Театр шымылдығы

Райымбек Сейтметов атындағы сазды драма театр

487
(Жаңартылды 11:51 18.03.2019)
Театр бұрынғы Түркістан теміржол мекемесі киноклубының ғимаратында жайғасқан

Театр тарихы

Өнер ордасы 2000 жылы 9 наурызда ашылды. Түркістан қаласының сазды-драма театрының көркемдік жетекшісі болып ҚР Еңбек сіңірген артисі, ҚР Халық артисі, профессор Райымбек Сейтметов тағайындалды.  

Шымкент қаласындағы өзбек драма театры
© Photo : предоставлено пресс-службой театра
Мекеме ғимараты 1938 жылы салынған Түркістан теміржол мекемесінің киноклубы болған. Қайта күрделі жөндеуден өтіп, 2000 жылы театрға берілді.

Сахналанған алғашқы пьеса – түрік қағанаты жайлы баяндайтын "Көк-түріктер" қойылымы.  

2017 жылы өнер ордасына  Райымбек Сейтметовтың есімі берілді. Театр ғимаратында 250 адамға арналған көрермен залы мен мұражай бар.

Театр ұжымы

Директоры - Ержан Исатаев. Жалпы штат саны – 116. Оның ішінде шығармашылық бөлімі - 55. 1 ҚР Мәдениет қайраткері және 2  "Серпер" жастар сыйлығының лауреаты бар.

Театр репертуары

Театр репертуарында 63 спектакль бар, оның 18-і балаларға арналған. Б.Вахапзаденің "Көк-Түріктер", С.Балғабаевтың "Ең әдемі келіншек", У.Шекспирдің "Асауға-тұсау", Қ.Мырза-Әлидің "Әмір-Темір", С.Ахмад "Келіндер көтерілісі", М.Байджиевтің "Қалыңдық пен күйеу", Т.Жандәулетовтың "Еркек", Ш.Мұртазаның "Домалақ ана", Ж.Жұматтың "Абақты ғұмыр", Ш.Уәли-Ханның "Кадет Шоқан", Д.Исабековтың "Құстар фестивалі",  Ә.Қалдыбаевтың "Әкімнің туған күні",  Ж.Рахматулланың "Өршіл Рух", С.Оспановтың "Мұңлық – Зарлық", Т.Минулиннің "Диляфрузға төрт күйеу" қойылымдары көрерменге жақсы таныс.

Театр жетістіктері мен жүлделері

2001 жылы театрдың көркемдік жетекшісі Райымбек Сейтметов облыс көлемінде өткізілген "Ең үздік режиссер" бас жүлдесіне ие болды.

Тағы оқыңыз: Антон Чехов атындағы театр туралы мәлімет

2003 жылы ҚР Халық әртісі Райымбек Сейтметов тәуелсіз "Платиналы Тарлан" сыйлығын иеленді.

2003 жылы театр Прага қаласында Еуропаның "Театр өнері" аталымы  бойынша белгіленген алтын медалімен марапатталды.

Оңтүстік Қазақстан облыстық орыс драма театры
© Photo : предоставлено пресс-службой театра / Ulyashev Andrey
2006 жылы Түркістан сазды-драма театры Оңтүстік Қазақстан облысының "Жылдың ең үздік мәдениет және өнер мекемесі", "Алтын қанат" номинацияларымен марапатталды.

2008 жылы Ақтауда өткен Қазақстан театрларының XVI республикалық фестивалінде театр ұжымы "Қойылымның ең үздік режиссерлік шешімі үшін" арнайы дипломымен марапатталды.

2009 жылы Қарағанды қаласында өткен ХVII театр фестиваліне Түркістан сазды- драма театры Ерғали Сиябекұлы қойған Д. Исабековтың "Құстар фестивалі" атты мюзикл комедиясымен қатысты. Қоюшы режиссер "Ең үздік режиссер" атанып, "Алтын маска" жүлдесін иеленді.

2011 жылы театр әртістері Гүлзада Айтбаева мен Талғат Қарынбаев "Серпер" жастар сыйлығының лауреаты атанды.

Тағы оқыңыз: Шығыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры

2011 жылы "Театр көктемі-2011" республикалық аймақтық театр фестиваліне Ж.Жұматтың "Абақты ғұмыр" қойылымымен қатысып, "Үміт" номинациясын иеленді.

2011 жылы Тәжікстан Республикасының астанасы Душанбе қаласында өткен "Навруз-2011" атты ІІІ- Кәсіби театрлардың халықаралық фестивалінде Б.Вахапзаденің "Көк түріктер" атты тарихи драмасымен өнер көрсетті. Тәжікстан мемлекетінің мәдениет министрі Мирзошохрух Асроридің дипломымен марапатталды.

2013 жылы Жетісайда өткен "Театр көктемі-2013" облыстық кәсіби театрлар фестивалінде өнер ордасы Еврипидтің "Троя ханшасы" атты моно қойылымымен өнер көрсетіп, "Айрықша шығармашылық табысы және әлемдік классиканы насихаттағаны үшін" номинациясымен марапатталды.

2014 жылы "Театр көктемі-2014" облыстық фестивалінде театр труппасы Ж.Жұматтың "Тірі жан" драмасын қойып, "Өзекті мәселені көтергені үшін" номинациясымен марапатталды.

2015 жылы Шымкент қаласында өткен "Театр көктемі – 2015" облыстық театр фестивалінде өнер ұжымы "Көрермен көзайымы" номинациясында және театр актрисасы Әсел Қожабекова "Ең үздік әйел бейнесі" аталымында жеңіске жетті.

Тағы оқыңыз: Жүсіпбек Аймауытов атындағы театр туралы қызықты деректер

2017 жылы Түркі әлемі театрларының "Театр көктемі-2017" халықаралық фестиваліне қатысып, жүлделі 1 орынға ие болды. "Түркі әлеміне ортақ үндестік" номинациясымен марапатталды. Ал қойылымдағы Кико рөлін шеберлікпен сомдағаны үшін Жандос Маханов "Қойылымдағы ұтымды бейне" номинациясының иегері атанды.

487
Кілт сөздер:
Түркістан, қойылым, өнер, театр
Тақырып:
Қазақстан театрлары (80)
Тақырып бойынша
Шымкент әзіл-сықақ және сатира театры туралы қызықты деректер
Солтүстік Қазақстандағы Николай Погодин атындағы облыстық орыс драма театры
Абай атындағы мемлекеттік музыкалық қазақ драма театры
Шымкенттегі облыстық опера және балет театры
Теміртау қаласының балалар мен жасөспірімдер театры – қызықты деректер
Станиславский атындағы Қарағанды облыстық орыс драма театры
Сайлау, дауыс беру, иллюстративті сурет

Мәжіліс сайлауы: кім дауыс бере алады

379
Мәжіліс сайлауында дауыс беруге құқылы сайлаушылар, дауыс беру уақыты мен тәртібі туралы Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз

Қазақстанның 18 жасқа толған кез келген азаматы, тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауда дауыс беруге құқылы.

Сайлауға сот iс-әрекетке қабілетсiз деп таныған, сондай-ақ сот үкiмiмен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар қатыспайды.

Мәжiлiс депутаттарын сайлаған кезде сайлаушылар тiзiмi жасалады. Азаматтар жасырын дауыс береді және сайлаушылардың еркiн бiлдiруiне қандай да болсын бақылау жасауға тыйым салынады.

Сайлаушылар тізімінде сайлаушының тегi, аты, әкесiнiң аты, туған жылы (он сегіз жастағылар үшiн – қосымша күнi мен айы), жеке сәйкестендіру нөмірі және тұрғылықты мекенжайы көрсетiледi.

Әрбір сайлаушы сайлау жарияланған немесе тағайындалған кезден бастап тиісті әкімдікте сайлаушы ретінде тіркелуге құқылы.

Сайлау күні басқа қалада жүргендер қалай дауыс береді

Егер азамат басқа өңірде жүріп, дауыс беретін күні сайлаушы ретінде тіркелген қаласына бара алмайтынын білсе, онда өзі жүрген қаланың әкімдігіне жүгінуге құқылы. Жазбаша өтiнiшті сайлаудан кемінде отыз күн бұрын беру керек.

Азамат өтiнiш жасаған соң, әкімдік оны тiркелген жері бойынша сайлаушылар тiзiмiнен шығарып, сол қаладағы дауыс беретiн учаскенiң сайлаушылар тiзiмiне енгiзеді.

Дауыс беру уақыты

Дауыс беру сайлау күнi жергiлiктi уақытпен сағат 07.00-ден 20.00-ге дейiн өткiзiледi.

Алайда учаскелiк сайлау комиссиялары басқа уақытты белгiлей алады. Бұл орайда дауыс берудi сағат 06.00-ден ерте бастап, сағат 22.00-ден кеш аяқтауға болмайды.

Учаскелiк сайлау комиссиясы азаматтарды дауыс беретiн уақыт пен орын туралы сайлау өткiзiлетiн күнге дейiн он күннен кешiктiрмей, БАҚ арқылы, сондай-ақ, өзге де әдiстермен хабардар етуі тиiс.

Дауыс беру тәртібі

Учаскелiк сайлау комиссиялары дауыс берудің басталуына бiр сағат қалғанда дауыс беруге арналған учаскелердi аша бастайды.

Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы дауыс беру басталардан 30 минут бұрын комиссия мүшелерiнiң қатысуымен сайлау жәшiктерiнде сайлау бюллетеньдерiнiң бар-жоғын, жәшiктердiң бүтiндiгiн тексередi, дауыс беруге арналған жәшiктерге пломба салады немесе мөр басады.  Комиссияның сайлау бюллетеньдерiн беруге жауапты мүшелерiн белгiлейдi.

Әрбiр сайлаушы өзi дауыс бередi.

Тағы оқыңыз: Мәжіліс сайлауы қашан өтеді

Сайлауда дауыс құқығын басқа бiреуге беруге және сол сияқты басқа адам үшiн дауыс беруге жол берiлмейдi.

Бюллетеньдер сайлаушылар тiзiмі негiзiнде жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен соң берiледi.

Сайлаушылар тiзiмге бюллетеньдердi алғаны туралы қол қояды.

Комиссияның бюллетеньдi берген мүшесi оларға өзiнiң қолын қояды, сондай-ақ бюллетеньдi алған сайлаушының тiзiмдегi тегiнiң тұсына қол қояды.

Сайлау комиссиясы төрағасы мен хатшысының бюллетень бepуге құқығы жоқ.

Дауыс берушiлер сайлау бюллетенiн жасырын дауыс беруге арналған кабиналарда толтырады. Оны толтыру кезiнде кабинаға басқа адамның кіруіне тыйым салынады. Бюллетеньдi өз бетiнше толтыруға мүмкiндiгi жоқ сайлаушы өзi сенетiн адамның көмегiн пайдалануға құқылы.

Бюллетеньге қарындашпен белгi қоюға, сондай-ақ оған қандай да болсын түзету енгiзуге жол берiлмейдi.

Толтырылған бюллетеньдердi сайлаушы дауыс беруге арналған жәшiкке салады.

379
Кілт сөздер:
сайлау, Мәжіліс
Мәжіліс залы

Мәжіліс сайлауы қашан өтеді

710
(Жаңартылды 18:32 27.09.2020)
Қазіргі шақырылымдағы мәжілістің өкілеттігі 2021 жылдың 24 наурызында аяқталады. Қазақстан президенті парламент сайлауының өтетін күнін 2020 жылдың 24 қазанынан кешіктірмей белгілеуі тиіс

Парламент – Қазақстанның заң шығару билігiн жүзеге асыратын республиканың ең жоғары өкiлдi органы.

Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: сенаттан және мәжілістен тұрады.

Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын 107 депутаттан тұрады. Өкілеттік мерзімі - бес жыл.

Сайлауды кім және қалай тағайындайды

Мәжілістің соңғы сайлауы 2016 жылдың 20 наурызында өтіп, бірінші сессия 2016 жылдың 25 наурызында ашылған еді. Тиісінше, қазіргі шақырылымдағы мәжілістің өкілеттігі 2021 жылдың 24 наурызында аяқталады.

Конституцияға сәйкес, мәжілістің кезекті сайлауы парламенттің жұмыс істеп тұрған шақырылымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі.

Осылайша, төменгі палата депутаттарының сайлауы 2021 жылдың қаңтарынан кешіктірілмей өткізілуі тиіс.

"Қазақстандағы сайлау туралы" Конституциялық заңға сәйкес, мәжілістің кезекті сайлауын президент депутаттар өкiлеттігінің бiтуiне кемiнде бес ай  қалғанда тағайындайды.

Мәжілістің 98 депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің 9 депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды.

Үміткерге қойылатын талаптар

Қазақстан азаматтығы бар және ел аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан, жасы жиырма беске толған адам мәжіліс депутаты бола алады.

Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлануға құқығы жоқ.

Мыналар:

  • сотталғандығы белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адам;
  • сот сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп таныған адам парламенттің депутаттығына, оның ішінде партиялық тізімдер бойынша, кандидат бола алмайды.

Мәжiлiс депутаттығына кандидаттар ұсыну

Партиялық тізімдер бойынша сайланатын мәжіліс депутаттығына кандидаттарды тіркелген саяси партиялар, ал Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын кандидаттарды Ассамблея кеңесі ұсынады.

Мәжіліс депутаттығына сайлау үшін адамдарды партиялық тізімге енгізу саяси партияның жоғары органы мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен жүргізіледі. Саяси партиялардың партиялық тізімдерге осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын адамдарды кіргізуге құқығы жоқ.

Егер сайлауды белгілеу кезінде өзгеше көзделмесе, партиялық тізімдер бойынша сайланатын үміткерлерді ұсыну сайлаудан 2 ай бұрын басталып, оған 40 күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады.

ҚХА сайлайтын кандидаттарды ұсыну сайлаудан 1 ай бұрын басталып, оған 20 күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады.

Кандидатураны алып тастау

Партиялық тізімге енгізілген адам Орталық сайлау комиссиясына жазбаша өтініш бере отырып, өз кандидатурасын партиялық тізімнен кері қайтарып ала алады. Бұл жағдайда ОСК партиялық тізімге енгізілген адамды шығару туралы шешім қабылдайды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңесі, ол ұсынған кандидат Орталық сайлау комиссиясына жазбаша өтініш жасай отырып, кандидатураны кері қайтарып ала алады. Бұл жағдайда ОСК кандидатты тіркеудің күшін жою туралы шешім қабылдайды.

710
Кілт сөздер:
сайлау, мәжіліс депутаты, Мәжіліс
Алматыдағы блок бекеттегі апат: бұрынғы полицейге сот үкімі шықты

Блок бекеттегі апат: Алматыда бұрынғы полицейге сот үкімі шықты

1
Қылмыстық іс бір айдан астам уақыт қаралды. Прокурор айыпталушы Азаматовты 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Сот осы талапты қанағаттандырды

НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан – Sputnik. Алматы облысының Қарасай аудандық соты блок бекеттегі жол апатына қатысты үкім шығарды. Қылмыстық іс судья Мәди Көшікбаевтың төрағалығымен қаралды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Осы іс бойынша полицияның бұрынғы қызметкері Азат Азаматов Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша жауапқа тартылған болатын. Прокурор оны 10 жылға бас бостандығынан айыруды талап етті. Бүгін сот өз үкімін шығарды.   

"Тергеу сотталушының кінәсін дәлелдеді. 1994 жылы туған Қазақстан азаматы Азат Азаматовты орташа қауіпсіздіктегі колонияға 10 жылға жіберуге шешім қабылданды", - деді судья Көшікбаев.

Бұдан бөлек, Азаматов қаза болған полицейлердің туған-туыстарына өтемақы төлеп беруі тиіс. Оның мөлшері аз емес.

Бұған дейін сотталушы өз кінәсін мойындап, жасаған әрекеті үшін өкінетінін, сондай-ақ, қайғылы оқиға болған күні не істегенін айтып берді.

"24 мамырда жолдас балалар Көксай кентіне шақырды. Сол жерде көлікте отырып, сыра іштік. Бұрынғы үш әріптесім болды. Олар да жол полициясында жұмыс істеген. Басқасы есімде жоқ. Ауруханада ғана есімді жидым. Апат кезінде не болғанын білмеймін", - деді Азаматов.

Алматы блок бекетіндегі жол апаты

25 мамырда Көксай шағын ауданындағы №4 блок бекетте BMW көлігін тізгіндеген жүргізуші бетон қоршауына соғылған болатын.

BMW патрульдік көлікке қарай ұшып түскен, оның ішінде екі полиция қызметкері отырған.

42 жастағы тәртіп сақшысы Жарас Жанғазиев жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды. Ал оның әріптесі Дастан Әбдіқанов аса ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді, алайда дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады.

Алматы полициясының тағы бір қызметкері – есірткімен күрес жөніндегі бөлім маманы Ербұлан Сейдазым ауыр жағдайда жансақтау бөліміне жеткізілді. 

1
Кілт сөздер:
сот үкімі, полицей, Алматы