Солтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театры

Солтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театры

194
(Жаңартылды 11:33 18.03.2019)
Осы күнге дейін театр 70 қойылымды сахналап үлгерді

Театр тарихы

Қуыршақ театры 1990 жылы 13 шілдеде Петропавл қаласында ашылды. 1991 жылы 15 ақпанда бірінші театр маусымының ашылу салтанатында "Винни-Пух және бәрі, бәрі" қойылымы сахналанды.

Театрда қанша адам жұмыс істейді

Театр штаты 78 адамнан құралған. Олардың ішінде алты актердің жасы отызға толмаған. Актерлердің орташа жалақысы - 90 мың теңге.  

Тағы оқыңыз: Қостанай облыстық қуыршақ театры

Театр директоры Сергей Орлов ҚР "Мәдениет қайраткері" белгісінің иегері. Труппа жетекшісі, актриса, сахна шебері Наталья Гузеева мен актер Андрей Зайцев - ҚР "Мәдениет қайраткері". Сондай-ақ, театр актерлері Айгүл Хасенова, Ольга Лабутина мен Сапар Мапенов - ҚР "Мәдениет саласының үздігі" белгісінің иегері.

Театрдың қандай жетістіктері бар

Қуыршақтар театры осы күнге дейін Қазақстан Республикасының көптеген қаласын аралап үлгерді. Сондай-ақ, театр жыл сайын Омбыдағы "Арлекин" және Қорғандағы "Гулливер" театрына гастрольдік сапармен барады.

Өнер ордасы "Дарындылар достығы – халықтар достығы", Millennium, "Дәуiр жыршысы", "Шаттық Отаны", IІ халықаралық қуыршақтар фестивалі сынды салмақты жобаларға атсалысқан. Сондай-ақ, 1996 жылы "Дастархан" зертхана фестивалінде, 1992 жылы "Алтын дельфин" халықаралық, Сібір мен Таяу Шығыс театрларының халықаралық фестивалінде, IV "Ортеке" қуыршақтар фестивалінде өнер көрсетті. 

2011 жылы Баку қаласында өткен халықаралық қуыршақтар фестиваліне, 2012 жылы Солтүстік Қазақстан облысындағы мәдениет күндері, 2013 жылы XI "Наурыз 2013" түркі халықтарының халықаралық театрлар фестиваліне, III бүкіләлемдік қуыршақтар карнавалына, 2014 жылы Екатеринбург қаласында өткен "Коляда-Plays" заманауи драма театрлар фестиваліне, 2017 жылы Воронеждегі "Маршак" балалар фестиваліне, 2018 жылы Ақтөбе қаласында өткен "Ассалаумағалейкум" қуыршақтар театры фестиваліне қатысты. 

Тағы оқыңыз: Маңғыстау облыстық қуыршақ театры туралы қызықты мәліметтер

Бүгінгі таңда театр репертуарында 50-ден астам спектакль бар. Жыл сайын театр орташа есеппен көрермен назарына төрт жаңа спектакль ұсынады.

194
Кілт сөздер:
Петропавл, марапат, мәдениет, қойылым, театр
Тақырып:
Қазақстан театрлары (80)
Тақырып бойынша
Серке Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық драма театры
Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры туралы не білеміз?
Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры туралы не білеміз?
САНТ театры: тарихы мен қызықты деректер
Александр Островский атындағы Орал облыстық драма театры
Оңтүстік Қазақстан облыстық орыс драма театры
Антон Чехов атындағы Павлодар облыстық орыс драма театры
Теңге

Төл теңгеге 27 жыл: Қазақстанның ұлттық валютасы қандай ерекшеліктерге ие

302
Теңге белгісі нені бейнелейді, алғашқы ақша қалай шығарылды және 27 жыл ішінде біздің валюта қалай өзгергенін Sputnik Қазақстан әзірлеген материалдан таныс болыңыз

Нұр-Сұлтан, 15 қараша – Sputnik. Бүгін – Ұлттық валюта күні. Төл теңгеміздің қолданысқа шыққанына 27 жыл. Sputnik Қазақстан теңгенің қалай пайда болғанын, ұлттық валюта неліктен осылай аталғанын және ақшаның қай жерде басылғанын еске түсіреді.

Ұлттық валюта қалай жасалды

Елде ұлттық валюта енгізілгенге дейін бұрынғы КСРО республикаларының ақша айналымындағы қиын жағдайға байланысты оқиғалар аз болмады. 1993 жылы шілдеде Ресейдің Орталық банкі ақша реформасын жүргізді. Кеңестік рубль айналымнан шығарылды және олар жаңа ресейлік банкноттарға айырбасталды.

Ескі рубль аймағының күйреуі нәтижесінде кеңестік рубльдер ағыны бұрынғы одақтас республикаларға, оның ішінде Қазақстанға құйылды. Баға шарықтап, ақша құнсызданды. Бұл гиперинфляция мен адамдардың өмір сүру деңгейінің төмендеуіне әкеп соқты.

Өзінің ұлттық валютасын енгізу туралы шешім республиканың дағдарыстық жағдайдан шығуының және экономикалық дамудың жаңа кезеңіне өтудің кілті болды.

1993 жылы 3 қарашада Қазақстан президенті премьер-министр Сергей Терещенконың төрағалығымен ұлттық валютаны енгізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрды. Кейін премьер-министрдің орынбасары Дәулет Сембаевтың басшылығымен жұмыс тобы құрылды. Комиссия әдетте, күн сайын, кешке жиналып отырды.

"Теңге" атауы қалай таңдалды

Ұлттық валюта атауын таңдау көптеген қайшылықтар тудырды: "алтын", "ақша", "тәнга" нұсқалары болды. Бастапқыда қазақстандық валютаны "сом" деп атау жоспарланған. Өйткені, кеңестік рубль банкноттарының қазақша аудармасында солай көрсетілген еді.

Алайда, 1993 жылы қырғыз сомы енгізілгеннен кейін, Қазақстанда басқа атауға ие болды – "теңге". Бұл ортағасырлық түріктердің "денге" немесе "тәнга" күміс монеталарының тарихи атауы. Бұл атауды академик Сауық Тәкежанов ұсынды. Оның жүз еселенген бөлшегі "тиын" деп аталды.

Бүгінде ұлттық валютаның өзіндік белгісі бар (〒). Теңгенің көрсетілген графикалық бейнесі транскрипциядағы "т" дыбысын білдіретін ежелгі түрік алфавитінің белгісі болып табылады. Одан "теңге" сөзі басталады, сонымен қатар "тәңірі", яғни барлық түркі халықтары үшін қасиетті болған аспан бейнесін бейнелейтін құдай. Символ ақша бірлігінің тұрақтылығы, жоғары әлеуеті, Қазақстанның ұлттық экономикасының даму және өсу динамикасын білдіреді.

Ұлттық валюта қалай жасалды

Теңгенің дизайнын дайындау Тимур Сүлейменов жетекшілік еткен Алина Меңдібай мен Досбол Қасымов және Ағымсалы Дүзелхановтан тұратын авторлық дизайнерлер тобына тапсырылды.

Мәдениет пен ғылымның және саясаттың әр түрлі салаларындағы Қазақстанның ірі қайраткерлерінің портреттерін ұлттық ою-өрнекпен үйлестіріп шығару туралы шешім қабылданды. Ал артқы бетінде сәулет ескерткіштері мен Қазақстанның әсем көріністері орналасқан. Бұл серияның дизайны қарындаш, акварель және темпер көмегімен қолмен жасалды.

1993 жылы 12 қарашада Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы" жарлыққа қол қойды. 15 қарашадан бастап теңге елдегі жаңа есеп айырысу бірлігіне айналды.

Бұл күні банкноттардың бірінші сериясы "Портреттер" айналымға енгізілді:

  • 1 теңгеде – әл-Фарабидің портреті
  • 3 теңгеде – Сүйінбайдың портреті
  • 5 теңгеде – Құрманғазының портреті
  • 10 теңгеде – Шоқан Уәлихановтың портреті
  • 20 теңгеде – Абай Құнанбаевтың портреті
  • 50 теңгеде – Әбілқайыр ханның портреті
  • 100 теңгеде – Абылай ханның портреті.

Банкноттар фабрикасы қалай құрылды

1992 жылы 26 мамырда Қазақстан ұлттық банкі үшін полиграфия фабрикасын құру туралы президенттің жарлығы шықты. Егемен Қазақстан тарихында тұңғыш рет 1993 жылы маусымда қағаз тиындар мен бағалы қағаздар шығаратын цех іске қосылды.

Алғашқы банкноттарды Англияның Harrison&Sons фирмасы басып шығарды. Олар апта бойы ұшақпен 18 рейс жасау арқылы Қазақстанға жеткізілді.

Осындай көпжылдық тәжірибенің арқасында Алматыдағы Банкнот фабрикасы өзінің жеке баспа базасында барлық әлемдік сапа мен технология стандарттарына сай келетін банкноттар шығарылымын толық жолға қойды.

Отандық монеталар қайда соғылады

Қазақстан теңге сарайы 1992 жылы Өскемен қаласындағы Үлбі металлургия зауытының негізінде құрылды.

Айналымдағы монеталардың алғашқы коммерциялық партиясы 1998 жылы қарашада Қазақстан теңге сарайында шығарылды. Кәсіпорын Ұлттық банктің түсті металдардан, алтыннан және күмістен ұлттық валюта монеталарын шығару жөніндегі тапсырыстарын орындайды.

Олар диаметрі 100 миллиметрлік, салмағы килограммға дейін тартатын шеңберлі, естелік, коллекциялық монеталар мен түрлі номиналды "proof" сапасындағы бағалы металдардан жасалған ерекше заттар. Монета сарайы сонымен қатар мемлекеттік наградалар мен медальдар да шығарады.

Қазақстандық теңге сарайы Монета сарайлары қауымдастығының мүшесі болып табылады. Ал оның құрамына осы нарықтың алпауыттары кіреді. Мысалы, мың жылдық тарихы бар Англияның Корольдік монета сарайы.

Қазақстан монеталарды таяу және алыс шетелдердің де тапсырысын орындайды.

Айналымда қандай банкноттар мен монеталар бар

Қазақстанда 27 жыл ішінде теңгенің төрт сериясы шығарылды. Алты номинал мен жеті монеталардан бірқатар банкноттар қалыптасты. Номиналды сериялар есептеудің екілік және ондық жүйелерінің артықшылықтарын қамтитын етіп жасалған. Бұл түрлі елдердің валюта нарығындағы номиналдар қатарын құрудың ең кең таралған схемасы болып табылады.

Бүгінгі күні банкнот сериясы 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10 000 және 20 000 теңгелік банкноттар номиналдарымен ұсынылған. Ал монеталар қатары – 1, 2, 5, 10, 20, 50, 100 және 200 теңгелік монеталармен қалыптастқан.

Айналымға шығарылған барлық банкноттар шартты түрде "Портреттер", "Әл-Фараби", "Бәйтерек", "Самұрық" сияқты бірнеше серияға бөлінеді.

Ұлттық валюта монеталары шартты түрде үш түрге бөлінеді: айналым, инвестиция және коллекция.

Ақшаның қорғалуы

Жаңа банкноттардың дизайны мен қорғау ерекшеліктерінде халықаралық тәжірибеде күрделі баспа элементтерін көбейту үшін қолданылатын ақша белгілерін басып шығару саласындағы соңғы жетістіктер пайдаланылады: кескіндер бедері мен бояулардың, металл жылтырлығы, сандардың түрлі көлемді болуы, күрделі су белгісі, қағаздың қауіпсіздігі, әсіресе түсті-түсті банкноттың алдыңғы және артқы бетінің күрделі арақатынасы.

Банкноттардың қорғаныс қасиеттері әр түрлі: номиналдың құнынан қарай оның қорғаныс қабілеті жасалады. Мысалы, 200 теңгелік купюрада 10 мың теңгелікке қарағанда қорғаныс құралдары аз болады. Айталық, 10 мың теңгелік банкнотта 18 дәрежелі қорғаныс бар.

Халықаралық марапаттар

Қазақстан банкноттары халықаралық көрмелер мен байқауларда жоғары баға алады.

Халықаралық банкноттар қоғамы (IBNS) бар – бұл жыл сайын интернетте дауыс беру арқылы жылдың үздік банкноттарын таңдайтын бүкіл әлемнің банкнот коллекционерлерінің тәуелсіз бірлестігі. Қоғамдастық мүшесі ретінде 90-нан астам елдің сарапшылары тіркелген.

Қазақстандық банкноттар үш жыл қатарынан, 2011 жылдан бастап 2013 жылға дейінгі аралықты қоса алғанда, әлем бойынша ең үздік деп танылды. 2014 жылы түркі жазуына арналған қазақстандық "КҮЛТЕГІН" ескерткіш банкноты осы қоғамдастықтың пікірі бойынша 2013 жылдың ең үздік банкноты болды.

Халықаралық валюта қауымдастығы (IACA) 2007 жылы 10 мың теңгелік банкнотты әлемдегі ең үздік деп таныды.

Оқи отырыңыз: Экономистер теңгенің болашағына болжам жасады

Сондай-ақ, 2016 жылы High Security Printing Europe конференциясында номиналы 20 мың теңгелік банкнот та марапатқа ие болды. Ол 2015 жылдың ең үздік аймақтық банкнотасы деп танылған болатын. Сол жылы IACA оны валюта саласындағы ең жақсы техникалық жетістігін айрықша атап өтті.

Сонымен қатар, 2000 жылдан бастап, Қазақстан теңге сарайы мен Ұлттық банк жыл сайын халықаралық байқауларға қатысады. Бүгінге дейін дизайн мен технологиялық жаңашылдығымен әртүрлі номинациялардағы 23 марапатқа ие болды.

302
Кілт сөздер:
ұлттық валюта, теңге
Тақырып бойынша
БЖЗҚ салымшылары тоғыз айда 1 триллион теңге инвестициялық табыс алды
1,2 миллион теңге жалақы алатын алимент төлеуші пәтері мен көлігінен айырылды
"5,4 миллиард теңге жымқырған": Tengri банктің экс-менеджерлері күдікке ілінді
Ұлттық валюта тағы біраз нығайды
Ұлттық банк валюта айырбастауға тыйым салынады деген ақпаратқа түсініктеме берді
Қарағанды облысындағы санитарлық бекет

Қарағанды облысында санитарлық бекеттер арқылы өту ережелері енгізілді: нені білу қажет

238
Қарағанды облысында қойылған тоғыз санитарлық бекеттің үшеуінен өту үшін propusk.kz сайтына тіркелу қажет

Тіркелуді талап ететін санитарлық бекеттер

  • Қызылорда - Павлодар автомобиль жолы (Молодежный ауылының жаны).
  • Павлодар - Баянауыл - Бұқар жырау - Қарағанды автомобиль жолы (Үміткер ауылының жаны).
  • Қарағанды - Аягөз - Бұғаз автокөлік жолының Семей бағытына қарай 271-ші шақырымы (Кентөбе ауылының жаны).

Бұл бекеттерден өту үшін ПТР тестінің нәтижесі талап етілмейді, деп атап өтті Қарағанды облысының әкімдігі.

Алайда, сайтта өзіңіз туралы мәліметтерді көрсетуіңіз қажет:

  • Аты-жөні;
  • ЖСН;
  • телефон нөмірі;
  • автокөліктің мемлекеттік нөмірі,
  • санитарлық бекет;
  • тұрғылықты мекенжай;
  • келген азаматтың мекенжайы;
  • сапар мақсаты;
  • растайтын құжат.

Propusk.kz веб-сайтында тіркелмей-ақ осы бағыттар бойынша қозғалуға рұқсат етілетіндер: құқық қорғау органдары, медицина қызметкерлері және арнайы қызметтер; халықтың өмірін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлері; жүк көліктері; транзиттік көліктер; Қарағанды облысына жергілікті тіркеумен кіретіндер; емделуге келетіндер.

Вахталық режиммен жұмыс істейтіндер және тұрғылықты жерінен жұмыс орнына баратындар және жұмыс орнынан тұрғылықты жеріне қайтып келетіндер өздері туралы мәліметтерді propusk.kz сайтында қалдыру қажет.

Барлық басқа санитарлық бекеттен өту үшін propusk.kz сайтына тіркелу талап етілмейді.

Санитарлық бекеттерде полиция қызметкерлері мен дәрігерлер кезекшілік етеді. Олар жүргізушілер мен жолаушылардың денсаулығын тексереді. Бақылауға термометрия және сауалнама жүргізу кіреді.

Бұл аймақта тоғыз санитарлық бекет қойылған. Олар Жезқазғанда, Приозерск, Ұлытау, Нұра, Бұқар жырау, Қарақаралы аудандарында және Осакаров ауданында екі бекет, сондай-ақ, Бұқар жырау ауданындағы Центральный ауылында орналасады.

Қазақстандықтардан көршілес облыстарға айрықша қажеттілік тумаған жағдайда бармау, бетперде кию және эпидемияға қарсы барлық шараны сақтау сұралуда.

238
Кілт сөздер:
Қарағанды облысы
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы

Маскаңды тақ! Қатал аққу саябақтағы қауіпсіздікті қадағалап жүр видео

0
(Жаңартылды 18:04 24.11.2020)
Туристер коронавирус пандемиясы кезінде де дамыл табар емес – олар көрікті жерлерді аралап, жануарлармен қарым-қатынас жасағанды ұнатады

Дегенмен мына видеодан әдеттегіден өзгеше оқиғаны көруге болады. Турист қыз қорғаныш маскасын иегіне түсіріп, саябақтағы көгалда жүрген әсем аққуға жақындайды.

Осы кезде аққу "жауапсыз" келушіге күтпеген жерден тап беріп, оның маскасын тағып қояды.  

Қанатты бақылаушыдан мұндайды күтпеген қыз артқа шегініп, шалқасынан құлап түседі.  

0