зейнеткер

Атаулы әлеуметтік көмек: кімге және қанша төленеді?

28249
Ақшалай атаулы әлеуметтік көмек шартты және шартсыз негізде көрсетіледі

АӘК кімдерге төленеді

  • оралмандарға;
  • босқындарға;
  • Қазақстанда тұрғылықты мекенжайы бар, бірақ азаматтығы жоқ шетелдіктерге.

Астанада олардың жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспауы тиіс — 15 499 (41$).

Кімге шартсыз ақшалай көмек көрсетіледі

  • Жалғыз тұратындарға және (немесе) тұрмысы нашар жалғыз тұратындарға, егер олар:

  - зейнеткерлер;

  - бірінші және екінші топтағы мүгедектер;

  - ауруға шалдыққандар (екі айдан астам уақыт жұмыссыз жүрсе).

Тағы оқыңыз: Қазақстанда зейнетақы мен жалақы қанша теңгеге көбейді

  • Тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға, егер отбасы мүшелері:

  - бірінші немесе екінші топтағы мүгедек болса;

  - ауруға шалдықса (екі айдан астам уақыт жұмыссыз жүрсе);

  - жеті жасқа дейінгі немесе мүгедек балаға, бірінші және екінші топтағы мүгедек адамға, қарт адамға, бөгде біреудің көмегіне зәру адамға күтім жасаса.

Тұрмыс жағдайы төмен деп барлығының табысын қосқанда күнкөріс деңгейінің ең төменгі белгіленген көлемінен аз болатын отбасыларды айтамыз (2019 жылы 29 698 теңге немесе 79$).

Кімге шартты ақшалай көмек көрсетіледі

  • жалғыз және/немесе жалғыз тұрып жатқан еңбекке қабілетті тұрмыс жағдайы төмен азаматтарға;
  • еңбекке қабілетті мүшесі бар (егер ол жұмыспен көмектесу шараларына қатысқан болса) тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға.

Қандай құжаттар қажет

  • Қазақстан азаматының жеке куәлігі (паспорт);
  • елде тұрғылықты мекенжайы бар шетелдіктің ықтиярхаты;
  • босқын куәлігі;
  • оралмандар үшін — оралман куәлігі;
  • қосалқы шаруашылығының бары туралы мәлімет;
  • банктегі шоты туралы мәлімет;
  • баланың тууы (өлгені) туралы куәлік (барлық бала үшін);

Тағы оқыңыз: Президент Қазақстанда кімдердің жалақысы 35% өсетінін айтты

  • неке куәлігі (ажырасу туралы құжат);
  • оқу орнынан анықтама;

Жұмысқа жарамды отбасы мүшелері қандай құжаттар ұсынады

  • жұмыс іздеп жүрген азамат ретінде тіркеуге тұру үшін өтініш;
  • жұмыс қызметін растайтын құжат (егер бар болса);
  • біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіби дайындығының бар екені туралы құжат (егер бар болса).

АӘК алу үшін қайда бару керек

Атаулы әлеуметтік көмекке қатысты барлық сұраққа Астанадағы жұмыспен қамту орталығы жауап береді.

Мекенжайы: Бейбітшілік көшесі, 25, "Өркен" іскерлік орталығы.

Телефоны: 8 (7172) 57-88-88

Электрондық пошта: cz@astana.kz

Атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері

ӘМК жан басына шаққандағы орташа табыс пен Астанада белгіленген кедейлік шегінің (15 499 теңге немесе 41$) айырмашылығы есебінде отбасының әр мүшесінің басына шаққандағы сома есептеледі. 

Мысалы, отбасындағы бес адамның ортақ табысы 60 мың теңгені құраса (159$), ӘМК әр адам басына 10 849 теңгеден (29$) төленеді.

Тағы оқыңыз: Жалақысы ең жоғары өңірлер анықталды

Егер отбасы құрамы немесе табыс көлемі өзгерсе, ӘМК көлемі де қайта есептеледі. Көмектің көлеміне әсер ететін өзгерістер туралы он күн ішінде хабарлау керек.

Тұрғын үй көмегі кімге беріледі

  • Тұрмысы нашар отбасыларға (азаматтарға), Астанада тұрғылықты мекенжайы барларға (баспана иелеріне).

Қажетті құжаттар

  • өтініш;
  • жеке куәліктің көшірмесі;
  • баспананы иеленуге құқылы екенін дәлелдейтін құжаттың көшірмесі;
  • тұрғылықты мекенжайын растайтын құжат;
  • отбасының табысы туралы құжат;
  • тұрғын үйді ұстау үшін қажеит ай сайынғы жарнаның көлемі туралы шот;
  • коммуналды қызметтерді тұтынудың шоты;

Тағы оқыңыз: Жалақысы төмен қазақстандықтар салықтан босатылды

  • телекоммуникация қызметі үшін шот немесе байланыс қызметін көрсету туралы келісімнің көшірмесі;
  • тұрғын үйді жалға алғаны үшін төлейтін ақшаның көлемі туралы шот.

Тұрғын үй көмегін алғысы келетін отбасының ортақ табысын тұрғын үй саласындағы уәкілетті органдар есептейді.

Жәрдемақыны алу үшін қайда бару керек

  • "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (ХҚКО-лар);
  • Астана қаласының жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы.

Дереккөз: Астана әкімдігінің сайты

28249
Кілт сөздер:
жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек, мүгедек, отбасы, жалдамалы баспана
Тақырып:
Жәрдемақы қалай төленеді (60)
Тақырып бойынша
Балаға берілетін жәрдемақы 2019: кімге, қалай және қанша төленеді?
Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін не істеу керек?
Мұғалімдер мен дәрігерлерге пәтер алуға миллион теңгеден көмек беріледі
Назарбаев жалақысы аз азаматтарға қандай көмек көрсетілгенін айтты
Мүгедек бала бағып отырған отбасыға қандай жәрдемақы төленеді
Депутат әр балаға ең төменгі жалақының 50% көлемінде жәрдемақы төлеуді ұсынды
Теңге

Төл теңгеге 27 жыл: Қазақстанның ұлттық валютасы қандай ерекшеліктерге ие

291
Теңге белгісі нені бейнелейді, алғашқы ақша қалай шығарылды және 27 жыл ішінде біздің валюта қалай өзгергенін Sputnik Қазақстан әзірлеген материалдан таныс болыңыз

Нұр-Сұлтан, 15 қараша – Sputnik. Бүгін – Ұлттық валюта күні. Төл теңгеміздің қолданысқа шыққанына 27 жыл. Sputnik Қазақстан теңгенің қалай пайда болғанын, ұлттық валюта неліктен осылай аталғанын және ақшаның қай жерде басылғанын еске түсіреді.

Ұлттық валюта қалай жасалды

Елде ұлттық валюта енгізілгенге дейін бұрынғы КСРО республикаларының ақша айналымындағы қиын жағдайға байланысты оқиғалар аз болмады. 1993 жылы шілдеде Ресейдің Орталық банкі ақша реформасын жүргізді. Кеңестік рубль айналымнан шығарылды және олар жаңа ресейлік банкноттарға айырбасталды.

Ескі рубль аймағының күйреуі нәтижесінде кеңестік рубльдер ағыны бұрынғы одақтас республикаларға, оның ішінде Қазақстанға құйылды. Баға шарықтап, ақша құнсызданды. Бұл гиперинфляция мен адамдардың өмір сүру деңгейінің төмендеуіне әкеп соқты.

Өзінің ұлттық валютасын енгізу туралы шешім республиканың дағдарыстық жағдайдан шығуының және экономикалық дамудың жаңа кезеңіне өтудің кілті болды.

1993 жылы 3 қарашада Қазақстан президенті премьер-министр Сергей Терещенконың төрағалығымен ұлттық валютаны енгізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрды. Кейін премьер-министрдің орынбасары Дәулет Сембаевтың басшылығымен жұмыс тобы құрылды. Комиссия әдетте, күн сайын, кешке жиналып отырды.

"Теңге" атауы қалай таңдалды

Ұлттық валюта атауын таңдау көптеген қайшылықтар тудырды: "алтын", "ақша", "тәнга" нұсқалары болды. Бастапқыда қазақстандық валютаны "сом" деп атау жоспарланған. Өйткені, кеңестік рубль банкноттарының қазақша аудармасында солай көрсетілген еді.

Алайда, 1993 жылы қырғыз сомы енгізілгеннен кейін, Қазақстанда басқа атауға ие болды – "теңге". Бұл ортағасырлық түріктердің "денге" немесе "тәнга" күміс монеталарының тарихи атауы. Бұл атауды академик Сауық Тәкежанов ұсынды. Оның жүз еселенген бөлшегі "тиын" деп аталды.

Бүгінде ұлттық валютаның өзіндік белгісі бар (〒). Теңгенің көрсетілген графикалық бейнесі транскрипциядағы "т" дыбысын білдіретін ежелгі түрік алфавитінің белгісі болып табылады. Одан "теңге" сөзі басталады, сонымен қатар "тәңірі", яғни барлық түркі халықтары үшін қасиетті болған аспан бейнесін бейнелейтін құдай. Символ ақша бірлігінің тұрақтылығы, жоғары әлеуеті, Қазақстанның ұлттық экономикасының даму және өсу динамикасын білдіреді.

Ұлттық валюта қалай жасалды

Теңгенің дизайнын дайындау Тимур Сүлейменов жетекшілік еткен Алина Меңдібай мен Досбол Қасымов және Ағымсалы Дүзелхановтан тұратын авторлық дизайнерлер тобына тапсырылды.

Мәдениет пен ғылымның және саясаттың әр түрлі салаларындағы Қазақстанның ірі қайраткерлерінің портреттерін ұлттық ою-өрнекпен үйлестіріп шығару туралы шешім қабылданды. Ал артқы бетінде сәулет ескерткіштері мен Қазақстанның әсем көріністері орналасқан. Бұл серияның дизайны қарындаш, акварель және темпер көмегімен қолмен жасалды.

1993 жылы 12 қарашада Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы" жарлыққа қол қойды. 15 қарашадан бастап теңге елдегі жаңа есеп айырысу бірлігіне айналды.

Бұл күні банкноттардың бірінші сериясы "Портреттер" айналымға енгізілді:

  • 1 теңгеде – әл-Фарабидің портреті
  • 3 теңгеде – Сүйінбайдың портреті
  • 5 теңгеде – Құрманғазының портреті
  • 10 теңгеде – Шоқан Уәлихановтың портреті
  • 20 теңгеде – Абай Құнанбаевтың портреті
  • 50 теңгеде – Әбілқайыр ханның портреті
  • 100 теңгеде – Абылай ханның портреті.

Банкноттар фабрикасы қалай құрылды

1992 жылы 26 мамырда Қазақстан ұлттық банкі үшін полиграфия фабрикасын құру туралы президенттің жарлығы шықты. Егемен Қазақстан тарихында тұңғыш рет 1993 жылы маусымда қағаз тиындар мен бағалы қағаздар шығаратын цех іске қосылды.

Алғашқы банкноттарды Англияның Harrison&Sons фирмасы басып шығарды. Олар апта бойы ұшақпен 18 рейс жасау арқылы Қазақстанға жеткізілді.

Осындай көпжылдық тәжірибенің арқасында Алматыдағы Банкнот фабрикасы өзінің жеке баспа базасында барлық әлемдік сапа мен технология стандарттарына сай келетін банкноттар шығарылымын толық жолға қойды.

Отандық монеталар қайда соғылады

Қазақстан теңге сарайы 1992 жылы Өскемен қаласындағы Үлбі металлургия зауытының негізінде құрылды.

Айналымдағы монеталардың алғашқы коммерциялық партиясы 1998 жылы қарашада Қазақстан теңге сарайында шығарылды. Кәсіпорын Ұлттық банктің түсті металдардан, алтыннан және күмістен ұлттық валюта монеталарын шығару жөніндегі тапсырыстарын орындайды.

Олар диаметрі 100 миллиметрлік, салмағы килограммға дейін тартатын шеңберлі, естелік, коллекциялық монеталар мен түрлі номиналды "proof" сапасындағы бағалы металдардан жасалған ерекше заттар. Монета сарайы сонымен қатар мемлекеттік наградалар мен медальдар да шығарады.

Қазақстандық теңге сарайы Монета сарайлары қауымдастығының мүшесі болып табылады. Ал оның құрамына осы нарықтың алпауыттары кіреді. Мысалы, мың жылдық тарихы бар Англияның Корольдік монета сарайы.

Қазақстан монеталарды таяу және алыс шетелдердің де тапсырысын орындайды.

Айналымда қандай банкноттар мен монеталар бар

Қазақстанда 27 жыл ішінде теңгенің төрт сериясы шығарылды. Алты номинал мен жеті монеталардан бірқатар банкноттар қалыптасты. Номиналды сериялар есептеудің екілік және ондық жүйелерінің артықшылықтарын қамтитын етіп жасалған. Бұл түрлі елдердің валюта нарығындағы номиналдар қатарын құрудың ең кең таралған схемасы болып табылады.

Бүгінгі күні банкнот сериясы 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10 000 және 20 000 теңгелік банкноттар номиналдарымен ұсынылған. Ал монеталар қатары – 1, 2, 5, 10, 20, 50, 100 және 200 теңгелік монеталармен қалыптастқан.

Айналымға шығарылған барлық банкноттар шартты түрде "Портреттер", "Әл-Фараби", "Бәйтерек", "Самұрық" сияқты бірнеше серияға бөлінеді.

Ұлттық валюта монеталары шартты түрде үш түрге бөлінеді: айналым, инвестиция және коллекция.

Ақшаның қорғалуы

Жаңа банкноттардың дизайны мен қорғау ерекшеліктерінде халықаралық тәжірибеде күрделі баспа элементтерін көбейту үшін қолданылатын ақша белгілерін басып шығару саласындағы соңғы жетістіктер пайдаланылады: кескіндер бедері мен бояулардың, металл жылтырлығы, сандардың түрлі көлемді болуы, күрделі су белгісі, қағаздың қауіпсіздігі, әсіресе түсті-түсті банкноттың алдыңғы және артқы бетінің күрделі арақатынасы.

Банкноттардың қорғаныс қасиеттері әр түрлі: номиналдың құнынан қарай оның қорғаныс қабілеті жасалады. Мысалы, 200 теңгелік купюрада 10 мың теңгелікке қарағанда қорғаныс құралдары аз болады. Айталық, 10 мың теңгелік банкнотта 18 дәрежелі қорғаныс бар.

Халықаралық марапаттар

Қазақстан банкноттары халықаралық көрмелер мен байқауларда жоғары баға алады.

Халықаралық банкноттар қоғамы (IBNS) бар – бұл жыл сайын интернетте дауыс беру арқылы жылдың үздік банкноттарын таңдайтын бүкіл әлемнің банкнот коллекционерлерінің тәуелсіз бірлестігі. Қоғамдастық мүшесі ретінде 90-нан астам елдің сарапшылары тіркелген.

Қазақстандық банкноттар үш жыл қатарынан, 2011 жылдан бастап 2013 жылға дейінгі аралықты қоса алғанда, әлем бойынша ең үздік деп танылды. 2014 жылы түркі жазуына арналған қазақстандық "КҮЛТЕГІН" ескерткіш банкноты осы қоғамдастықтың пікірі бойынша 2013 жылдың ең үздік банкноты болды.

Халықаралық валюта қауымдастығы (IACA) 2007 жылы 10 мың теңгелік банкнотты әлемдегі ең үздік деп таныды.

Оқи отырыңыз: Экономистер теңгенің болашағына болжам жасады

Сондай-ақ, 2016 жылы High Security Printing Europe конференциясында номиналы 20 мың теңгелік банкнот та марапатқа ие болды. Ол 2015 жылдың ең үздік аймақтық банкнотасы деп танылған болатын. Сол жылы IACA оны валюта саласындағы ең жақсы техникалық жетістігін айрықша атап өтті.

Сонымен қатар, 2000 жылдан бастап, Қазақстан теңге сарайы мен Ұлттық банк жыл сайын халықаралық байқауларға қатысады. Бүгінге дейін дизайн мен технологиялық жаңашылдығымен әртүрлі номинациялардағы 23 марапатқа ие болды.

291
Кілт сөздер:
ұлттық валюта, теңге
Тақырып бойынша
БЖЗҚ салымшылары тоғыз айда 1 триллион теңге инвестициялық табыс алды
1,2 миллион теңге жалақы алатын алимент төлеуші пәтері мен көлігінен айырылды
"5,4 миллиард теңге жымқырған": Tengri банктің экс-менеджерлері күдікке ілінді
Ұлттық валюта тағы біраз нығайды
Ұлттық банк валюта айырбастауға тыйым салынады деген ақпаратқа түсініктеме берді
Қарағанды облысындағы санитарлық бекет

Қарағанды облысында санитарлық бекеттер арқылы өту ережелері енгізілді: нені білу қажет

235
Қарағанды облысында қойылған тоғыз санитарлық бекеттің үшеуінен өту үшін propusk.kz сайтына тіркелу қажет

Тіркелуді талап ететін санитарлық бекеттер

  • Қызылорда - Павлодар автомобиль жолы (Молодежный ауылының жаны).
  • Павлодар - Баянауыл - Бұқар жырау - Қарағанды автомобиль жолы (Үміткер ауылының жаны).
  • Қарағанды - Аягөз - Бұғаз автокөлік жолының Семей бағытына қарай 271-ші шақырымы (Кентөбе ауылының жаны).

Бұл бекеттерден өту үшін ПТР тестінің нәтижесі талап етілмейді, деп атап өтті Қарағанды облысының әкімдігі.

Алайда, сайтта өзіңіз туралы мәліметтерді көрсетуіңіз қажет:

  • Аты-жөні;
  • ЖСН;
  • телефон нөмірі;
  • автокөліктің мемлекеттік нөмірі,
  • санитарлық бекет;
  • тұрғылықты мекенжай;
  • келген азаматтың мекенжайы;
  • сапар мақсаты;
  • растайтын құжат.

Propusk.kz веб-сайтында тіркелмей-ақ осы бағыттар бойынша қозғалуға рұқсат етілетіндер: құқық қорғау органдары, медицина қызметкерлері және арнайы қызметтер; халықтың өмірін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлері; жүк көліктері; транзиттік көліктер; Қарағанды облысына жергілікті тіркеумен кіретіндер; емделуге келетіндер.

Вахталық режиммен жұмыс істейтіндер және тұрғылықты жерінен жұмыс орнына баратындар және жұмыс орнынан тұрғылықты жеріне қайтып келетіндер өздері туралы мәліметтерді propusk.kz сайтында қалдыру қажет.

Барлық басқа санитарлық бекеттен өту үшін propusk.kz сайтына тіркелу талап етілмейді.

Санитарлық бекеттерде полиция қызметкерлері мен дәрігерлер кезекшілік етеді. Олар жүргізушілер мен жолаушылардың денсаулығын тексереді. Бақылауға термометрия және сауалнама жүргізу кіреді.

Бұл аймақта тоғыз санитарлық бекет қойылған. Олар Жезқазғанда, Приозерск, Ұлытау, Нұра, Бұқар жырау, Қарақаралы аудандарында және Осакаров ауданында екі бекет, сондай-ақ, Бұқар жырау ауданындағы Центральный ауылында орналасады.

Қазақстандықтардан көршілес облыстарға айрықша қажеттілік тумаған жағдайда бармау, бетперде кию және эпидемияға қарсы барлық шараны сақтау сұралуда.

235
Кілт сөздер:
Қарағанды облысы
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы

Ақтөбе облысында дау тудырған шошқа фермасының иесі тұрғындарға жауап берді

0
(Жаңартылды 10:06 24.11.2020)
Ол Қазақстан үкіметінің тиісті қаулысы шықса, тұрғындар ағымданып жатқан ферманы жабуға дайын екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша - Sputnik. Бестамақтағы шошқа фермасының иесі Гайк Тертерян мал шаруашылығы кешені төңірегіндегі дауға қатысты пікір білдірді. 

Ол жоғары деңгейде талап қойылса, кешенді жабуға дайын екенін айтты, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

"Егер үкімет шешім қабылдаса, біз ферманы жабамыз. Бірақ бұл тез арада шешілетін нәрсе емес. Шошқа саны көп. Біздің әлі екі жылымыз бар. Кредит төлеуіміз керек", - деді ол.

Кәсіпкер аудан бюджетіне жүздеген миллион теңге салық төлеп отырғанын жеткізді. Сол ақша мектептер, мешіттер жұмысына жұмсалып, бюджеттік саладағы қызметкерлерге жалақы төленеді деп отыр.

Гайк Тертерян отбасылық жағдайға байланысты қазір Арменияда екенін айтты. Ол елдегі әскери жағдай салдарынан Ақтөбеге орала алмай отыр. Алайда жанжал туралы естігенін жеткізді.

0