Гүлшара Әбдіқалықова

Үкімет басшысының орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова өмірбаян

8626
Гүлшара Әбдіқалықова 2019 жылдың 25 ақпанында Қазақстан премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды. Әбдіқалықованың өмірбаянын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

Өмірбаяны

Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова 1965 жылы 15 мамырда Қызылорда облысында туған.

Отбасылық жағдайы

Бір қызы бар.

Тағы оқыңыз: Ақпарат және қоғамдық даму министрі: Дәурен Абаев туралы қызықты деректер

Білімі

1987 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек өтілі

  • 1987-1994 жылдары Қызылорда облыстық халықты әлеуметтік қорғау басқармасында аға инспектор, бөлім бастығы болып жұмыс істеген;
  • 1994-1995 жылдары –  ҚР жоғары кеңесі халықты әлеуметтік қорғау комитетінің консультанты;
  • 1995-2003 жылдары еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, зейнетақымен қамтамасыз ету басқармасының бастығы, әлеуметтік қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары, әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек департаментінің директоры, зейнетақымен қамтамасыз ету және халықтың кірісін реттеу департаментінің директоры лауазымдарында жұмыс істеді;
  • 2003-2005 жылдары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;
  • 2005-2006 жылдары – "Өмірді сақтандыру компаниясы – Мемлекеттік аннуитеттік компания" АҚ басқармасының төрайымы;
  • 2006-2007 жылдары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;
  • 2007-2008 жылдары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы;
  • 2008-2009 жылдары – президенттің кеңесшісі, президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның төрайымы;
  • 2009-2012 жылдары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
  • 2012-2013 жылдары – президенттің кеңесшісі;
  • 2013-2014 жылдары – премьер-министрдің орынбасары;
  • 2014 жылдың 11 қарашасынан 2019 жылдың 25 ақпанына дейін – Қазақстанның мемлекеттік хатшысы.

Ғылыми дәрежесі

Экономика ғылымдарының кандидаты, 15-тен аса ғылыми мақала мен жарияланымдардың авторы.

Тағы оқыңыз: Асқар Мамин премьер-министр болып тағайындалды

Марапаттары

1998 жылы "Астана", 2001 жылы "Ерен еңбегі үшін", 2005 жылы "Қазастан Конституциясына 10 жыл" медальдарымен, 2009 жылы "Парасат" орденімен, "Астанаға 10 жыл", "Астанаға 20 жыл" мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Тағы оқыңыз: Жаңа министр: таяуда жәрдемақының жаңа мөлшері жария етіледі

8626
Кілт сөздер:
еңбек өтілі, өмірбаян, Үкімет, премьер-министр, Гүлшара Әбдіқалықова
Тақырып:
Өмірбаяндар (118)
Тақырып бойынша
Қазақстанның энергетика министрі Қанат Бозымбаев туралы не білеміз?
Асқар Жұмағалиев жайлы не білеміз?
Ерлан Сағадиев жайлы не білеміз?
Қазақстанның жаңа ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов – өмірбаян
Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова туралы не білеміз?
Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы – өмірбаян
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов туралы не білеміз?
қалам

Балалар әдебиетінің бәйтерегі Бердібек Соқпақбаев туралы не білеміз?

188
Қазақ әдебитетіне өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат алып келген көрнекті жазушы Бердібек Соқпақбаев туралы Sputnik дерекқорынан оқыңыз

Жазып та көрдім мен де өлең,

Жазып та көрдім, қара сөз.

Ерте ме, кеш пе, мен де өлем,

Өлмейді тек дана сөз, деп жазған Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы 15 қазанда дүниеге келді. Туған өлексі – Алматы облысының Нарынқол ауданының Қостөбе ауылы.

Әкесі қарапайым малшы болған, оқымаған жан болса да ауыз әдебиеті үлгілерін көп білген дейді. Балаларының анасы көз алдында дүние салды. Ол кезде Бердібек небәрі сегіз жаста болған. Бұғанасы қата қоймаған ол бала күнінен ауыр еңбекке жегілді. Бердібек Соқпақбаевтың өмірі қазақ даласындағы ашаршылық кезеңімен тұспа-тұс келді. Жетімдіктің зардабын шекті.

Балалар әдебиетін алып бәйтерек десек, оған нәр беріп, құнарландырып тұратын күретамыр Бердікбек Соқпақбаев деуге негіз бар. "Балалық шаққа саяхат", "Менің атым Қожа", "Өлгендер қайтып келмейді" шығармалары – жазушының шоқтығы биік туындылары. Бұл шығармаларда жазушы өзі өмір сүрген заманның шынайы келбетін суреттеді. "Балалық шаққа саяхат" повесінде жазушы анасының ұзақ ауырып қайтыс болғанын, емшектегі інісі Тұрдыбек тоқтаусыз жылап қалғанын жазған. Жұпыны үй ішінде бір үзім нанға зәру күн кешкенін бейнелеген.

"Сегіз жасымда шешем өліп, жетім қалдым. Колхоздастырудың алғашқы жылдары, ең бір қиын кез. Осы күннің өзінде жүрегім қарс айырыла жаздайды. Япыр-ау, қалай тірі қалдым? Осы күнге қалай жеттім? Нағыз итжандының өзі екенмін-ау деп таңданамын", - деп жазды қаламгер естелігінде.

"Дүниеде мен үшін одан асқан жексұрын сөз жоқ. Тақиясын қорыған тазшадай осы сөз қай жағымнан сарп ете қалады деп зәрем ұшып, үрейленіп тұрамын. Балалар, менің қымбатты жан достарым! "Жетім" деген тажалдай суық сөзді айтпаңдар, айналайындар! Ұр, соқ, төбелес! Тіпті етінен ет кесіп ал, бірақ әлгідей деп тілдеме. Аяңдар!", -  дейді Бердібек Соқпақбаев "Балалық шаққа саяхат" повесінде.

Бердібек салған соқпақ

Қазақ әдебитетіне өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат алып келген көрнекті жазушы Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаев Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтына отан алдындағы борышын өтеп келгеннен кейін түсіп, оны 1949 жылы аяқтады. Содан кейін Мәскеуде Жоғары әдеби курсты бітірген.

Институт бітірген соң Бердібек Бәшен атты қызға үйленді. Аз уақыттан кейін ол шәкірт тәрбиелеуге ден қойған. Еңбек жолын өзінің туған өлкесі Нарынқолда бастады. Біраз жыл ауыл мектебінде ұстаздық етті.

Балалармен бірге жұмыс істегені оның балалар әдебиетіне тың серпіліс әкелуіне ықпалын тигізді. Шығармашылық жолын балаларға арнап өлең жазудан бастады. Олар "Лениншіл жас", "Қазақ пионері", "Пионер" журналдарында басылып тұрды. 1950 жылы "Бұлақ" атты жыр жинағын шығарған.

Күшігім менің саққұлақ,

Келеді әне шапқылап,

Сақтығыңды көрейін,

Қойшы атайға берейін, деген мектеп оқулықтарындағы өлеңнің авторы да Соқпақбаев.

Содан кейін Алматыға әдеби ортаға келеді. "Қазақ әдебиеті" газетінде, "Балдырған" журналында тартымды мақала, әңгіме жазды.

Бердібек Соқпақбаев өлеңнен прозаға ауысты, сол екі қасиет біріге келе сценарий жазатын болған. Қазақ кино өнерінің алтын қорына енген "Менің атым Қожа" фильмінің сценарийін жазды. 1963 жылы экранға шыққан бұл туынды қазақ кино өнерінің бойтұмарына айналды. Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясында редактор болып жұмыс істеді.

Көргенін көркем суреттеп, көз алдыңа елестетіп жан бітіретін жазушылық қасиетінің арқасында балалар мен жасөспірімдерге арналған 20-дан астам әңгіме, повесть, роман ұсынды. "Менің атым Қожа", "Балалық шаққа саяхат" повестері балаларға арналса, "Бозтөбеде бір қыз бар" жасөспірімдерге, "Өлгендер қайтып келмейді" романы ересектерге арналып жазылған. Оның "Қайдасың, Гауһар" повесінде жазушының бірінші әйелі Бәшенмен тұрған кезі, басынан кешкен оқиғалары қаз қалпында бейнеленген.

Жазушының туындылары КСРО халықтарының және шетелдердің көптеген тіліне аударылып, сахнада, экранда көрсетілді.

Бердібек Соқпақбаевтың кей шығармасы бірнеше жыл бойы қолжазба күйінде жатып қалған. Күллі қазақ білетін "Менің атым Қожа" повесі де алғашында протестік шығарма деп танылды. Сондықтан алдамен орыс тіліне аударылып, кейін ғана қазақ тілінде басылды.

Соған қатысты жазушы Жүсіпбек Қорғасбек "қоғамдағы, идеологиядағы жалғандыққа іштей наразылығы қаламгер романдарының эпизодтарында ашық беріледі" дейді.

1967 жылы балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдердің Канн қаласында өткен халықаралық фестивалінде "Менің атым Қожа" фильмі арнаулы жүлдеге ие болды. Сол арқылы жер жүзінің киносүйер қауымы қазақ елінде кино өнері бар екеніне көз жеткізді, сол арқылы Қазақстанның табиғатын, болмысын білді. Фильмнің шыққанына жарты ғасырдан асса да, көрерменін әлі жалықтырған жоқ.

Бердібек Соқпақбаев Қазақстан Жазушылар одағында балалар әдебиеті жөніндегі әдеби кеңесші болған, одақта 1952-1970 жылдары түрлі қызмет атқарды.

Әке жолымен...

Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларының шет тілдерге аударылуына елеулі үлес қосып жүргендердің бірі – қаламгердің қызы Самал Соқпақбаева. Тегіне тартып, елдің аударма ісіне еңбек сіңірді. Бердібек Соқпақбаевтың талай шығармасын орыс тіліне аударды.

"Менің атым Қожа" повесін әкемнің көзі тірісінде аударып, өзіне көрсеттім. Бұл менің шығармашылық жұмысымның алдыңғы қатарында болған жұмыс. Әкем аударманы ұнатып, жазған еңбегімді қабылдады. "Балам, шығармашылық жолмен жүре бер, қолыңнан біраз нәрсе келеді" деген әкемнің лебізі бар", - дейді Соқпақбаева.

"Қай шығарманы алсаңыз да, үлкен шеберлікпен жазылған... Өте ақылды, жүрегі жомарт кісі болатын. Балаларды жақсы көретін. Біздің отбасыда бізбен бірген тұрғанда мен де еркелеп өстім. Анам да әкемнің шығармашылығын сыйлап, бар жағдайын жасап жүрген әйел болатын", - дейді қызы.

"Бердібек марқұм көп ашуланатын. "Балалық шаққа саяхатта" өз мінезі туралы "ыза болсам, күйіп-жанып, дызақтап кетемін. Ойланбай істеп, ойланбай сөйлеп, өкінетін кездерім көп болады" дейтіні бар ғой. Сондай еді марқұм. Басын кесіп алса да, илікпейтін. Сол кішірейе білмегендігінен де барлық сыйлықтан құр қалған болар. Мақтау қағазын да алмай өтті ғой", - деген бірінші жары Бәшен Баймұратқызы.

Бердібек Соқпақбаев бірінші жарымен екіге айырылған соң бірнеше жылдан кейін Бибігүл есімді қызға үйленген. Одан Әлнұр және Мұхтар деген екі ұл сүйді.

1974 жылы "Өлгендер қайтып келмейді" романы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығына ұсынылды. Бірақ жазушы лауреат атанбаған. Бердібек Соқпақбаев қайтыс болардан аз уақыт бұрын бір топ қаламгер "Халық жазушысы" деген атаққа ұсынылған. Алайда кейін сол атақ алғандар ішінде Соқпақбаевтың есімі болмай шыққан.

188
Кілт сөздер:
Бердібек Соқпақбаев
Тақырып:
Өмірбаяндар (118)
Әділбек Алдабергенов

Запастағы генерал-майор Әділбек Алдабергеновтің өмірбаяны

126
Әділбек Алдабергенов әскери училище курсантынан бастап, Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасарына дейінгі қызмет жолынан өтті. Ол Ауғанстандағы Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті құрамында арнайы мақсаттағы топты басқарды

Генерал-майор Әділбек Алдабергенов туралы не білеміз? Бұл жөнінде Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

Білімі

Әділбек Алдабергенов 1961 жылы 6 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Жұлдыз ауылында дүниеге келген. Қазақ және орыс тілдерін біледі.

1984 жылы Рязань жоғары әуе-десанттық командалық училищесін, ал 1996 жылы Фрунзе атындағы Әскери академияны бітірді.

Еңбек жолы

Алдабергеновтың еңбек жолы ауқымды.

1984-1985 жылдары еңбек жолын Қапшағай қаласындағы Орта Азия әскери округінің 22-1 жеке арнайы мақсаттағы бригадасында (42610 ә/б) арнайы мақсаттағы топ командирі лауазымынан бастады.

1985-1986 жылдары Ауғанстан, Забуль провинциясының Шахджой елді мекенінде орналасқан 22-ші жеке арнайы мақсаттағы бригада құрамында 186-шы жеке арнайы мақсаттағы жасақта арнайы мақсаттағы топ командирі болды. Осы кезде ол 50-ден астам барлау жұмыстарын жүргізді.

1986-1988 жылдары – арнайы мақсаттағы топтың командирі, 546-шы арнайы мақсаттағы оқу полкінің (71170 ә/б) рота командирі, Қапшағай қаласы.

1988-1991 жылдары – ГКӘТ құрамында (Германиядағы Кеңес әскерлерінің тобы) арнайы мақсаттағы үшінші жеке гвардиялық бригада барлау ротасының командирі (83149 ә/б), Фюрстенберг қаласы.

1991-1992 жылдары – 3-ші жеке гвардиялық арнайы мақсаттағы бригадасы (21208 ә/б) ЕОӘО (Еділ-Орал әскери округі) арнайы мақсаттағы жасақ командирінің штаб бастығы, Самара облысының Рощинск елді мекені.

1992-1993 жылдары – Қапшағай қаласындағы 35-ші жеке гвардиялық әуе-десанттық бригадасы парашюттік-десанттық батальоны командирінің орынбасары, командирі (32363 ә/б), Қапшағай қаласы.

1995-1998 жылдары – штаб бастығы – 35-ші жеке гвардиялық десанттық-шабуылдау бригадасы командирінің орынбасары (32363 ә/б), Қапшағай қаласы.

1998-2001 жылдары – 35-ші жеке гвардиялық десанттық-шабуылдау бригадасының командирі (32363 ә/б), Қапшағай қаласы.

2001-2004 жылдары – Қарулы Күштер мобильді күштері қолбасшысының орынбасары – штаб бастығы, бірінші орынбасары.

2004-2007 жылдары – "Батыс" өңірлік қолбасшылығында штаб бастығы, қолбасшының бірінші орынбасары.

2007-2008 жылдары – "Шығыс" өңірлік қолбасшылығында штаб бастығы, қолбасшының бірінші орынбасары.

2008-2009 жылдары – 14776 ә/б командирі, Астана (Нұр-Сұлтан).

2009-2013 жылдары – Қарулы Күштер Құрлық әскерлері Аэроұтқыр әскерлерінің қолбасшысы.

2013-2016 жылдары – Қарулы Күштер Құрлық әскерлері Бас қолбасшысының бірінші орынбасары, штаб бастығы.

2016 жылдың 22 қазанынан – Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары.

2021 жылдың наурызында Қорғаныс министрлігінде генерал-майор Әділбек Алдабергеновтың әскери қызметтен босатылуына және құрметті демалысқа шығуына орай салтанатты шара өткізілді.

Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қалыптасуы мен дамуына орасан зор үлес қосты, Аэроұтқыр әскерлерін басқарды.

Марапаттары мен атақтары

Әділбек Алдабергеновтің наградалары ішінде – Қызыл Жұлдыз ордені (1986), ІІ дәрежелі "Айбын" ордені, ІІ дәрежелі "Даңқ" ордені және І дәрежелі "Даңқ" ордені, 14 медаль бар.

2007 жылдың 7 мамырынан бері – генерал-майор.

126
тауарлы поезд

Қазақстан, Ресей және Өзбекстан агроөнім тасымалдайтын "жасыл дәліз" құрады

0
Агроэкспресс пойыздар кешікпей, жылдам жүруі керек. Бұл тез бұзылатын өнімдерді жеткізу үшін аса маңызды

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде — Sputnik. Қазақстан мен Ресей агроөнімдерді тасымалдауға арналған "жасыл дәліз" құру жайын талқылап жатыр.

"Ресей – Өзбекстан" агрологистикалық дәлізі үшжақты болуы керек. Себебі тауарлардың жүк ағыны Қазақстан аумағы арқылы өтіп жатыр", - деді "Ресей экспорт орталығы" АҚ бас директоры Вероника Никишина.

Ол бұл туралы сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевпен кездесу кезінде мәлімдеді, деп хабарлады министрлік.

"Пойыздар кешігусіз, жылдам жүруі үшін бақылаушы органдардың жұмысын үйлестіру керек болады. Себебі бұл жылдам бұзылатын тауарларды жеткізу үшін аса маңызды. Осылайша біз үш елдің бизнесіне бәсекелестік артықшылық ұсынып, мемлекеттер арасындағы тауар айналымын айтарлықтай ұлғайта аламыз", – деді Вероника Никишина.

Өз кезегінде қазақстандық вице-министр екі ел де оңтүстіктен тауар жеткізуді толыққанды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіп жатқанын айтты.

"Бізге осы жұмысты үйлестіріп, біріздендіру керек. Оның ішінде Ресейден Ауғанстанға дейінгі дәліз бойынша тиімді транзиттік тарифтер қалыптастыру мәселесі де бар", - деді Қайрат Төребаев.

Тараптар Орталық Азия – Қазақстан – Ресей тауарлар ағыны мен Еуразиялық тауар өткізуші жүйе қалыптастырудағы екі ел ынтымақтастығының келешегін талқылады.

Сонымен қатар "Қорғас" және "Орталық Азия" сауда-экономикалық ынтымақтастықтың халықаралық шекара маңындағы орталықтар базасында өнеркәсіптік кооперация бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру жайы қаралды. Оның ішінде Орталық және Оңтүстік Азия мен Қытай сынды үшінші елдің нарығына бірлесіп дайындалған өнімді шығару мәселесі де бар.

Осы аталған мәселелер бойынша жұмысты үйлестіру және тәжірибе алмасу мақсатында тараптар жақын уақытта "Qaztrade" Сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ мен "Ресей экспорт орталығы" АҚ арасында әріптестік туралы келісім жасау жөніндегі мәмілеге келді.

Бұл кездесу вице-министр Қайрат Төребаевтың "Ресей – Ислам әлемі: KazanSummit 2021" ХІІ Халықаралық экономикалық саммитінің жұмысына қатысуы аясында өті. Саммит шеңберінде Қазақстанның сауда-экономикалық миссиясы мен Қазақстан-Ресей бизнес-форумы да өтіп жатыр.

Оқи отырыңыз: Лавров Ресей – Еуроодақ саммитін өткізуге не кедергі екенін айтты

0
Кілт сөздер:
Өзбекстан, Ресей, Қазақстан
Тақырып бойынша
Досаев Тоқаевқа экономика өсімін 3,9% деңгейде жақсарту туралы айтты
Қазақстан халықаралық көрмеде алғашқы отандық дронды таныстырды
Мерзімі өтіп кеткен қандай азық-түлік өнімдерін жеуге болады