Тахауи Ахтанов атындағы драма театры

Тахауи Ахтанов атындағы драма театры

823
(Жаңартылды 13:17 12.03.2019)
1997 жылы театрға жазушы, драматург Тахауи Ахтановтың есімі берілді

Театрдың тарихы

Өнер ордасы 1935 жылы Ақтөбе қаласында халық комиссары Темірбек Жүргеновтің ұсынысымен ашылды. 1936 жылдан 1941 жылға дейін театрдың бірінші режиссері Гүлшат Омарованың жетекшілігімен "Еңлік – Кебек", "Қозы Көрпеш – Баян Сұлу", "Амангелді", "Қыз Жібек", "Исатай − Махамбет" сияқты өзге де қазақ классиктердің шығармалары сахна төріне жол тартты.

1941 жылы Ұлы Отан соғысының басталуына байланысты қазақ театры жабылды. Қаладағы орыс театры 1943 жылы Ақтөбеге көшіріліп, Александр Островский, Антон Чехов және Николай Гоголь шығармаларын сахналады.

1948 жылы соғыстан кейінгі экономикалық қиындықтарға байланысты орыс театры өз қызметін тоқтатуға мәжбүр болды. Орыс театрының келесі қадамы 1965 жылы қазақ ССР кеңес министрлігінің № 707 (1964 жылдың 13 қазанынан бастап) шыққан үкімімен алғашқы директоры Владимир Сергеевич Тихонов басшылығымен облыстық мәдениет үйінде басталды.

1966 жылдың қаңтарында алғаш театр маусымында Александр Штейннің "Нөсердің арасында" пьесасы сахналанды.

Тағы оқыңыз: "Екі езу" сатира театрының құрылу тарихы

Алғашқы театр маусымында 29 адамнан құралған труппаның 9 қойылымы көрерменге жол тартты.

1992 жылы Ақтөбе облыстық драма театрында қазақ труппасы жұмыс жасай бастады. Труппа 1992 жылдың 18 шілдесінде Тахауи Ахтановтың "Күшік күйеу" спектаклімен өз шымылдығын ашты. Қазақ театрының алғашқы директоры Қорлан Бөлеков, режиссері Дихан Жәлекенов болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

1 наурыз күні «Қазақ халқына мың алғыс» стелласы алаңында Қазақстанда 2016 жылдан бастап тойланатын, Алғыс айту мерекесіне орай «Алғыс айту – Парызым!» мерекелік іс-шарасы өтті. Айтулы шараға мыңнан аса көрермендер қатысты. Шара барысында Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры өнер көрсетті. Облыс басшысы Алғыс айту күнімен барша ақтөбеліктерді мерекемен құттықтап, қазақ халқының қилы тағдырын сөз етті. Мерекелік шарада театрландырылған қойылымдар қойылып, патриоттық әндер айтылды. Ақтөбе облысындағы этномәдени орталықтардың өкілдері сөз алып ризашылығын білдірді. Қазіргі таңда Ақтөбе облысында тоқсаннан аса халық пен ұлыс тұрады, 18 этномәдени бірлестік жұмыс жасайды. _________________________ У монумента «Қазақ халқына мың алғыс» состоялось праздничное мероприятие «Алғыс айту – парызым!», посвященное Дню благодарности, который отмечается в Казахстане с 2016 года. Активное участие в народных гуляниях приняли свыше тысячи актюбинцев – так же и наш Областной драматический театр имени Т.Ахтанова. Глава области поздравил всех актюбинцев с Днем благодарности и рассказал про трудные времена казахов. Продолжалось мероприятие красочными театрализованными представлениями и патриотическими песнями. Слова уважения и благодарности всех этносов друг другу и казахскому народу звучали в выступлениях представителей этнокультурных центров Актюбинской области. На сегодняшний день в Актюбинской области проживают представители свыше 90 народов и этносов, функционирует 18 этнокультурных объединений. #aқтөбеалғысайту #ақтөбеқұттымекен @aktobegazeti

Публикация от 🎭Т.АХТАНОВ ТЕАТРЫ🎭 (@dramteatr_aktobe)

1997 жылы 3 қарашада театрға қазақ драматургі Тахауи Ахтановтың есімі беріліп, 1998 жылы облыс әкімінің шешімімен екі труппа біріктірілді. Кейін Тахауи Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры деп аталды.

2013 жылдың 31 наурызынан Ақтөбе облысы әкімдігінің шешімімен облыстық "Екі езу" сатира театры және Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театрына труппа болып қосылды.

2017 жылдың 9 қыркүйегінде "Екі езу" әзіл-сықақ театры болып қайта бөлініп шықты. 2013-2017 жыл аралығында Тахауи Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрын "Екі езу" сатира театрының негізін салушы, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Нұрлыбек Жұбатқан басқарды.

Өнер ордасының жүлделері мен марапаттары

2017 жылдың 1 қарашасынан бастап театр ұжымын Нұрхан Кенжебайұлы Кәдірбаев басшылыққа алды.

Бүгінгі күні театрда қазақ және орыс труппалары жұмыс жасайды. Театр ұжымының шығармашылық жетістіктері бірнеше жүлделермен көзге көрініп келеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 🎭Т.АХТАНОВ ТЕАТРЫ🎭 (@dramteatr_aktobe)

1987 жылы Петропавлда өткен республикалық театр фестивалінде Ақтөбе облыстық драма театры "Цар Федор Иоаннович" қойылымымен 1-орын иеленіп, өзінің актерлік шеберлігін көпшілік қауымға дәлелдеді.

Орыс труппасы 1996 жылы Павлодар қаласында өткен республикалық фестивалде Леонард Герштің "Тәуелсіз көбелектер" спектаклімен 2-дәрежелі дипломмен марапатталды.

2000 жылы қазақ труппасы "Айман-Шолпан" спектаклін көрермен назарына ұсынып, республикалық театр фестивалінде лауреат атанды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 🎭Т.АХТАНОВ ТЕАТРЫ🎭 (@dramteatr_aktobe)

2004 жылы театр әртісі Елтай Кемал XVII "Шабыт" халықаралық жастар фестивалінде Мұқағали Мақатаевтың "Арпалыс" спектаклін үздік қойып, басты рөлдегі бейнесі үшін лауреат атанды.

2005 жылы Қызылорда қаласында өткен фестивальде режиссер Виттих "Жүрек секілді қатыгез" спектаклін қойғаны үшін лауреат атанды.

2007 жылы қазақ труппасы Жетпісбаевтың "Бала мерген" шығармасымен "Ең үздік балалар ертегісі" номинациясымен үздік шықты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 🎭Т.АХТАНОВ ТЕАТРЫ🎭 (@dramteatr_aktobe)

2012 жылы Алматы қаласында өткен халықаралық IV Орталық Азия театр фестивалінде Лорканың "Бернард Альбаның үйі" спектакліндегі қызметкер Понсийдің рөлі үшін "Құрмет" орденінің, актриса Раиса Телеуова "Ең үздік әйел рөлі" номинациясының иегері атанды.

2013 жылы Ақтөбе қаласында Тахауи Ахтановтың 90 жылдығына байланысты ұйымдастырылған XXI Қазақстан драма театрларының республикалық фестивалінде қазақ труппасы халық жазушысы Тахауи Ахтановтың "Ант" қойылымын сахналап, Ақтөбе облысы әкімінің арнайы сыйлығымен марапатталды.

Тағы оқыңыз: Мемлекеттік корей театры туралы қызықты деректер

2013 жылдың ақпан айында басшылық пен шығармашылық топтың қалауымен театр базасында шығармашылық зертхана жинақталып, оған театр актрисасы Ольга Павлова басшылық етті.

2013 жылы ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің мәдениет комитеті және Ақтөбе облысының әкімдігінің ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласында Тахауи Ахтановтың 90 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының ХХІ республикалық фестивалін өткізді.

2017 жылы ұйымдастырылған Қазақстан драма театрлары арасында II республикалық "Балауса" эксперименталды қойылымдар фестивалінде режиссері Мусагит Хабибуллин қоюымен шығарылған Барзу Абдуразаковтың "Әйел сыры" қойылымы "Эксперименталды ізденістері үшін" номинациясын жеңіп алды.

2017 жылы Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өткен дүниежүзілік балалар және қуыршақ театр фестиваліне қазақ труппасы Артықбаеваның "Кім патша?" қойылымымен қатысып, арнайы дипломмен марапатталды. Фестиваль аясында өткен конференцияда Қазақстаннан келген театр ұжымын ерекше атап өтті.

2017 жылы Шымкент қаласында өткен "Ашық алаң" республикалық тәуелсіз театр фестиваліне облыстық драма театры жанындағы "Лесница" шығармашылық зертханасы "Жаңа үздік қойылым үлгісі" номинациясымен марапатталды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 🎭Т.АХТАНОВ ТЕАТРЫ🎭 (@dramteatr_aktobe)

2018 жылы Алматы қаласында Қазақстан театрлар ассоциациясының ұйымдастыруымен өткен "Сахнагер-2018" байқауында жас актер Бағдат Телеуғалиев ұлттық театр сыйлығының "Үміт" номинациясының иегері атанды.

823
Кілт сөздер:
мәдениет, режиссер, актер, қойылым, театр
Тақырып:
Қазақстан театрлары (80)
Тақырып бойынша
Астанадағы орыс театры "Зың-зың" әніне ролик түсірді
"Жас сахна" театры
Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театры
"Современник" жастар халық театры
Алғашқы қойылымдарын жертөледе сахналаған ARTиШОК театры
Астана қаласы әкімдігінің "Қуыршақ" театры
Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры
Сайлау, дауыс беру, иллюстративті сурет

Мәжіліс сайлауы: кім дауыс бере алады

638
Мәжіліс сайлауында дауыс беруге құқылы сайлаушылар, дауыс беру уақыты мен тәртібі туралы Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз

Қазақстанның 18 жасқа толған кез келген азаматы, тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауда дауыс беруге құқылы.

Сайлауға сот iс-әрекетке қабілетсiз деп таныған, сондай-ақ сот үкiмiмен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар қатыспайды.

Мәжiлiс депутаттарын сайлаған кезде сайлаушылар тiзiмi жасалады. Азаматтар жасырын дауыс береді және сайлаушылардың еркiн бiлдiруiне қандай да болсын бақылау жасауға тыйым салынады.

Сайлаушылар тізімінде сайлаушының тегi, аты, әкесiнiң аты, туған жылы (он сегіз жастағылар үшiн – қосымша күнi мен айы), жеке сәйкестендіру нөмірі және тұрғылықты мекенжайы көрсетiледi.

Әрбір сайлаушы сайлау жарияланған немесе тағайындалған кезден бастап тиісті әкімдікте сайлаушы ретінде тіркелуге құқылы.

Сайлау күні басқа қалада жүргендер қалай дауыс береді

Егер азамат басқа өңірде жүріп, дауыс беретін күні сайлаушы ретінде тіркелген қаласына бара алмайтынын білсе, онда өзі жүрген қаланың әкімдігіне жүгінуге құқылы. Жазбаша өтiнiшті сайлаудан кемінде отыз күн бұрын беру керек.

Азамат өтiнiш жасаған соң, әкімдік оны тiркелген жері бойынша сайлаушылар тiзiмiнен шығарып, сол қаладағы дауыс беретiн учаскенiң сайлаушылар тiзiмiне енгiзеді.

Дауыс беру уақыты

Дауыс беру сайлау күнi жергiлiктi уақытпен сағат 07.00-ден 20.00-ге дейiн өткiзiледi.

Алайда учаскелiк сайлау комиссиялары басқа уақытты белгiлей алады. Бұл орайда дауыс берудi сағат 06.00-ден ерте бастап, сағат 22.00-ден кеш аяқтауға болмайды.

Учаскелiк сайлау комиссиясы азаматтарды дауыс беретiн уақыт пен орын туралы сайлау өткiзiлетiн күнге дейiн он күннен кешiктiрмей, БАҚ арқылы, сондай-ақ, өзге де әдiстермен хабардар етуі тиiс.

Дауыс беру тәртібі

Учаскелiк сайлау комиссиялары дауыс берудің басталуына бiр сағат қалғанда дауыс беруге арналған учаскелердi аша бастайды.

Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы дауыс беру басталардан 30 минут бұрын комиссия мүшелерiнiң қатысуымен сайлау жәшiктерiнде сайлау бюллетеньдерiнiң бар-жоғын, жәшiктердiң бүтiндiгiн тексередi, дауыс беруге арналған жәшiктерге пломба салады немесе мөр басады.  Комиссияның сайлау бюллетеньдерiн беруге жауапты мүшелерiн белгiлейдi.

Әрбiр сайлаушы өзi дауыс бередi.

Тағы оқыңыз: Мәжіліс сайлауы қашан өтеді

Сайлауда дауыс құқығын басқа бiреуге беруге және сол сияқты басқа адам үшiн дауыс беруге жол берiлмейдi.

Бюллетеньдер сайлаушылар тiзiмі негiзiнде жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен соң берiледi.

Сайлаушылар тiзiмге бюллетеньдердi алғаны туралы қол қояды.

Комиссияның бюллетеньдi берген мүшесi оларға өзiнiң қолын қояды, сондай-ақ бюллетеньдi алған сайлаушының тiзiмдегi тегiнiң тұсына қол қояды.

Сайлау комиссиясы төрағасы мен хатшысының бюллетень бepуге құқығы жоқ.

Дауыс берушiлер сайлау бюллетенiн жасырын дауыс беруге арналған кабиналарда толтырады. Оны толтыру кезiнде кабинаға басқа адамның кіруіне тыйым салынады. Бюллетеньдi өз бетiнше толтыруға мүмкiндiгi жоқ сайлаушы өзi сенетiн адамның көмегiн пайдалануға құқылы.

Бюллетеньге қарындашпен белгi қоюға, сондай-ақ оған қандай да болсын түзету енгiзуге жол берiлмейдi.

Толтырылған бюллетеньдердi сайлаушы дауыс беруге арналған жәшiкке салады.

638
Кілт сөздер:
сайлау, Мәжіліс
Тақырып:
Мәжіліс сайлауы
Мәжіліс залы

Мәжіліс сайлауы қашан өтеді

770
(Жаңартылды 18:32 27.09.2020)
Қазіргі шақырылымдағы мәжілістің өкілеттігі 2021 жылдың 24 наурызында аяқталады. Қазақстан президенті парламент сайлауының өтетін күнін 2020 жылдың 24 қазанынан кешіктірмей белгілеуі тиіс

Парламент – Қазақстанның заң шығару билігiн жүзеге асыратын республиканың ең жоғары өкiлдi органы.

Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: сенаттан және мәжілістен тұрады.

Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын 107 депутаттан тұрады. Өкілеттік мерзімі - бес жыл.

Сайлауды кім және қалай тағайындайды

Мәжілістің соңғы сайлауы 2016 жылдың 20 наурызында өтіп, бірінші сессия 2016 жылдың 25 наурызында ашылған еді. Тиісінше, қазіргі шақырылымдағы мәжілістің өкілеттігі 2021 жылдың 24 наурызында аяқталады.

Конституцияға сәйкес, мәжілістің кезекті сайлауы парламенттің жұмыс істеп тұрған шақырылымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі.

Осылайша, төменгі палата депутаттарының сайлауы 2021 жылдың қаңтарынан кешіктірілмей өткізілуі тиіс.

"Қазақстандағы сайлау туралы" Конституциялық заңға сәйкес, мәжілістің кезекті сайлауын президент депутаттар өкiлеттігінің бiтуiне кемiнде бес ай  қалғанда тағайындайды.

Мәжілістің 98 депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің 9 депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды.

Үміткерге қойылатын талаптар

Қазақстан азаматтығы бар және ел аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан, жасы жиырма беске толған адам мәжіліс депутаты бола алады.

Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлануға құқығы жоқ.

Мыналар:

  • сотталғандығы белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адам;
  • сот сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп таныған адам парламенттің депутаттығына, оның ішінде партиялық тізімдер бойынша, кандидат бола алмайды.

Мәжiлiс депутаттығына кандидаттар ұсыну

Партиялық тізімдер бойынша сайланатын мәжіліс депутаттығына кандидаттарды тіркелген саяси партиялар, ал Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын кандидаттарды Ассамблея кеңесі ұсынады.

Мәжіліс депутаттығына сайлау үшін адамдарды партиялық тізімге енгізу саяси партияның жоғары органы мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен жүргізіледі. Саяси партиялардың партиялық тізімдерге осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын адамдарды кіргізуге құқығы жоқ.

Егер сайлауды белгілеу кезінде өзгеше көзделмесе, партиялық тізімдер бойынша сайланатын үміткерлерді ұсыну сайлаудан 2 ай бұрын басталып, оған 40 күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады.

ҚХА сайлайтын кандидаттарды ұсыну сайлаудан 1 ай бұрын басталып, оған 20 күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады.

Кандидатураны алып тастау

Партиялық тізімге енгізілген адам Орталық сайлау комиссиясына жазбаша өтініш бере отырып, өз кандидатурасын партиялық тізімнен кері қайтарып ала алады. Бұл жағдайда ОСК партиялық тізімге енгізілген адамды шығару туралы шешім қабылдайды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңесі, ол ұсынған кандидат Орталық сайлау комиссиясына жазбаша өтініш жасай отырып, кандидатураны кері қайтарып ала алады. Бұл жағдайда ОСК кандидатты тіркеудің күшін жою туралы шешім қабылдайды.

770
Кілт сөздер:
сайлау, мәжіліс депутаты, Мәжіліс
Тақырып:
Мәжіліс сайлауы
Сапасыз жол

Жол сапасыз салынса, қайда хабарласу керек?

0
Сапасыз жолдар, көбінесе, облыста, ауданда немесе ауылда салынады. Бұл жерде бюджет қаржысын ұрлау мәселесі ғана емес, сол жолды тексеретін маман тапшылығы проблемасы да бар

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан – Sputnik. "Жол активтері сапасының ұлттық орталығының" бас директоры Замир Сағынов халықты жолдардың сапасын бірлесіп бақылауға шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"739-739 телефонына (Нұр-Сұлтанда - Sputnik) қоңырау шалуға болады. Бұдан бөлек, ресми сайтымыз, әлеуметтік желілерде парақшаларымыз ашылған. Сол жерде жазып, арыз-шағым түсіруге болады. Біз бірден барып, жолдың сапасын тексере аламыз", - деді Сағынов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте. 

Осы орайда орталық басшысы халықты жолдың сапасын бірлесіп бақылауға үндеді. Себебі мамандар барлық жолды тексере алмайды. Ал нақты арыз-шағымдар түссе, орталық қызметкерлері сол жерге барып, зертханалық тексеру жасай алады. 

"Негізі, сапасыз жолдар, көбінесе, облыста, ауданда немесе ауылда салынады. Бұл жерде бюджет қаржысын ұрлау мәселесі ғана емес, сол жолды тексеретін маман тапшылығы проблемасы да бар. Мысалы, аудандық әкімдіктерді алатын болса, бір бөлімде екі-үш адам ғана жұмыс істейді. Сосын жолдың сапасы бойынша арнайы маманы жоқ. Ал арнайы маман болмағасын, құжаттар да дұрыс жасалмайды", - деп атап көрсетті Сағынов.

Оның айтуынша, бүгінде осы салада кәсіби мамандарды даярлау мәселесіне баса назар аударылады. Арнайы акция басталды, жоғары оқу органдарымен бірлескен шаралар қолға алынды. Соның арқасында жас мамандардың саны біртіндеп көбейіп жатыр.

0
Кілт сөздер:
шағым, жол