Ерлан Сағадиев

Ерлан Сағадиев жайлы не білеміз?

1356
(Жаңартылды 13:27 26.02.2019)
Ерлан Сағадиевтың өмірбаянын Sputnik дерекқорынан оқыңыз

Ерлан Кенжеғалиұлы 1966 жылдың 29 қыркүйегінде Алматы қаласында туған.

Білімі мен біліктілігі

– 1990 жылы "экономика" мамандығы бойынша С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған, біліктілігі экономист – саяси экономияның оқытушысы.

– 1993 жылы Миннесота штатындағы (АҚШ) Миннеаполис қаласы Қолданбалы экономика департаменті Университетін бітірді, ғылым магистрі ғылыми дәрежесі бар.

Отбасылық жағдайы

Үйленген. Әйелі – Әйгерім Сағадиева, қызы – Сара Сағадиева.

Ерлан Сағадиев
© Sputnik / Болат Шайхинов
Ерлан Сағадиев

Еңбек өтілі  

  • 1990 жылы – Сыртқы істер министрлігінің Қолданбалы экономика департаментінің халықаралық экономикалық қатынастарды дамыту жөніндегі екінші хатшысы.  
  • 1992 жылдан 1993 жылға дейін – Дүниежүзілік банктің ауыл шаруашылығы департаментінің ахуалын талдау жөніндегі ассистенті, Шығыс Еуропа, ТМД, АҚШ елдерінің кураторы.  
  • 1993 жылдан 1994 жылға дейін – АҚШ-тың Миннеаполис штатындағы Девелопед Технолоджи Рисорста технологиялар маркетингі жөніндегі жобаның жетекшісі.  
  • 1995 жылдан 2004 жылға дейін бизнес салаларында басшылық қызмет атқарған.
  • 2003 жылдан бастап 2009 жылға дейін – "Жаңа технологиялар. Қазақстан" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, бас директоры.
  • 2004 жылдан 2012 жылға дейін – Халықаралық бизнес университетінің президенті.
  • 2008-2009 жылдары – "Инвестициялық қор" АҚ тәуелсіз директоры.
  • 2009-2012 жылдары "Frontier Mining Ltd" директорлар кеңесінің төрағасы, сонымен бір уақытта Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің президенті болды.
  • 2010 жылдан 2011 жылға дейін –Алматы қалалық өңірлік Қаржы орталығы академиясының директорлар кеңесінің төрағасы.
  • 2011 жылдан 2012 жылға дейін – "Қазақстандық жылжымайтын мүлік" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.
  • 2012 жылдан 2013 жылға дейін – Қазақстан Республикасы премьер-министрінің кеңесшісі.
  • 2014 жылғы 7 ақпаннан тамызға дейін – Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі.
  • 2014 жылғы 17 тамыздан  2015 жылғы шілдеге дейін – Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму вице-министрі.
  • 2016 жылғы 10 ақпаннан 2019 жылғы 25 ақпанға дейін – Қазақстан Білім және ғылым министрі.

Марапаттары

  • "Құрмет" ордені (2017);
  • "Астананың 20 жылдығы"  мерейтойлық медалі (2018).

Ғылыми атағы

Экономика ғылымдарының магистрі

1356
Кілт сөздер:
Ерлан Сағадиев, өмірбаян
Архивтегі сурет

"Өзімнен жерідім де, жаза бастағанымды тастап кеттім": Тахауи Ахтанов туралы не білеміз

112
Мемлекеттік сыйлықтың иегері, халық жазушысы Тахауи Ахтановтың өмірі мен шығармашылығы туралы Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз

Жазушы Тахауи Ахтанов 1923 жылдың 25 қазанында Ақтөбе облысының Шалқар ауданында туған.

Бір деректерде жазушы туып-өскен Қарабұтақ ауылындағы мектеп 10 кластық мектеп болмағаны айтылады. Әрі қарай білім алғысы келген ол алтыншы сыныпты бітірген соң табельдегі "6" санын "9" деп өзгертіп, сол құжатпен Алматы мұғалімдер институтына келіп түскен.

Әкесінің аты – Ақтан, анасы – Дәйілхан. Екеуінің Тахауи, Сапа деген екі ұлы болған.

Тахауи Ахтанов 1940 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтына оқуға түседі. Екінші курста оқып жүргенде өзі сұранып майданға аттанады. Алғашқы әдеби көркем шығармалары өлең, очерк түрінде майдан газеттерінің беттерінде жарияланды.

Тахауи да алғашқы шығармашылық ізденісін өлеңнен бастаған. Қаһарлы соғыс жылдарында да, одан кейін де поэзияда бағын біраз сынады. Естеліктерінің бірінде бесінші класс оқып жүргенде алғаш өлең жазғанын айтады.

Тахауидың поэзиядағы ізденісі оқырманға 1949 жылы шыққан "Жастар даусы" деген Қазақстан жас ақындарының танымал өлеңдері мен поэмаларының жинағы арқылы таныс. Ол жерде "Майдан лирикасы" деген атпен 16 өлеңі жарияланған.

Соғыстан кейінгі әдебиет

1942 жылы соғысқа аттанып, төрт рет жараланғанымен, бағына орай елге оралғандардың бірі – Тахауи Ахтанов. Елге аман-есен оралған соң балалық, жастық шағы туралы былай дейді: "Біздің жастығымыз туралы не айтуға болады? Балалығымыз ашаршылықпен тұстас келді. Жастығымыз Отан соғысымен тұстас келді... Соның бәрінен аман қалып, әдебиетке кірген кезде бізде тағы бір майданға енгендей екпін, от бар болатын.

...Жастығымның майданда өткенін айттым. Ал майданның адамды тазалыққа, әділдікке, тәртіпке үйрететіні белгілі. Менің бір іштей шүкіршілік ететінім – осы қасиеттер менің өзімнің де, майдандас тұлғаластарымның да бой-басында қалып қойды ғой деймін".

Тағы оқыңыз: "Үкіметке өкпем жоқ": жазушы Мұхтар Мағауин Қазақстаннан неге кетті

1948 жылы әскер қатарынан босағаннан кейін шығармашылықпен айналысты. Соғыстан кейінгі жылдары әдебиетке келген ол үстінен сұр шинелі түспеген өзге әріптестері секілді аға буын қаламгерлердің шынайы қолдауына ие болды. Құлашын кең жайып, шығармашылыққа ден қойды. Соның нәтижесінде "Қаһарлы күндер", "Боран", "Шырағың сөнбесін" романдары ұлттық әдебиетімізге қосылды. Драматургия саласында қалам сермеді, әңгіме, хикаяттар жазды. Жазушы Әбіш Кекілбаевтың сөзімен айтқанда: "...соғыстан бергі қазақ әдебиетін талантты сыншы, талантты аудармашы, талантты драматург, талантты прозашы Тахауи Ахтановсыз көзге елестету мүмкін емес".

"Қаһарлы күндер" романының жазылуы жайында автордың да айтқаны бар.

"Бұл романның жазылуы онша көп уақыт алмағанымен, толғағы ұзақ болды. Үш жыл бастан кешкен соғыс туралы роман жазуды көп ойладым. 1949 жылы бас жағын жазып, кірісіп те кеттім. Бірақ жұмысым өнбеді. Шамасы, келер жылы болар, Әбдіжәміл Нұрпейісовтің "Курляндия" романы жарық көрді. Соны оқып шығып, ойға қалдым. Шығарма біраз кемшілігі болса да, маған қатты ұнады. Онда сол кездегі қазақ жазушыларының басым бөлігінде жоқ, кәдімгі тірі, жанды сурет, бусанып тұрған өмір бөлшектері бар екен. Ал менің бастап қойғандарымның тұрған дәрежесі одан әлдеқайда төмен болатын. Содан өзімнен-өзім жерідім де, жаза бастағанымды тастап кеттім. Кейде болашақ шығарманы ойлап, толғанып жүрсем де, үш-төрт жылға дейін қайтып оралуға зауқым соқпады. Сын мен көркем аударма саласында жұмыс істей бердім",- деген еді Тахауи Ахтанов.

Ал қаламгер Ғабит Мүсірепов Тахауи Ахтанов жайлы былай дейді:

"Ұлы Отан соғысынан кейін әдебиетке келгендердің ішінде мен төрт жігітті, төрт прозаикті бөліп атар едім. Олар: Тахауи Ахтанов, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Зейнолла Қабдолов, Сафуан Шаймерденов. Бұлардың қай-қайсының да мүшел жастары партия мен үкімет тарапынан еленбей қалған емес. Ал, партия мен үкімет тарапынан олардың еңбегінің еленуі – халықтың бағалауынан туып отырады. (...) Майданнан қайтқан Тахауи Ахтанов "Қаһарлы күндер" атты романымен Ұлы Отан соғысы тақырыбын бастады. Дәл осы тақырып – меніңше, Аханов творчествосының негізгі тақырыбы ғой деп ойлаймын. Сол романымен-ақ совет әдебиетіндегі Ұлы Отан соғысы тақырыбына жазылған шығармалардың ішінде кеуде тұстағы туынды болды. Сол шығармасымен ол соғыстан кейінгі дәуірде әдебиетке келген жастардың алды болса, бүгінде алпысқа келгендердің де алдыңғы сапында", - деді қаламгер Ахановтың алпыс жылдық мерейтойы қарсаңында.

Ахтановтың шығармашылығы мен еңбек жолы

Жазушының өнімді де жемісті еңбек еткен жанры – проза мен драматургия. Баспасөз бетінде алғаш жарық көрген әңгімесі – "Күй аңызы".

"Боран" романы Тахауи Ахтановтың шығармашылығында алатын орны ерекше. Қаламгер ретінде тәжірибесі толысқан шағында жазылған бұл туындысына автор үлкен ізденіспен келген. 1963 жылы "Дала сыры" повесі болып жарияланып, қайта өңдеу, толықтырудан соң "Боран" драмасына, содан кейін осы аттас романға айналды. Осы шығарма үшін жазушы 1966 жылы Абай атындағы мемлекеттік сыйлықты иеленді. Роман көптеген шетел тіліне аударылды.

Ал мемлекеттік сыйлықтың иегері Тахауи Ахтановтың "Шырағың сөнбесін" романы өткен ғасырдың 60-80 жылдары қазақтың ұлттық прозасын көркемдік биік деңгейге көтерген, шеберлік тағылымы мол туынды.

Тағы оқыңыз: "Мемлекеттік қызметте жүру қиын болды": жазушы Төлен Әбдік жайлы қызық деректер

1968 жылы жазылған "Сәуле" драмасы, одан кейінгі "Боран", "Ант", "Әке мен бала" драмалары да қазақ сахнасының өміршең туындыларына айналды. "Махаббат мұңы", "Күтпеген кездесу" драмалары, "Арыстанның сыбағасы", "Күшік күйеу" комедиялары қазақ, орыс және туысқан халықтар сахнасында қойылды.

Толстойдың "Азапты сапарда" трилогиясын, М.Горькийдің әңгімелерін қазақ тіліне аударды.

Көркем әдебиет баспасында редактор, бөлім меңгерушісі, киностудияда сценарий бөлімінің бастығы, "Әдебиет және искусство" – "Жұлдыз" журналының редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, көркемөнер бас басқармасының бастығы, республикалық кітап палатасының директоры сияқты жауапты қызметтер атқарды.

ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, екі рет Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту, "Құрмет белгісі" ордендерімен марапатталған. Қаламгерге Қазақстанның Халық жазушысы атағы берілген.

Халқына өшпес мұра қалдырған Тахауи Ахтанов 71 жасқа қараған шағында 1994 жылы 25 қыркүйекте ұзаққа созылған сырқаттан қайтыс болды.

Жазушының қазасына қатысты ақын Өтеген Оралбаев:

  • Сынды тағы,
  • Тыңды тағы бір алып.
  • Қазақ сөзін бір асқарға шығарып.
  • Шырақ сөнді,
  • Ажал жеңді, амал не?
  • Оның сөзін оқыдым мен дұға қып, деп жазды.

Ал ақын Есенғали Раушанов:

  • Ой, Кеңсай, мен қайтейін биігіңді,
  • Басыңа қап-қара бұлт үйірілді.
  • Теңселтіп нән кемені барады алып,
  • Қара су есік алды иірімді.
  • Нән кеме гауһар-маржан толған іші,
  • Бағасыз жез бен мыста болмады ісі.
  • Тік жүріп, тік құлаған сені көрдім,
  • Қазақы қара сөздің жолбарысы, деп жоқтады.
112
Кілт сөздер:
өмірбаян, жазушы, шығармашылық
Тақырып:
Өмірбаяндар
Архивтегі сурет

Банк картаны бұғаттап тастаса, не істеу керек

1373
Қазақстанда заң бойынша карта шоты емес, төлем картасы бұғатталады. Банк картаны қандай себептермен бұғаттауы мүмкін және мұндай кезде не істеу керек? Толығырақ Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз

Қазақстандықтар тауар мен қызмет ақысын төлеу үшін төлем картасы жиі пайдалана бастады. Ұлттық банктің мәліметінше, соңғы бес жылда халықтың ақша аударымдары мен мен қолма-қол ақшасыз төлемдерінің көлемі 22 есеге өсіп, 2020 жылы 35,3 триллион теңгені құраған. Бүгінде төлем картасы қазақстандықтар үшін есеп айырысудың негізгі құралына айналды.

Картаның бұғатталуы деген не

Қазақстан заңнамасы аясында "бұғаттау" ұғымы төлем карталарына ғана қатысты қолданылады. Бұғаттау – төлем картасын пайдаланып операция жасауға, соның ішінде тауар ақысын төлеуге және қолма-қол ақша шешіп алуға тыйым салу.

Қазақстанда "карта шоты" деген бөлек ұғым жоқ. Төлем картасы – адамға кәдімгі банк шотына жол ашатын құрал.

Тағы оқыңыз: Басқа біреу сіздің атыңыздан кредит алса не істеу керек: қарыздан құтылу жолдары

Төлем картасын бұғаттау шарттары, атап айтқанда тәртібі, әдістері мен банктің клиентке хабарлама жолдау ережелері картаны шығару туралы келісімшартта жазылады. Сол себепті келісімшартқа қол қоймастан бұрын оны мұқият оқып алған жөн.

Банк қай кезде картаны бұғаттауы мүмкін

1. Егер ПИН-код бірнеше рет қате енгізілсе

Кейбір банктерде банкоматта ПИН-кодты үш рет немесе бес рет қате терсеңіз, карта автоматты түрде бұғатталады. Әдетте банк клиенттерге бұл жайлы ескертеді және қосымша ақпарат үшін сол банктің байланыс орталығына жүгінуді ұсынады.

Мұндай жағдайда ПИН-код енгізу есептегішін нөлге түсіру қажет. Мұны банктің мобильді қосымшасындағы "Баптау" бөлімінде жасауға болады немесе банктің call-орталығына хабарласу қажет.

2. Егер транзакция банкке күмәнді көрінсе

Қазақстан банктері күмән тудыратын транзакцияларға көп көңіл бөледі. Қолма-қол ақшасыз төлем өскен сайын қаржы алаяқтығы да көбейіп барады. Сол себепті банктер картамен жасалатын алаяқтық операциялардың алдын алу үшін тиісті шараларды қолға алуда.

Егер, банктің пікірінше, операция күмәнді көрінсе, банк карта бойынша транзакцияның жекелеген түрлеріне жүйелік шектеулер қоюы мүмкін. Нәтижесінде карта мен оған байланған банк шоты бұғатталады. Осыдан кейін банк клиентпен байланысқа шығады: SMS, электронды пошта немесе телефон нөмірі арқылы.

Күмәнді транзакция байқалса және картаны бұғаттауға негіз болған жағдайда банк клиенттің мүддесі мен қаражатын қорғау үшін оны бұғаттайды.

Тағы оқыңыз: "Нені дұрыс жасамай жүрсіз?" Ақша жинаудың қарапайым 15 тәсілі

Егер қаржы институтының күмәні расталып, алаяқтар шотыңыздан ақша шешіп алуға тырысқаны анықталса, онда бұғаттау операцияны тоқтатады. Мұндай жағдайда банк картаны толығымен бұғаттайды, оны қайтадан шығаруға тура келеді.

Алайда алаяқтар мұндай схеманы өз мақсатында пайдалануы мүмкін. Сізге "банктен" карта бұғатталғаны және оны бұғаттан шығару үшін дереу сілтемеден өту туралы хабарлама келуі мүмкін. Немесе "банк қызметкері" телефон шалып, алаяқтардың шабуылына байланысты карта бұғатталғанын айтады, психологиялық қысым көрсетіп, картаның артқы жағындағы үш таңбалы кодты және SMS арқылы келетін кодты хабарлауды сұрайды. Мүлде сенбеңіз, бұл алаяқтардың ісі. Олар банктер мен басқа да ұйымдардың ресми нөмірлерін қолдан жасауды баяғыда үйреніп алған. Алаяқтың құрбанына айналмас үшін банктің қауырт желісіне қоңырау шалып, карта мен шотыңызды тексеріп алыңыз. Банкке алаяқтардың шабуылы жайлы хабарлауды да ұмытып кетпеңіз.

3. Егер банк заң бұзу белгілерін байқаса

Бұл жерде " Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан заңы сөз болып тұр. Банк операцияны күмәнді деп санаса, карта мен шотты бұғаттайды. Мысалы, ақша қылмыстық жолмен алынса немесе операция терроризмді, я да басқа қылмыстық қызметті қаржыландыруға бағытталса. Банктерде мұндай операцияларды анықтауға көмектесетін белгілер тізімі бар, олар соны басшылыққа алады.

Егер осындай жағдайға тап болсаңыз, мән-жайды анықтау үшін банкке бару керек. Әйтпесе сіз заң бұзатын клиенттердің "қара тізіміне" ілінесіз. Банкке қандай төлем жасағыңыз келгенін түсіндірсеңіз, жеткілікті.

Карта мен шот тағы қандай жағдайда бұғатталады

Банк транзакцияны уақытша тоқтату түрінде шектеу қоюға, сондай-ақ банк шотында жатқан ақшаны бұғаттауға құқылы.

Мұндай шектеулердің бәрі мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың тиісті шешімдері негізінде қолданылады. Сот орындаушы, сот алимент төлемеу, салықтан жалтару, үшінші тұлға алдындағы борыш, айыппұл және тағы басқа бойынша шешімдер негізінде шотты бұғаттауы мүмкін.

Тағы оқыңыз: Кредит картасынан қалай пайда табуға болады

Банк клиенттері төлем картасының бұғатталу себебін, банк шоты бойынша операция жүргізу неге тоқтатылғанын білуге құқылы. Ол үшін сол қаржы институтына бару керек. Егер клиент банк әрекетінің заңдылығына күмән келтірсе, өз құқығы мен мүддесін қорғау үшін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне шағымдана алады.

Банк жалақы картасын бұғаттай ала ма

Жауабы – иә. Себебі сізге жалақы түсетін карта кәдімгі төлем картасымен бірдей.

Айта кетері, мемлекеттік жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдер аударуға арналған арнайы шотты ешкім де бұғаттай алмайды. Арнайы шотты, мәселен, әлеуметтік жәрдемақы және мемлекеттен басқа да төлем алатындар, алимент алушылар, білім беру жинақтаушы салымының иелері ала алады.

Ескере кететін жәйт: арнайы шотта жатқан қаражат бұғатталмайды, банктердің немесе сот орындаушыларының талабы бойынша өндіріп алуға жатпайды.

1373
Кілт сөздер:
банк, бұғаттау

Cары-Шағанда зымыранға қарсы жаңа жүйе сынақтан өткізілді видео

0
Ресейдің әуе-ғарыш күштері зымыранға қарсы жаңа жүйені Сары-Шаған полигонында сынақтан өткізді

Бұған дейін Ресейдің қорғаныс министрлігі 2017-2021 жылдары Сары-Шаған полигонында зымыранға қарсы жаңа жүйенің он рет сынақтан өткізілгенін хабарлаған еді.

Қазақстандағы Сары-Шаған полигонын Ресей Федерациясының қорғаныс министрлігі жалға алып отыр. Полигонда сынақ базасының объектілері бар, бұл жерде зымыранға қарсы қорғаныс жүйелерін толыққанды сынап көруге мүмкіндік жасалған.

0