Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 16 қаңтар

© Sputnik / Владислав Воднев16 қаңтар
16 қаңтар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл григориан күнтізбесі бойынша 16-шы күн, жыл соңына дейін 349 күн бар

16 қаңтарда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын дерекқорынан оқыңыз.

16 қаңтарда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін "The Beatles" халықаралық мерекесі. Бұл мейрамды меломандар, топтың табынушылары, музыка сыншылары, журналистер, музей қызметкерлері, фан-клуб мүшелері, дыбыс жазушы компаниялар атап өтеді. 

"The Beatles" халықаралық күнін 2001 жылы ЮНЕСКО бекітті. 1957 жылы 16 қаңтарда Ливерпульде "The Cavern" клубы ашылған болатын, осы жерде әйгілі топ өзінің өнердегі жолын бастады. Ал "I want to hold your hand" әні америкалық хит-парадта бірінші орын алды. 

Бұл күні топтың табынушылары бір-біріне сыйлық жасап, ал ансамбльдер атақты топтың туындыларын орындайды. Бұқаралық ақпарат құралдарында "The Beatles" тобына арналған бағдарламалар, видеоклиптер мен концерттік видеолар, ұжым мен оның қатысушыларының тағдыры туралы  материалдар жарық көреді, радиостанцияларда топтың танымал әндері шырқалып, музейлерде көрмелер ұйымдастырылады. 

1970 жылы ансамбльдің мүшелері жеке әнші болып кетті. 1980 жылы 8 желтоқсанда Джон Леннонды үйінің жанында өлтіріп кетті. 2001 жылы 29 қарашада Джордж Харрисон рактан көз жұмды, ал топтың басқа әншілері Пол Маккартни мен Ринго Старр шығармашылық жолын жалғастырып жүр. 

16 қаңтарда әлемде болған тарихи оқиғалар

1920 жылы Парижде АҚШ-тың қатысуынсыз Ұлттар Лигасы кеңесінің бірінші отырысы өтті;

1924 жылы алғашқы тікұшақ әуеге көтерілді. Испан ұшқышы Пескара әуеде 8 минут 13 секунд болып, 1 шақырымдай ұшып өтті;

1945 жылы Адольф Гитлер өзінің ордасын жер астындағы бункерге көшірді;

1947 жылы Венсан Ориоль Францияда Төртінші республиканың тұңғыш президенті болып сайланды. 

16 қаңтарда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1992 жылы Швеция Корольдігі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін мойындады; 

1992 жылы Мәскеуде өткен ТМД-ға мүше 6 мемлекет Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Украина, Беларусь және Армения басшыларының кездесуінде 7 келісімге қол қойылды; 

2007 жылы президент "Әлеуметтiк-кәсiпкерлiк бірлестіктерді құру және қызметтерін қамтамасыз ету шаралары туралы" жарлыққа қол қойды; 

2008 жылы Алматы қаласындағы Ғылым академиясы ғимаратының алдында ғұлама ғалым, академик Әлкей Марғұланға ескерткіш қойылды. 

16 қаңтарда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1867 жылы орыс және кеңес жазушысы, аудармашы, әдебиеттанушы, соңғы Пушкин сыйлығының иегері Викентий Вересаев дүниеге келді; 

1934 жылы кеңес және ресейлік театр және кино актері, КСРО Халық әртісі, Ленин сыйлығының иегері Василий Лановой дүниеге келді; 

1974 жылы британдық супермодель және актриса Кейт Мосс өмірге келді; 

1991 жылы канадалық хоккейші, Олимпиада чемпионы, әлемнің екі дүркін чемпионы Мэтт Дюшен дүниеге келді. 

16 қаңтарда Қазақстанда кім туды

1950 жылы актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Алмахан Кенжебекова дүниеге келді;

1965 жылы ҚР Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары, мемлекеттік қызмет істері бойынша министр қызметтерін атқарған Талғат Донақов дүниеге келді. 2018 жылдың сәуірінен Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы болып тағайындалды; 

1968 жылы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Светлана Жақыпова дүниеге келді. 

Ай күнтізбесі

Ай Торпақ белгісінде орналасады. Өте жақсы және қолайлы күн. Бірақ бүгін жаһандық мәндегі шешімдер қабылдаудың қажеті жоқ, оларды әлі де пісіп-жетілдіру керек.

Жаңалықтар
0