1932 жылдың 21 маусымында Атрауовтың төрағалығымен өткен Оңтүстік Қазақстан облыс полкомның мәжілісінде мемлекеттік қазақ театрын ұйымдастыру үшін облыстық халық ағарту бөліміне 1000 рубль беру жайында шешім қабылданды.
Байқаудан озып шыққандары, яғни Шымкент коммунистік университетіндегі үйірме мүшелері Тәкен Мәдіқожаев пен Әуезхан Мырзалиев, халық сотында қызмет атқарған Исабек Тәуірбалин, сонымен қатар үздіктердің қатарынан табылған Жәнібек Арғынбаев, Мәлік Жүсіпов, Гүлжамал Батырғалиева мен Ақбөпе Дәукенова, Райысхан Байкеновтер театрға актерлік топқа іріктеліп алынды. Қазақ педагогика институтының студенті Ғұзайыр Жасақбаевтың "Замана заңы" туындысы сахналанып, театрда қойылған тұңғыш спектакль болып тарихқа жазылды.
1934 жылдың 25 қаңтарында қазақ оқу-ағарту халық комиссиариатының алқасы "Актер кадрларын дайындау туралы" қаулы қабылдады. Кейін Мәскеу театр комбинатындағы қазақ бөлімімен Ленинград сахна өнерінің техникумы жанынан қазақ бөлімін ұйымдастыруға ұсыныс жасалады. Осылайша оңтүстік өңірінің бір топ жастары – Райысхан Байкенов, Фарух Жакенов, Гүлжамал Батырғалиева, Ақбөпе Дәукенова, Тәкен Мәдіқожаев, Мәлік Жүсіпов сынды алты әртісін Ленинградқа оқуға жібереді.
Кеңестік дәуірден бастап бүгінгі егемендік алған күнге дейін театр сахнасында асқар таудай дарынды тұлғалар көремендерге өз өнерін паш етіп келді. Ұлттық театр өнеріндегі режиссерлердің бір туар тұлғалары Жұмат Шанин атындағы қазақ драма театр сахнасында қолтаңбасын қалдырды.Театрдың бүгінгі шығармашылық, ұжымдық тұрмыс-тіршілігі бірқалыпты деңгейде. Труппа құрамында алдыңғы буын, орта буын, кіші буын актерлер талмай еңбек етуде. Олардың ішінде 3 – "ҚР еңбек сіңірген әртісі", 2 – "ҚР еңбек сіңірген қайраткері", 3 – "Парасат" орденінің иегері, 11 – "ҚР мәдениет қайраткері", 2- "Мәдениет саласының үздігі", сонымен қатар облыс әкімдігі тарапынан берілетін "Облысқа сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісінің 10 иегері бар. Театр репертуарында жалпы саны – 35; ересектерге арналғаны - 25, жасөспірімдер мен балаларға арналған - 10 ертегі бар.
Тағы оқыңыз: Алматыдағы мемлекеттік қуыршақ театры
Театр тәуелсіздігіміздің 20 жылы ішінде халықаралық, республикалық түрлі театр фестивалінде өрнекті өнер көрсетіп, жүлделі орынға ие болды. Олар Стамбул қаласында өткен түркітілдес халықтарының, Ташкент, Әндіжан қалаларында өткен Орта Азия мен Қазақстан халықтары театрларының фестивальдерінде ұлттық өнерді насихаттай түсті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
2002 жылы Қызылжар қаласында Ғабит Мүсіреповтің 100 жылдығына орай өткізілген республикалық театр фестиваліне Ғабит Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш – Баян Сұлу" трагедиясымен, 2003 жылы Орал қаласында өткен ХІ республикалық театрлар фестивалінде Иранбек Оразбаевтың "Мен ішпеген у бар ма?!" қойылымымен қатысып, "Үздік режиссер" номинациясын иеленді.
Халықаралық "Театр көктемі – 2007" фестивалінде театр ұжымы Мархабат Байғұттың "Бозторғайдың ұясы" спектаклімен "Бас жүлдеге" ие болды.
Ақын, драматург Иран Ғайыптың 60 жылдығына орай 2007 жылы Қызылорда қаласында өткен театрлар фестивалінде Иран Ғайыптың "Мен ішпеген у бар ма?!" спектаклімен қатысып "Үздік режиссер" номинациясын жеңіп алды.
2009 жылы Қарағанды қаласында өткен Біржан сал Қожағұлұлының 175 жылдығына арналған республикалық театрлар фестиваліне ұжым Дулат Исабековтың "Мұңлық-Зарлық" драмасымен қатысып, "Эпостық шығарманы сәтті меңгергені үшін" номинациясына ие болды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған "Театр көктемі – 2011" республикалық, аймақтық театр фестивалінде театр Еркінбек Тұрысовтың "Ұлы көш" тарихи драмасымен қатысып, бас жүлдені "Ең үздік тақырыптық қойылым" номинациясымен жеңіп алды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бүгінгі таңда театр репертуарында әлемдік, қазақ классикалары, тарихи, бүгінгі күннің өзекті тақырыптарын арқау еткен шығармалар берік орын алған. Ұжымда 143-тен астам қызметкер жұмыс істейді. Олардың 63-і шығармашылық қызметкерлер.
Ұжым соңғы 3 жылда, яғни:
2010 жылы - 4 қойылым (көрермен саны 34 мың адам, жалпы қойылым саны – 258);
2011 жылы – 4 қойылым (көрермен саны- 42 мың адам, жалпы қойылым саны– 266);
2012 жылы – 5 қойылым (көрермен саны-54 мың адам, жалпы қойылым саны–204);
Посмотреть эту публикацию в Instagram
2014 жылы 4 қойылым (көрермендер саны 18 400 адам. Жыл басынан қойылған қойылымдар саны – 131) қойып, көрермендерге сапалы қызмет етуде.
Бала туғанда берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы республикалық бюджет есебінен жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін әйелдерге төленеді.
Ал отбасында егіз, үшем, төртем дүниеге келсе, біржолғы мемлекеттік жәрдемақы әр сәбиге жеке-жеке төленеді.
Жұмыс істемейтін әйелдерге бала бiр жасқа толық толғанға дейiн төленетін ай сайынғы төлем:
Декретке дейін жұмыс істеген әйелдерге бала күтіміне байланысты төленетін ай сайынғы төлем былай есептеледі:
Соңғы 2 жыл ішіндегі жалпы табысты 24 айға бөліп, мемлекет бекіткен 0,4 коэффициентіне көбейтіп, одан шыққан сомадан 10% зейнетақы жарнасын алып тастайсыз.
Мәселен, әйел босанғанға дейін екі жыл ішінде 2 500 000 теңге табыс тапты делік.
Осы соманы 24 айға бөлеміз: 2 500 000/24= 104 166 теңге.
104 166 теңге – орташа айлық жалақы.
104 166*0,4 = 41 666 теңге.
41 666 теңгенің 10%, яғни 4 167 теңгесі – ай сайынғы зейнетақы жарнасы.
Сонда жұмыс істейтін әйел бала күтімі үшін ай сайын 37 499 теңге алып отырады.
Жұмыс істейтін әйелдерге жүктілікке және босануға байланысты төленетін біржолғы әлеуметтік төлемнің мөлшері былай есептеледі:
орташа айлық табысты еңбекке жарамсыздық күндері санының тиісті коэффициентіне көбейтіп, кейін шыққан сомадан 10 процент зейнетақы жарнасын алып тастайсыз. Коэффициент 4,2-ге тең.
Мысалы, соңғы бір жыл ішінде табысыңыз 1 800 000 теңге болды. Осы соманы он екі айға бөлген кезде, орташа жалақы шығады.
1 800 000/12 = 150 000 теңге;
150 000 теңге * 4,2 = 630 000 теңге;
Осы сомадан 10% зейнетақы жарнасын шегересіз. 630 000 – 63 000 = 567 000 теңге.
Яғни, жүктілікке және босануға байланысты біржолғы төлем 567 000 теңгеге тең болды.
"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға табысына қарамастан төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы 6,4 АЕК немесе 18 669 теңге.
2020 жылдың қаңтарынан көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан бала санына қарай сараланған мөлшерде жәрдемақы төленеді.
2021 жылы оның мөлшері:
8 және одан көп баласы бар отбасыларға әр бала үшін 4 АЕК мөлшерінде жәрдемақы төленеді.
Ахмет Қуанұлы Жұбанов 1906 жылы 29 сәуірде Ақтөбе облысы Темір ауданында Ақжар деген жерде дүниеге келген. Ахметтің әкесі Қуан балаларын оқытуды армандайды, осы ниетпен Темір уезіне берілген екі мектептің бірін өз ауылында ашқызады.
1911 жылы Темір уезінде екі орыс мектебі ашылды. Сол жылы оқу бітірген Құсайын есімді мұғалім уезге келеді. Ол Ахмет Жұбановтың үйінде жатады. Құсайын домбыра мен скрипка, мондолин тартады, аздап нотадан да хабары болған. Осы аспаптың қайсысында ойнаса да, Ахмет Жұбанов жанынан табылған.
Бес жастан асқан Ахмет сол аспаптың бәрінде ойнап кетеді. Дирижер өз естеліктерінде мектептегі ұстазының музыкаға деген ұмтылысын арттырғанын айтады.
"Менің туып-өскен үйім – домбыра, ән, күй, жыр. Көркем әңгімені кәрі-жасына дейін қадірлейтін осындай ауылда өскен мен бес жасымда хат танып, домбыра тартып, өлең айтып, тақпақ жаттайтынмын. Ауылдың қақ ортасында суы мол үлкен құдық болатын, кешке қарай салқын түскен соң ауыл адамдары құдықтың басына жиналушы еді. Ән, күй, жыр тыңдап, ақындар айтысын тамашалайтынмын. Әсіресе, күйге деген ықыласы ерекше-тұғын. Күй тартпайтын кәрі-жас, әйел, еркекті кездестірмейтінбіз", - дейді естелігінде Жұбанов.
Тағы бір есте қалғаны, ауылдастарым қуанышты да, қаңғыны да өлең, жыр арқылы білдіретін. Сондықтан маған бүкіл дала ән-жыр айтып, күмбірлетіп күй тартып, әсем әсерге бөлейтін. Әнші, күйші, жырау дегендерді ауыл адамдары пір тұтатын, дейді дирижер.
Ахметтің әкесі Қуан 1919 жылы қайтыс болады. Содан кейін үн үш жасар Ахмет оқудан қол үзуге мәжбүр болады. Келесі жылы әкеден қалған аз ғана мал жұтап, үй ішінің бар ауыртпалығы баланың басына түседі.
1924 дирижер ауыл комсомолына мүше болады. Сол жылы ауылында ашылған "Шамшырақ" оқу үйінің меңгерушісі болып, ауылдың мәдениетіне қызу араласады. Сол жылдары киноға барғанда дыбыссыз фильмді сүйемелдеп тұрған скрипакашымен танысады. Қарт музыкант жас жігітті ілтипатпен қарсы алады. Содан кейін кәсіби білім алу үшін Ленинградқа оқуға түседі.
"1932 жылы оқуды бітіріп, аспирантураға түсті. Бірақ ол кезде біздің үкімет хат жазып, училище ашылып жатқанын айтты. Музыкант керек екенін айтып, шақырды", - дейді Жұбановтың қызы Ажар Ахметқызы.
Ахмет Жұбанов 1933 жылы Алматы музыкалық драма училищесіне ұстаздық қызметке келеді. Осы кезден бастап өмірінің соңғы күндеріне дейін ол қазақтың музыкалық мәдениеті жолында қызмет етті.
1934 жылы бір топ домбырашының басын қосып, қазақ ұлт аспаптар оркестрінің негізін қалаған. Сол оркестрдің көркемдік жетекшісі әрі дирижері болған. Жұбанов өзі құрған оркестрге Құрманғазының атын береді.
1936 жылы алғаш Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне, кейін 1949 жылы өткен екінші онкүндікте де Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрі үлкен абыройға ие болған.
1936 жылы композитордың "Музыка әліппесі" атты тырнақалды кітапшасы жарық көрген.
1945-1951 жылдары Алматы консерваториясының ректоры, 1954-1961 жылдары осы консерваториядағы өзі ашқан халық аспаптар кафедрасының меңгерушісі болып, қазақ халық музыкасының тарихынан, дирижерлік өнер мен аспаптану пәнінен сабақ берді.
"Ол – тумысынан ерекше туындыгер, ерекше композитор. Оның барлық музыкасы өміршең. Оның композиторлық таланты опералық шығармаларды шығаруда кеңінен ашылды деуге болады", - дейді Ахмет Жұбановтың шөбересі, дирижер Алан Бөрібаев.
1938 жылдан бастап Ахмет Жұбанов композиторлық жұмыспен айналыса бастайды. Жазушы Ғабит Мүсіреповтің "Қозы-Көрпеш – Баян сұлу" драмасына, Мұхтар Әуезовтің "Абай" спектакліне, "Амангелді" кинофильміне музыка жазды. Камералық шығармалардың ішінде "Қазақтың жеті биі", "Тәжіктің он биі" сияқты фортепианоға арналған, "Ария", "Көктем", Жезкиік", "Романс" сияқты қобызға арналған шығармаларының қазақ өнерінде алатын орны ерекше.
Ахмет Жұбанов 1936 жылы "Халық композиторлары. Құрманғазы", 1942 жылы "Қазақтың халық композиторларының өмірі мен творчествосы" атты кітаптарын жазды.
Ахмет Жұбановтың композиторлық шығармаларының көрнектілері Латиф Хамидимен бірлесіп жазған "Абай" (1944 жылы) және "Төлеген Тоқтаров" (1947 жылы) опералары, қызы Ғазиза Жұбанова аяқтаған "Құрманғазы" (1970 жылы) операсы.
Қазақстан тарихындағы алғашқы дыбысты фильм "Амангелді" фильміне Михаил Гнесин мен Ахмет Жұбанов музыкасын жазды.
1968 жылы "Замана бұлбұлы" атты кітабы үшін Ахмет Жұбанов Қазақ ССР Ғылым академиясының Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлығына ие болды.
Жұбановтар әулеті дарын қонған отбасы. Сөзімізге Ахмет өнер саласындағы бірінші академик болғаны, бауыры Құдайбергеннің қазақ тіл білімі саласын зерттеген профессор екені дәлел бола алады. Ахметтің қызы Ғазиза Жұбанова қазақ әйелдерінің ішінен шыққан бірінші кәсіби композитор, жиені Алан Бөрібаев дарынды дирижер.
Құдайберген Жұбанов – қазақ тілінің теориялық негізін қалаушы, қазақ тіл білімінің тұңғыш профессоры, педагог, түркітанушы. Ал оның ұлы Асқар Жұбанов өмірін математикалық лингвистикаға арнаған ғалым.
Ахмет Жұбанов 1968 жылы Алматыда 62 жасында дүниеден өтті.
НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар – Sputnik. Қатерлі ісік ауруы бар науқастар "Спутник V" коронавирусына қарсы вакцинаны абайлап қолдануы керек, деп мәлімдеді Гамалея орталығының директоры Александр Гинцбург.
Сондай-ақ, ол "Спутник V" нұсқауында онкологиялық науқастарға вакцинация жасауға тыйым салынбайтынын атап өтті, деп хабарлайды РИА Новости.
Маман пікірінше, екпені қолданудың өз ерекшеліктері бар. Яғни, емделуші мұндай топқа жататын болса сақтықпен, емдеуші дәрігермен кеңесуі керек.
"Бұл тұжырымдама "Спутник V" вакцинасының қауіпсіздігі мәселесімен байланысты емес. Себебі, онкологиялық науқастар түрлі химиялық терапия курсынан, соның ішінде қуатты цитостатикадан өткен болуы мүмкін (ісікке қарсы дәрі-дәрмектер тобы – Sputnik). Мұның бәрі иммундық функцияны төмендететіні анық", – дейді Александр Гинцбург.
Бұған дейін қатерлі ісігі бар науқастар "Спутник V" вакцинасын абайлап қолдану керектігін хабарланған болатын. Өйткені оның мұндай науқастарға әсері туралы ақпарат әлі де жеткіліксіз. Сондықтан да медициналық преапаратты қолдану жөніндегі жаңа нұсқаулықтың шыққанын күтуге тура келеді.
Орталық басшысының айтуынша, мұндай жағдайларда вакцинация туралы шешім емдеуші дәрігермен кеңескеннен кейін қабылдануы тиіс. Алайда, бұл "Спутник V" вакцинасының қауіпсіздігіне ешқандай қатысы жоқтығын немесе пациенттердің бұл тобына иммундауға тыйым салуды білдірмейді.
Оқи отырыңыз: "Үкімет күшіне сенбей ме?": Бекболат Тілеухан екпе туралы заңға қарсы шықты
Сонымен қатар, Гинцбург "Спутник V" рак ауруын тудыруы мүмкін емес деп санайды. Өйткені, ол адамның аденовирусының дәлелденген және шимпанзе аденовирусы мен РНҚ платформасына негізделген бірқатар басқа дәрілерден айырмашылығы жақсы зерттелген. Бірақ оның ұзақ мерзімді әсерлеріне зерттеу жүргізілмеген.