Ғабидолла Әбдірахымов

Шымкентті "зың" деп, "вау" етуге уәде берген Ғабидолла Әбдірахымов қызықты деректер

5418
Республикалық маңызы бар Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың өмірбаянын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз

2018 жылдың маусымында Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалған Ғабидолла Әбдірахымов бұл қаланы 2015 жылдың тамызы мен 2017 жылдың қазаны аралығында да басқарған болатын.

Өмірбаяны  

Ғабидолла Рахматоллаұлы Әбдірахымов 1975 жылы 23 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы Кирово ауылында (қазіргі Түркістан облысы) туған.

Тағы оқыңыз: Үкіметтің жаңа құрамы белгілі болды

Білімі

1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін экономист-бухгалтер мамандығы бойынша тәмамдаған.

1997 жылы "Болашақ" бағдарламасымен Германияға оқуға түсті. 1999 жылы  неміс мемлекеттік басқару жоғары мектебінде магистр дәрежесін алды.

Қазақ, орыс, неміс және ағылшын тілдерін біледі.

Тағы оқыңыз: Халықтың ашуына тиген экс-министр: Мадина Әбілқасымова туралы қызықты деректер

Отбасы

Әкесі Рахматолла Әбдірахымов мамандығы бойынша – инженер. Анасы Анапия Майрихова – қазақ тілі және әдебиетінің мұғалімі. Отбасында бес ағайынды.

Үйленген, әйелі Данара Әбдірахымова. Әсел, Аделя, Алтынай есімді қыздары мен Әлихан есімді ұлы бар.

Еңбек өтілі

  • 1996-1997 жылдары – Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінде ассистент;
  • 1999-2001 жылдары – Қазақстанның мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының кеңесшісі, бас маман, бөлім басшысы;
  • 2001-2003 жылдары – мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары;
  • 2003-2005 жылдары – мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы;
  • 2005-2008 жылдары – мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бірінші орынбасары;
  • 2008 жылдың қаңтарынан 2008 жылдың қазанына дейін – мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы;
  • 2008 жылдың қазанынан – премьер-министр кеңсесінің басшысы;
  • 2012 жылдың ақпанынан 2013 қаңтарына дейін – бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы;
  • 2013 жылдың қаңтарынан – президент әкімшілігі басшысының орынбасары;
  • 2015 жылдың тамызынан 2017 жылдың қазанына дейін – Шымкент қаласының әкімі;
  • 2017 жылдың 31 қазанында "Нұр Отан" партиясының хатшысы болып тағайындалды;
  • 2018 жылдың 20 маусымында Шымкент әкімі болып қайта тағайындалды.

Басқа қызметтері:

2001-2008 жылдары – "Болашақ" халықаралық стипендиясы түлектері қауымдастығының президенті;

2008 жылдың 17 қазаны – "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ хатшылығының басшысы.

Тағы оқыңыз: Жаңа еңбек министрі: Бердібек Сапарбаев туралы деректер

Марапаттары:

2006 жылы "Құрмет" орденімен, 2008 жылы "Астананың 10 жылдығы" медалімен марапатталған.

Хоббиі

Хоббиі - шахмат. Сүйіп оқитын әдебиеті - тарих.

Ғабидолла Әбдірахымов туралы қызықты деректер

Ғабидолла Әбдірахымов ең алғаш Шымкентті Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы болып тұрған кезде басқарған болатын. Екі жыл ішінде әкім жаңашылдығымен, креативтілігімен көзге түсіп, қала тұрғындарының жүрегіне жол тапты.

Алғаш тағайындалған күні-ақ Әбдірахымов "Шымкентті тек Қазақстанда ғана емес, әлемдегі ең әдемі шаһарға айналдыруға" уәде еткен еді.

Сонымен қатар, ол Шымкент халқын велосипедке отырғызған басшы ретінде де танымал. 2016 жылы Әбдірахымов велостанцияны пайдалануға бірінші болып жылдық абонемент сатып алды. Кейін БАҚ-қа берген сұқбатында жұмысқа күн сайын велосипедпен баратынын айтқан еді. Биік өкшелі туфли киетін нәзік жандарға да өзінен үлгі алуға кеңес берді.

Бұған қоса, қол астындағыларға бір ай қызметтік автокөлікті пайдалануға  тыйым салып, қоғамдық көлікпен жүруді тапсырды. Тұтас бір қаланы басқарса да, өзі де бір автобустың соңынан жүгіргені ел есінде. Бұл туралы ол журналистерге берген сұқбаттарының бірінде айтқан болатын.

Ал мерекелік шаралардың бірінде "Шымкент қаласы – зың" деп қалалықтарды бір қуантқаны бар.

2017 жылы Ғабидолла Әбдірахымов Астанаға жұмысқа ауысқанда, шымкенттіктер онымен қимай қоштасты. Бірақ көп ұзамай Шымкент  республикалық маңызы бар қала мәртебесіне ие болып, Әбдірахымов қала тізгінін қайта ұстады.

Тағы оқыңыз: Шымкент әкімі халықты неге әйелмен салыстыратынын айтты

Еліміздегі үшінші мегаполиске әкім болып келгеннен кейін Әбдірахымовтың аты тағы да шықты. Бұл жолы ол "халықты әйелге теңеп", Шымкентте бәрін "вау" етуге уәде берді.

5418
Кілт сөздер:
өмірбаян, әкім, Ғабидолла Әбдірахымов, Шымкент
Тақырып бойынша
"Төбем көкке жетті". Шымкент әкімі мұғалімдерге тосынсый жасады – фото
Шымкент әкімі: Егер телефонмен айта алмасаң, онда мүлдем келме – видео
Ғабидолла Әбдірахымов жаңа қызметке тағайындалды
Әбдірахымов шымкенттіктердің табысын көтеруге уәде берді
Астана, Алматы және Шымкент жастарына мың пәтер беріледі
Шымкент әкімі жастарға: Instagram-да отырғанша жұмыс істеңдер
Сайлау, дауыс беру, иллюстративті сурет

Мәжіліс сайлауы: кім дауыс бере алады

398
Мәжіліс сайлауында дауыс беруге құқылы сайлаушылар, дауыс беру уақыты мен тәртібі туралы Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз

Қазақстанның 18 жасқа толған кез келген азаматы, тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауда дауыс беруге құқылы.

Сайлауға сот iс-әрекетке қабілетсiз деп таныған, сондай-ақ сот үкiмiмен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар қатыспайды.

Мәжiлiс депутаттарын сайлаған кезде сайлаушылар тiзiмi жасалады. Азаматтар жасырын дауыс береді және сайлаушылардың еркiн бiлдiруiне қандай да болсын бақылау жасауға тыйым салынады.

Сайлаушылар тізімінде сайлаушының тегi, аты, әкесiнiң аты, туған жылы (он сегіз жастағылар үшiн – қосымша күнi мен айы), жеке сәйкестендіру нөмірі және тұрғылықты мекенжайы көрсетiледi.

Әрбір сайлаушы сайлау жарияланған немесе тағайындалған кезден бастап тиісті әкімдікте сайлаушы ретінде тіркелуге құқылы.

Сайлау күні басқа қалада жүргендер қалай дауыс береді

Егер азамат басқа өңірде жүріп, дауыс беретін күні сайлаушы ретінде тіркелген қаласына бара алмайтынын білсе, онда өзі жүрген қаланың әкімдігіне жүгінуге құқылы. Жазбаша өтiнiшті сайлаудан кемінде отыз күн бұрын беру керек.

Азамат өтiнiш жасаған соң, әкімдік оны тiркелген жері бойынша сайлаушылар тiзiмiнен шығарып, сол қаладағы дауыс беретiн учаскенiң сайлаушылар тiзiмiне енгiзеді.

Дауыс беру уақыты

Дауыс беру сайлау күнi жергiлiктi уақытпен сағат 07.00-ден 20.00-ге дейiн өткiзiледi.

Алайда учаскелiк сайлау комиссиялары басқа уақытты белгiлей алады. Бұл орайда дауыс берудi сағат 06.00-ден ерте бастап, сағат 22.00-ден кеш аяқтауға болмайды.

Учаскелiк сайлау комиссиясы азаматтарды дауыс беретiн уақыт пен орын туралы сайлау өткiзiлетiн күнге дейiн он күннен кешiктiрмей, БАҚ арқылы, сондай-ақ, өзге де әдiстермен хабардар етуі тиiс.

Дауыс беру тәртібі

Учаскелiк сайлау комиссиялары дауыс берудің басталуына бiр сағат қалғанда дауыс беруге арналған учаскелердi аша бастайды.

Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы дауыс беру басталардан 30 минут бұрын комиссия мүшелерiнiң қатысуымен сайлау жәшiктерiнде сайлау бюллетеньдерiнiң бар-жоғын, жәшiктердiң бүтiндiгiн тексередi, дауыс беруге арналған жәшiктерге пломба салады немесе мөр басады.  Комиссияның сайлау бюллетеньдерiн беруге жауапты мүшелерiн белгiлейдi.

Әрбiр сайлаушы өзi дауыс бередi.

Тағы оқыңыз: Мәжіліс сайлауы қашан өтеді

Сайлауда дауыс құқығын басқа бiреуге беруге және сол сияқты басқа адам үшiн дауыс беруге жол берiлмейдi.

Бюллетеньдер сайлаушылар тiзiмі негiзiнде жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен соң берiледi.

Сайлаушылар тiзiмге бюллетеньдердi алғаны туралы қол қояды.

Комиссияның бюллетеньдi берген мүшесi оларға өзiнiң қолын қояды, сондай-ақ бюллетеньдi алған сайлаушының тiзiмдегi тегiнiң тұсына қол қояды.

Сайлау комиссиясы төрағасы мен хатшысының бюллетень бepуге құқығы жоқ.

Дауыс берушiлер сайлау бюллетенiн жасырын дауыс беруге арналған кабиналарда толтырады. Оны толтыру кезiнде кабинаға басқа адамның кіруіне тыйым салынады. Бюллетеньдi өз бетiнше толтыруға мүмкiндiгi жоқ сайлаушы өзi сенетiн адамның көмегiн пайдалануға құқылы.

Бюллетеньге қарындашпен белгi қоюға, сондай-ақ оған қандай да болсын түзету енгiзуге жол берiлмейдi.

Толтырылған бюллетеньдердi сайлаушы дауыс беруге арналған жәшiкке салады.

398
Кілт сөздер:
сайлау, Мәжіліс
Мәжіліс залы

Мәжіліс сайлауы қашан өтеді

724
(Жаңартылды 18:32 27.09.2020)
Қазіргі шақырылымдағы мәжілістің өкілеттігі 2021 жылдың 24 наурызында аяқталады. Қазақстан президенті парламент сайлауының өтетін күнін 2020 жылдың 24 қазанынан кешіктірмей белгілеуі тиіс

Парламент – Қазақстанның заң шығару билігiн жүзеге асыратын республиканың ең жоғары өкiлдi органы.

Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: сенаттан және мәжілістен тұрады.

Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын 107 депутаттан тұрады. Өкілеттік мерзімі - бес жыл.

Сайлауды кім және қалай тағайындайды

Мәжілістің соңғы сайлауы 2016 жылдың 20 наурызында өтіп, бірінші сессия 2016 жылдың 25 наурызында ашылған еді. Тиісінше, қазіргі шақырылымдағы мәжілістің өкілеттігі 2021 жылдың 24 наурызында аяқталады.

Конституцияға сәйкес, мәжілістің кезекті сайлауы парламенттің жұмыс істеп тұрған шақырылымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі.

Осылайша, төменгі палата депутаттарының сайлауы 2021 жылдың қаңтарынан кешіктірілмей өткізілуі тиіс.

"Қазақстандағы сайлау туралы" Конституциялық заңға сәйкес, мәжілістің кезекті сайлауын президент депутаттар өкiлеттігінің бiтуiне кемiнде бес ай  қалғанда тағайындайды.

Мәжілістің 98 депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің 9 депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды.

Үміткерге қойылатын талаптар

Қазақстан азаматтығы бар және ел аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан, жасы жиырма беске толған адам мәжіліс депутаты бола алады.

Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлануға құқығы жоқ.

Мыналар:

  • сотталғандығы белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адам;
  • сот сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп таныған адам парламенттің депутаттығына, оның ішінде партиялық тізімдер бойынша, кандидат бола алмайды.

Мәжiлiс депутаттығына кандидаттар ұсыну

Партиялық тізімдер бойынша сайланатын мәжіліс депутаттығына кандидаттарды тіркелген саяси партиялар, ал Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын кандидаттарды Ассамблея кеңесі ұсынады.

Мәжіліс депутаттығына сайлау үшін адамдарды партиялық тізімге енгізу саяси партияның жоғары органы мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен жүргізіледі. Саяси партиялардың партиялық тізімдерге осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын адамдарды кіргізуге құқығы жоқ.

Егер сайлауды белгілеу кезінде өзгеше көзделмесе, партиялық тізімдер бойынша сайланатын үміткерлерді ұсыну сайлаудан 2 ай бұрын басталып, оған 40 күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады.

ҚХА сайлайтын кандидаттарды ұсыну сайлаудан 1 ай бұрын басталып, оған 20 күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады.

Кандидатураны алып тастау

Партиялық тізімге енгізілген адам Орталық сайлау комиссиясына жазбаша өтініш бере отырып, өз кандидатурасын партиялық тізімнен кері қайтарып ала алады. Бұл жағдайда ОСК партиялық тізімге енгізілген адамды шығару туралы шешім қабылдайды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңесі, ол ұсынған кандидат Орталық сайлау комиссиясына жазбаша өтініш жасай отырып, кандидатураны кері қайтарып ала алады. Бұл жағдайда ОСК кандидатты тіркеудің күшін жою туралы шешім қабылдайды.

724
Кілт сөздер:
сайлау, мәжіліс депутаты, Мәжіліс
Көлік қозғалысы

Нұр-Сұлтанда жаңа біржақты көше пайда болады

0
Бұл шешім тұрғындардың елорда әкімдігіне осы көшедегі қозғалысқа жасаған шағымынан кейін қабылданған

АЛМАТЫ, 20 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда 25 қазаннан бастап Family village ауданында Е652 көшесінде бір бағытты қозғалыс енгізу жоспарланып отыр.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл шешім тұрғындардың елорда әкімдігіне осы көшедегі қозғалысқа жасаған шағымынан кейін қабылданды. 

Елордалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мен әкімшілік полиция басқармасы бірлесіп, осы учаскелердің жол-техникалық жағдайын тексерген.

"Қозғалыс сағат тіліне қарсы бағытта болады. Белгіленген учаскеде бір бағытты қозғалысты енгізу көлік легінің үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етуге, қарсы бағытпен қақтығыс жағдайын азайтуға, жол апатын болдырмауға мүмкіндік береді", - делінген әкімдік таратқан ақпаратта.

Сонымен қатар бұл өзгеріс жол қозғалысын оңтайландыру үшін және көше-жол желісіне жүктемені азайту мақсатында енгізіліп отыр.

0
Кілт сөздер:
көлік қозғалысы, көше, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
Көше сыпырып кеткен: Әблязовтің елге оралған сыбайластарының тағдыры белгілі болды
Нұр-Сұлтанда ерекше көше қиылысы пайда болды – видео
Америкалықты бір соққымен құлатқан қазақ па? Көше төбелесінің видеосы
Бұрынғы кәсіби футболшы көше сыпырып кетті – видео
Нұр-Сұлтанда бірнеше көше мен көпір жабылады