Дерекқор

Қазақстанның энергетика министрі Қанат Бозымбаев туралы не білеміз?

© Sputnik / Болат Шайхинов Қазақстанның энергетика министрі Қанат Бозымбаев
 Қазақстанның энергетика министрі Қанат Бозымбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қанат Бозымбаев 2019 жылдың 25 ақпанында Қазақстан Республикасының энергетика министрі болып тағайындалды

Қанат Алдабергенұлы 1969 жылдың 8 қаңтарында Алматы қаласында туған.

Білімі мен біліктілігі

– 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясының   "Экономикалық және әлеуметтік жоспарлау" факультетін бітірген;

– ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі.  

Отбасылық жағдайы

Үйленген. Әйелі  – Бозымбаева Эльмира Сатыбалдықызы, балалары– Дәурен (1993), Адина (2000 ), Әмина (2005).

© Sputnik / Болат ШайхиновҚазақстанның энергетика министрі Қанат Бозымбаев
Қазақстанның энергетика министрі Қанат Бозымбаев туралы не білеміз? - Sputnik Қазақстан
Қазақстанның энергетика министрі Қанат Бозымбаев

Жұмыс тәжірибесі 

  • "Эдем лтд" ЖШС экономисі (1993-1994);
  • Алматы қаласы әкімінің көмекшісі (1994-1997);
  • "Алмаз және Компания" СӨБ экономикалық мәселелер бойынша директоры (1997);
  • Қазақстан Республикасы экономика және сауда министрлігіндегі өңірлік саясат бөлімінің бастығы (1997);
  • "Мұнайды тасымалдау жөніндегі "ҚазТрансОйл" ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамының жиынтық-қаржылық департаментінің бастығы, экономикалық мәселелер бойынша вице-президенті (1997-1998);
  •  Энергетика, индустрия және сауда министрлігіндегі мұнай мен газ департаментінің директоры (1998-2000);
  • Қазақстанның энергетика, индустрия және сауда вице-министрі (2000);
  • "KEGOK" АҚ бірінші вице-президенті (2001);
  • "KEGOK" АҚ президенті (2001-2007);
  • Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығындағы Директорлар кеңесінің төрағасы (2003-2007);
  • "AirAstana" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (2007);
  • "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы (2007-2008);
  • "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (2008);
  • "Самұрық" холдингі" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы (2007-2008);
  • "KEGOK" АҚ басқарма төрағасы (2008-2009);
  • Жамбыл облысының әкімі (2009-2013);
  • Павлодар облысының әкімі (2013-2016);
  • 2016 жылдың 25 наурызында энергетика министрі болды. 2019 жылдың ақпанында үкімет отставкаға кеткеннен кейін энергетика министрі қызметіне қайта тағайындалды. 

Марапаттары

  • "Құрмет" ордені
  • "Парасат" ордені
  • 3 дәрежелі "Барыс" ордені
  • "Астананың 10 жылдығы" медалі
  • "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы" медалі
  • "Астананың 20 жылдығы" мерейтойлық медалі
Жаңалықтар
0