртебе алды;

1993 жылы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы" заң қабылданды;

2006 жылы БҰҰ-ның балалар құқығы туралы конвенциясына сәйкес Қазақстан білім және ғылым министрлігінің балалар құқығын қорғау комитеті құрылды. 

13 қаңтарда әлемде туған танымал тұлғалар 

1954 жылы кеңестік және ресейлік әнші Алексей Глызин дүниеге келді. Ресейдің еңбек сіңірген әртісі (2006);

1966 жылы америкалық актер, режиссер Патрик Демпси өмірге келді (фильмдері: "Любовь нельзя купить", "Некоторые девчонки", "Герой-любовник"  және "Счастливы вместе");

1972 жылы кеңестік және беларусь гимнасы, алты дүркін Олимпиада чемпионы, бірнеше дүркін әлем чемпионы Виталий Щербо туды. КСРО еңбек сіңірген спорт шебері (1991), Беларусь Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері (1994); 

1977 жылы ағылшын актері Орландо Блум дүниеге келді (фильмдері: "Пираты Карибского моря: проклятие черной жемчужины", "Парень из кальция" және "Троя").

13 қаңтарда Қазақстанда кімдер туды

1905 жылы суретші, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері Николай Цивчинский дүниеге келді;

1911 жылы әйгілі палуан, классикалық күрестен КСРО спорт шебері, Қазақстанның жеті дүркін чемпионы, бапкер Василий Ярков өмірге келді;

1958 жылы қазақстандық дипломат Самат Ордабаев туды;

1976 жылы белгілі қазақстандық әнші әрі актриса Карина Абдулина дүниеге келді.  

Ай күнтізбесі 

Ай Тоқты белгісінде орналасады. Бүгін не қалайтынын және өз ісін дұрыс жоспарлай білетін адамдардың айы оңынан туады. Энергияңызды шығармашылыққа бағыттауға тырысыңыз. Ақпаратқа қанығып, тәжірибеңізбен бөлісіңіз, адамдармен араласыңыз.

Жаңалықтар
0