Бердібек Сапарбаев

Жаңа еңбек министрі: Бердібек Сапарбаев туралы деректер

2485
(Жаңартылды 11:15 26.02.2019)
Бердібек Сапарбаев 2019 жылы 25 ақпанда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды

Бердiбек Машбекұлы Сапарбаев 1953 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы Бесарық ауылында туған.

Білімі

1977 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітіреді.

Отбасылық жағдайы

Әйелі Қалдығайша Сапарбаева екеуі үш бала тәрбиелеп отыр: қызы Ақбота, ұлдары Бауыржан мен Жансұлтан. 

Тағы оқыңыз: "Ұйықтап жүретін" әкімдер Бердібек Сапарбаевтан сөз естіді

Еңбек өтілі

  • Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы "Задария" совхозында жұмысшы (1969-1971);
  • Кеңес әскері қатарында болды (1971-1973);
  • Қазақ КСР Қаржы министрлігі Мәдениет және денсаулық сақтауды қаржыландыру басқармасының экономисі (1977), аға экономисі (1978), жетекші экономисі (1983), бас экономисі (1985);

 

Бердибек Сапарбаев
© Sputnik / Асем Миржекеева
Бердібек Сапарбаев

 

  • Қазақ КСР Қаржы министрлігі Мәдениет және денсаулық сақтауды қаржыландыру басқармасы бөлім бастығының орынбасары (1986);
  • Қазақ КСР Қаржы министрлігі Халыққа білім беру министрлігі жоспарлау-қаржы басқармасының басшысы (1988);
  • ҚР Білім министрінің орынбасары (1988-1993);
  • ҚР Президенті аппараты бөлімі мен ҚР Министрлері кабинеті меңгерушісінің орынбасары(1993);
  • ҚР Министрлері кабинеті істер басқармасы қаржы, еңбек және әлеуметтік қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары және меңгерушісі (1994-1995);
  • ҚР Министрлері кабинеті аппаратының басшысы (1995);
  • Қызылорда облысының әкімі (1995-1999);
  • Оңтүстік-Қазақстан облысының әкімі (1999-2002);

Тағы оқыңыз: Сапарбаев ақтөбеліктердің жалақысын ең кемі 10 пайызға көтермек

  • ҚР Қаржы вице-министрі және ҚР Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы (2002-2006);
  • ҚР премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары – парламенттегі үкіметтің өкілі (2006 – 2007);
  • ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі (2007 жылдың 9 ақпанынан 2007 жылдың 27 тамызына дейін);
  • ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі (2007-2009);
  • Шығыс Қазақстан облысының әкімі (2009-2014);
  • ҚР премьер-министрінің орынбасары (2014-2015);
  • Ақтөбе облысының әкімі (2015-2019).
Продукция мясоперерабатывающего комбината Шалқар еті
© Photo : пресс-служба акима Актюбинской области
Бердібек Сапарбаев

Марапаттары

  • "Құрмет" ордені (1999);
  • "Астана" (1998) медалі;
  • "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл" медалі (2001);
  • "Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл" медалі (2005);
  • "Парасат" ордені (2007).

Ғылыми атағы

Экономика ғылымдарының докторы, профессор.

2485
Кілт сөздер:
Бердібек Сапарбаев
Тақырып:
Өмірбаяндар (111)
Тақырып бойынша
Назарбаев ақпарат және коммуникациялар министрлігін таратып жіберді
Ұлттық банктің төрағасы отставкаға кетті
Үкіметтің жаңа құрамы белгілі болды
Назарбаев жаңа білім министрін тағайындады
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов туралы не білеміз?
Сайлау, дауыс беру, иллюстративті сурет

Мәжіліс сайлауы: кім дауыс бере алады

549
Мәжіліс сайлауында дауыс беруге құқылы сайлаушылар, дауыс беру уақыты мен тәртібі туралы Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз

Қазақстанның 18 жасқа толған кез келген азаматы, тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауда дауыс беруге құқылы.

Сайлауға сот iс-әрекетке қабілетсiз деп таныған, сондай-ақ сот үкiмiмен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар қатыспайды.

Мәжiлiс депутаттарын сайлаған кезде сайлаушылар тiзiмi жасалады. Азаматтар жасырын дауыс береді және сайлаушылардың еркiн бiлдiруiне қандай да болсын бақылау жасауға тыйым салынады.

Сайлаушылар тізімінде сайлаушының тегi, аты, әкесiнiң аты, туған жылы (он сегіз жастағылар үшiн – қосымша күнi мен айы), жеке сәйкестендіру нөмірі және тұрғылықты мекенжайы көрсетiледi.

Әрбір сайлаушы сайлау жарияланған немесе тағайындалған кезден бастап тиісті әкімдікте сайлаушы ретінде тіркелуге құқылы.

Сайлау күні басқа қалада жүргендер қалай дауыс береді

Егер азамат басқа өңірде жүріп, дауыс беретін күні сайлаушы ретінде тіркелген қаласына бара алмайтынын білсе, онда өзі жүрген қаланың әкімдігіне жүгінуге құқылы. Жазбаша өтiнiшті сайлаудан кемінде отыз күн бұрын беру керек.

Азамат өтiнiш жасаған соң, әкімдік оны тiркелген жері бойынша сайлаушылар тiзiмiнен шығарып, сол қаладағы дауыс беретiн учаскенiң сайлаушылар тiзiмiне енгiзеді.

Дауыс беру уақыты

Дауыс беру сайлау күнi жергiлiктi уақытпен сағат 07.00-ден 20.00-ге дейiн өткiзiледi.

Алайда учаскелiк сайлау комиссиялары басқа уақытты белгiлей алады. Бұл орайда дауыс берудi сағат 06.00-ден ерте бастап, сағат 22.00-ден кеш аяқтауға болмайды.

Учаскелiк сайлау комиссиясы азаматтарды дауыс беретiн уақыт пен орын туралы сайлау өткiзiлетiн күнге дейiн он күннен кешiктiрмей, БАҚ арқылы, сондай-ақ, өзге де әдiстермен хабардар етуі тиiс.

Дауыс беру тәртібі

Учаскелiк сайлау комиссиялары дауыс берудің басталуына бiр сағат қалғанда дауыс беруге арналған учаскелердi аша бастайды.

Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы дауыс беру басталардан 30 минут бұрын комиссия мүшелерiнiң қатысуымен сайлау жәшiктерiнде сайлау бюллетеньдерiнiң бар-жоғын, жәшiктердiң бүтiндiгiн тексередi, дауыс беруге арналған жәшiктерге пломба салады немесе мөр басады.  Комиссияның сайлау бюллетеньдерiн беруге жауапты мүшелерiн белгiлейдi.

Әрбiр сайлаушы өзi дауыс бередi.

Тағы оқыңыз: Мәжіліс сайлауы қашан өтеді

Сайлауда дауыс құқығын басқа бiреуге беруге және сол сияқты басқа адам үшiн дауыс беруге жол берiлмейдi.

Бюллетеньдер сайлаушылар тiзiмі негiзiнде жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен соң берiледi.

Сайлаушылар тiзiмге бюллетеньдердi алғаны туралы қол қояды.

Комиссияның бюллетеньдi берген мүшесi оларға өзiнiң қолын қояды, сондай-ақ бюллетеньдi алған сайлаушының тiзiмдегi тегiнiң тұсына қол қояды.

Сайлау комиссиясы төрағасы мен хатшысының бюллетень бepуге құқығы жоқ.

Дауыс берушiлер сайлау бюллетенiн жасырын дауыс беруге арналған кабиналарда толтырады. Оны толтыру кезiнде кабинаға басқа адамның кіруіне тыйым салынады. Бюллетеньдi өз бетiнше толтыруға мүмкiндiгi жоқ сайлаушы өзi сенетiн адамның көмегiн пайдалануға құқылы.

Бюллетеньге қарындашпен белгi қоюға, сондай-ақ оған қандай да болсын түзету енгiзуге жол берiлмейдi.

Толтырылған бюллетеньдердi сайлаушы дауыс беруге арналған жәшiкке салады.

549
Кілт сөздер:
сайлау, Мәжіліс
Тақырып:
Мәжіліс сайлауы
Мәжіліс залы

Мәжіліс сайлауы қашан өтеді

743
(Жаңартылды 18:32 27.09.2020)
Қазіргі шақырылымдағы мәжілістің өкілеттігі 2021 жылдың 24 наурызында аяқталады. Қазақстан президенті парламент сайлауының өтетін күнін 2020 жылдың 24 қазанынан кешіктірмей белгілеуі тиіс

Парламент – Қазақстанның заң шығару билігiн жүзеге асыратын республиканың ең жоғары өкiлдi органы.

Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: сенаттан және мәжілістен тұрады.

Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын 107 депутаттан тұрады. Өкілеттік мерзімі - бес жыл.

Сайлауды кім және қалай тағайындайды

Мәжілістің соңғы сайлауы 2016 жылдың 20 наурызында өтіп, бірінші сессия 2016 жылдың 25 наурызында ашылған еді. Тиісінше, қазіргі шақырылымдағы мәжілістің өкілеттігі 2021 жылдың 24 наурызында аяқталады.

Конституцияға сәйкес, мәжілістің кезекті сайлауы парламенттің жұмыс істеп тұрған шақырылымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі.

Осылайша, төменгі палата депутаттарының сайлауы 2021 жылдың қаңтарынан кешіктірілмей өткізілуі тиіс.

"Қазақстандағы сайлау туралы" Конституциялық заңға сәйкес, мәжілістің кезекті сайлауын президент депутаттар өкiлеттігінің бiтуiне кемiнде бес ай  қалғанда тағайындайды.

Мәжілістің 98 депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің 9 депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды.

Үміткерге қойылатын талаптар

Қазақстан азаматтығы бар және ел аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан, жасы жиырма беске толған адам мәжіліс депутаты бола алады.

Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлануға құқығы жоқ.

Мыналар:

  • сотталғандығы белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адам;
  • сот сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп таныған адам парламенттің депутаттығына, оның ішінде партиялық тізімдер бойынша, кандидат бола алмайды.

Мәжiлiс депутаттығына кандидаттар ұсыну

Партиялық тізімдер бойынша сайланатын мәжіліс депутаттығына кандидаттарды тіркелген саяси партиялар, ал Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын кандидаттарды Ассамблея кеңесі ұсынады.

Мәжіліс депутаттығына сайлау үшін адамдарды партиялық тізімге енгізу саяси партияның жоғары органы мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен жүргізіледі. Саяси партиялардың партиялық тізімдерге осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын адамдарды кіргізуге құқығы жоқ.

Егер сайлауды белгілеу кезінде өзгеше көзделмесе, партиялық тізімдер бойынша сайланатын үміткерлерді ұсыну сайлаудан 2 ай бұрын басталып, оған 40 күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады.

ҚХА сайлайтын кандидаттарды ұсыну сайлаудан 1 ай бұрын басталып, оған 20 күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады.

Кандидатураны алып тастау

Партиялық тізімге енгізілген адам Орталық сайлау комиссиясына жазбаша өтініш бере отырып, өз кандидатурасын партиялық тізімнен кері қайтарып ала алады. Бұл жағдайда ОСК партиялық тізімге енгізілген адамды шығару туралы шешім қабылдайды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңесі, ол ұсынған кандидат Орталық сайлау комиссиясына жазбаша өтініш жасай отырып, кандидатураны кері қайтарып ала алады. Бұл жағдайда ОСК кандидатты тіркеудің күшін жою туралы шешім қабылдайды.

743
Кілт сөздер:
сайлау, мәжіліс депутаты, Мәжіліс
Тақырып:
Мәжіліс сайлауы
Медицина қызметкері

Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан алты адам қайтыс болды

0
(Жаңартылды 10:18 26.10.2020)
Жүзден аса науқастың жағдайы ауыр, 18 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Коронавирус инфекциясынан 240 бала ем алып жатыр

АЛМАТЫ, 26 қазан – Sputnik. Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 6 адам қайтыс болды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

Ведомствоның хабарлауынша, бес адам коронавирустан қайтыс болды, бір адам коронавирус белгілері бар пневмониядан көз жұмды. Ал өткен тәулікте 26 адамнан коронавирус инфекциясы табылды.

Қазір коронавирус инфекциясынан 3 042 адам ем қабылдап жатыр, арасында 246 бала бар. Стационарларда 2 283 науқас жатыр. 759 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. 

Науқастар арасында 119 адамның жағдайы ауыр, 13 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. 18 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Пандемия басталғалы коронавирус инфекциясынан 1 825 адам көз жұмды. Бірінші тамыздан бері коронавирус белгілері бар пневмониядан 394 адам қайтыс болды.

0
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Ғалымдар коронавирус қалай таралатынын видео арқылы көрсетті
Қысқы қолғап коронавирустан қорғай ма – вирусолог жауап берді
Жасанды тыныс алдыру аппаратынсыз коронавирустан емделудің жаңа әдісі табылды
Қазақстандағы коронавирус: комиссия соңғы ақпаратты бөлісті
Нұр-Сұлтанға келген 100-ден астам жолаушы карантинге жіберілді