Дариға Назарбаева

Дариға Назарбаева туралы қызықты деректер - фото

28301
(Жаңартылды 17:02 06.05.2019)
Қазақстанның бұрынғы премьер-министрінің орынбасары, қазіргі сенат төрайымы Дариға Назарбаева туралы Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз

Дариға Назарбаева 1963 жылы 7 мамырда Қарағанды облысы Теміртау қаласында туған.

Дарига Назарбаева, архивное фото
© AP Photo / Sergei Grits
Дариға Назарбаева

Отбасылық жағдайы

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы. Әкесі – Нұрсұлтан Назарбаев, анасы – Сара Назарбаева. Бұрынғы күйеуі Рахат Әлиевтен Нұрәлі, Айсұлтан есімді ұлдары мен Венера есімді қызы бар.

Визит Папы Римского Иоанна Павла II по приглашению Президента Казахстана Нурсултана Назарбаева в 2001 году в Астану
© Sputnik / Анатолий Устиненко
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасы Рим Папасымен кездесуде

Білімі

М. Ломоносов атындағы Мәскеу университетінің тарих факультетінде білім алған.

1985 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

1990 жылы Мәскеу университетінің аспирантурасына түскен, ал 1991 жылы тарих ғылымдарының кандидаты, 7 жылдан соң, "саясат ғылымдарының докторы" ғылыми атағын алған.

Қазақ, орыс, ағылшын, итальян, неміс тілдерін біледі.

Еңбек өтілі

  • 1992-1994 жылдары "Бөбек" балалар қайырымдық қорының вице-президенті;
  • 1994-1995 жылдары "Хабар" ұлттық теледидар ақпарат агенттігінің директоры;
  • 1995-1998 жылдары "Хабар" агенттігі" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры;
  • 1998-2001 жылдары "Хабар" агенттігі" АҚ президенті;
  • 2001-2003 жылдары "Хабар" агенттігі" АҚ директорлар кеңесінің төрайымы;
  • 2003 жылы "Асар" партиясының көшбасшысы;
  • 2006-2007 жылдары "Нұр Отан" партия төрағасының орынбасары;
  • 2004-2007 жылдары "Асар" партиясының тізімі бойынша мәжіліс депутаты;

Тағы оқыңыз: Ұстауға және қамауға болмайды: Назарбаев пен отбасы қандай кепілдікке ие?

  • 2010 жылы маусым айында "Нұрбанк" компаниясының директорлар кеңесінен шықты;
  • 2012 жылы мәжіліс депутаты, әлеуметтік-мәдени комитетінің төрайымы;
  • 2014 жылдың сәуірінен 2015 жылдың қыркүйегіне дейін – мәжілістің вице-спикері;
  • 2015-2016 жылдары Қазақстан премьер-министрінің орынбасары;
  • 2016 жылдың қыркүйегінен осы уақытқа дейін сенат депутаты;
  • 2019 жылдың 20 наурызынан Сенат төрайымы;

Ғылыми атағы

Тарих ғылымдарының кандидаты, саясаттану ғылымдарының докторы.

28301
Кілт сөздер:
Венера Назарбаева, Айсұлтан Назарбаев, Сара Назарбаева, Динара Назарбаева, Әлия Назарбаева, Назарбаев, Дариға Назарбаева
Тақырып:
Өмірбаяндар (111)
Тақырып бойынша
"Актриса болуды армандадым": Сара Алпысқызы бүгін туған күнін тойлап жатыр
Әлия Назарбаева туралы не білеміз?
Дариға Назарбаева Қазақстанда білім басқармаларын жабуды ұсынды
Дариға Назарбаева кезектен тыс президент сайлауы туралы пікір білдірді
Әлия Назарбаева мемлекеттік сыйлық берген әкесіне алғыс айтты
Назарбаева Қазақстандағы нөмірі бірінші проблеманы атады
Дариға Назарбаева үздік мұғалімдерге 2,4 млн теңгеден табыстады
Сайлау, дауыс беру, иллюстративті сурет

Мәжіліс сайлауы: кім дауыс бере алады

467
Мәжіліс сайлауында дауыс беруге құқылы сайлаушылар, дауыс беру уақыты мен тәртібі туралы Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз

Қазақстанның 18 жасқа толған кез келген азаматы, тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауда дауыс беруге құқылы.

Сайлауға сот iс-әрекетке қабілетсiз деп таныған, сондай-ақ сот үкiмiмен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар қатыспайды.

Мәжiлiс депутаттарын сайлаған кезде сайлаушылар тiзiмi жасалады. Азаматтар жасырын дауыс береді және сайлаушылардың еркiн бiлдiруiне қандай да болсын бақылау жасауға тыйым салынады.

Сайлаушылар тізімінде сайлаушының тегi, аты, әкесiнiң аты, туған жылы (он сегіз жастағылар үшiн – қосымша күнi мен айы), жеке сәйкестендіру нөмірі және тұрғылықты мекенжайы көрсетiледi.

Әрбір сайлаушы сайлау жарияланған немесе тағайындалған кезден бастап тиісті әкімдікте сайлаушы ретінде тіркелуге құқылы.

Сайлау күні басқа қалада жүргендер қалай дауыс береді

Егер азамат басқа өңірде жүріп, дауыс беретін күні сайлаушы ретінде тіркелген қаласына бара алмайтынын білсе, онда өзі жүрген қаланың әкімдігіне жүгінуге құқылы. Жазбаша өтiнiшті сайлаудан кемінде отыз күн бұрын беру керек.

Азамат өтiнiш жасаған соң, әкімдік оны тiркелген жері бойынша сайлаушылар тiзiмiнен шығарып, сол қаладағы дауыс беретiн учаскенiң сайлаушылар тiзiмiне енгiзеді.

Дауыс беру уақыты

Дауыс беру сайлау күнi жергiлiктi уақытпен сағат 07.00-ден 20.00-ге дейiн өткiзiледi.

Алайда учаскелiк сайлау комиссиялары басқа уақытты белгiлей алады. Бұл орайда дауыс берудi сағат 06.00-ден ерте бастап, сағат 22.00-ден кеш аяқтауға болмайды.

Учаскелiк сайлау комиссиясы азаматтарды дауыс беретiн уақыт пен орын туралы сайлау өткiзiлетiн күнге дейiн он күннен кешiктiрмей, БАҚ арқылы, сондай-ақ, өзге де әдiстермен хабардар етуі тиiс.

Дауыс беру тәртібі

Учаскелiк сайлау комиссиялары дауыс берудің басталуына бiр сағат қалғанда дауыс беруге арналған учаскелердi аша бастайды.

Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы дауыс беру басталардан 30 минут бұрын комиссия мүшелерiнiң қатысуымен сайлау жәшiктерiнде сайлау бюллетеньдерiнiң бар-жоғын, жәшiктердiң бүтiндiгiн тексередi, дауыс беруге арналған жәшiктерге пломба салады немесе мөр басады.  Комиссияның сайлау бюллетеньдерiн беруге жауапты мүшелерiн белгiлейдi.

Әрбiр сайлаушы өзi дауыс бередi.

Тағы оқыңыз: Мәжіліс сайлауы қашан өтеді

Сайлауда дауыс құқығын басқа бiреуге беруге және сол сияқты басқа адам үшiн дауыс беруге жол берiлмейдi.

Бюллетеньдер сайлаушылар тiзiмі негiзiнде жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен соң берiледi.

Сайлаушылар тiзiмге бюллетеньдердi алғаны туралы қол қояды.

Комиссияның бюллетеньдi берген мүшесi оларға өзiнiң қолын қояды, сондай-ақ бюллетеньдi алған сайлаушының тiзiмдегi тегiнiң тұсына қол қояды.

Сайлау комиссиясы төрағасы мен хатшысының бюллетень бepуге құқығы жоқ.

Дауыс берушiлер сайлау бюллетенiн жасырын дауыс беруге арналған кабиналарда толтырады. Оны толтыру кезiнде кабинаға басқа адамның кіруіне тыйым салынады. Бюллетеньдi өз бетiнше толтыруға мүмкiндiгi жоқ сайлаушы өзi сенетiн адамның көмегiн пайдалануға құқылы.

Бюллетеньге қарындашпен белгi қоюға, сондай-ақ оған қандай да болсын түзету енгiзуге жол берiлмейдi.

Толтырылған бюллетеньдердi сайлаушы дауыс беруге арналған жәшiкке салады.

467
Кілт сөздер:
сайлау, Мәжіліс
Тақырып:
Мәжіліс сайлауы
Мәжіліс залы

Мәжіліс сайлауы қашан өтеді

735
(Жаңартылды 18:32 27.09.2020)
Қазіргі шақырылымдағы мәжілістің өкілеттігі 2021 жылдың 24 наурызында аяқталады. Қазақстан президенті парламент сайлауының өтетін күнін 2020 жылдың 24 қазанынан кешіктірмей белгілеуі тиіс

Парламент – Қазақстанның заң шығару билігiн жүзеге асыратын республиканың ең жоғары өкiлдi органы.

Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: сенаттан және мәжілістен тұрады.

Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын 107 депутаттан тұрады. Өкілеттік мерзімі - бес жыл.

Сайлауды кім және қалай тағайындайды

Мәжілістің соңғы сайлауы 2016 жылдың 20 наурызында өтіп, бірінші сессия 2016 жылдың 25 наурызында ашылған еді. Тиісінше, қазіргі шақырылымдағы мәжілістің өкілеттігі 2021 жылдың 24 наурызында аяқталады.

Конституцияға сәйкес, мәжілістің кезекті сайлауы парламенттің жұмыс істеп тұрған шақырылымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі.

Осылайша, төменгі палата депутаттарының сайлауы 2021 жылдың қаңтарынан кешіктірілмей өткізілуі тиіс.

"Қазақстандағы сайлау туралы" Конституциялық заңға сәйкес, мәжілістің кезекті сайлауын президент депутаттар өкiлеттігінің бiтуiне кемiнде бес ай  қалғанда тағайындайды.

Мәжілістің 98 депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің 9 депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды.

Үміткерге қойылатын талаптар

Қазақстан азаматтығы бар және ел аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан, жасы жиырма беске толған адам мәжіліс депутаты бола алады.

Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлануға құқығы жоқ.

Мыналар:

  • сотталғандығы белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адам;
  • сот сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп таныған адам парламенттің депутаттығына, оның ішінде партиялық тізімдер бойынша, кандидат бола алмайды.

Мәжiлiс депутаттығына кандидаттар ұсыну

Партиялық тізімдер бойынша сайланатын мәжіліс депутаттығына кандидаттарды тіркелген саяси партиялар, ал Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын кандидаттарды Ассамблея кеңесі ұсынады.

Мәжіліс депутаттығына сайлау үшін адамдарды партиялық тізімге енгізу саяси партияның жоғары органы мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен жүргізіледі. Саяси партиялардың партиялық тізімдерге осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын адамдарды кіргізуге құқығы жоқ.

Егер сайлауды белгілеу кезінде өзгеше көзделмесе, партиялық тізімдер бойынша сайланатын үміткерлерді ұсыну сайлаудан 2 ай бұрын басталып, оған 40 күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады.

ҚХА сайлайтын кандидаттарды ұсыну сайлаудан 1 ай бұрын басталып, оған 20 күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады.

Кандидатураны алып тастау

Партиялық тізімге енгізілген адам Орталық сайлау комиссиясына жазбаша өтініш бере отырып, өз кандидатурасын партиялық тізімнен кері қайтарып ала алады. Бұл жағдайда ОСК партиялық тізімге енгізілген адамды шығару туралы шешім қабылдайды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңесі, ол ұсынған кандидат Орталық сайлау комиссиясына жазбаша өтініш жасай отырып, кандидатураны кері қайтарып ала алады. Бұл жағдайда ОСК кандидатты тіркеудің күшін жою туралы шешім қабылдайды.

735
Кілт сөздер:
сайлау, мәжіліс депутаты, Мәжіліс
Тақырып:
Мәжіліс сайлауы

Норвегиядағы жерасты әскери-теңіз базасына қызығушылық артты

0
(Жаңартылды 22:58 22.10.2020)
АҚШ әскери-теңіз күштері Норвегиядағы Олавсверн жерасты теңіз базасын қайта "тірілтуге" ниет танытып отыр

Seawolf деп аталатын бірнеше теңіз барлаушы сүңгуір қайығы осы жерден патрульге шығып, Солтүстік флоттың кемелерін бақылайтын болады, деп жазады РИА Новости.

Жартастағы қала

Олавсверн базасындағы белсенді әскери қызмет 2000-шы жылдардың басында тоқтады, нысанның жұмысы 2009 жылы толықтай тоқтап қалды. Алайда, жақында америкалықтар ядролық сүңгуір қайықтарды осы жерге қайтадан көшіруге шешім қабылдады.

Seawolf класындағы барлық сүңгуір қайық Олавсвернге ауыстырылады. Тамыз айында олардың бірі Н Бангор әскери-теңіз базасынан (Вашингтон штаты) Норвегияның Тромсо қаласына дейін сынақтан өтті. Америкалықтар бұл портты атомдық сүңгуір қайықтарының аралық аялдамалары үшін пайдаланады: олар қорларды толықтырады және рейсаралық жөндеу жұмыстарын жүргізеді.

Seawolf класты атомдық сүңгуір қайығы –  АҚШ-тағы ең құпиялы сүңгуір қайықтардың бірі. Олар 1980 жылдары жаудың толық бақылауында тұрған аудандардағы операциялар үшін арнайы жасалған. Оның бортында кемеге және суасты қайығына қарсы күшті қарулар бар. ХХ ғасырдың аяғында америкалықтар осындай 30-ға жуық сүңгуір қайық дайындаужы жоспарлады, бірақ КСРО ыдырағаннан  және Варшава келісімі ұйымы таратылғаннан кейін олар өз ойын өзгертті. Нәтижесінде, АҚШ әскери-теңіз күштері тек үш сүңгуір қайықты ғана алды.

Олавсверн әскери-теңіз базасы 1960 жылдары салынған. Ол Ресеймен шекарадан небәрі 350 шақырым жерде, Солтүстік флоттың суасты күзеті жолдарының маңында орналасқан. Қырғи қабақ соғыс кезінде америкалықтар мен олардың одақтастары Солтүстік Мұзды мұхит акваториясына жауапты базада сүңгуір қайықтарға иелік етті. Осылайша, НАТО сүңгуір қайықтарының экипаждары кез-келген уақытта Солтүстік флоттың Норвегия теңізіне және одан әрі Солтүстік Атлантикаға шығу жолын жабуға дайын тұрды.

Үлкен жерасты кешені жартастарда қашалып, қалыңдығы 300 метр болатын тас қабатымен қорғалған. 25 мың шаршы метрден астам алаңда қоймалар, оқ-дәрі сақтайтын орындар, жөндеу айлақтары бар. Тоннельдерді жобалау мен салуға, сондай-ақ нысанды заманауи құрылғылармен жабдықтауға 500 миллион доллардан астам қаражат жұмсалды. Еегер салыстыратын болсақ, 1961 жылы пайдалануға берілген әлемдегі ең алғашқы USS Enterprise атом кемесінің құны шамамен 450 миллионға жеткен еді.

Арктикаға жақын

Солтүстік флоттың бұрынғы командирі, адмирал Вячеслав Поповтың пікірінше, жаңартылған Олавсверн базасы Ресей үшін НАТО тарапынан тағы бір қатерлі орынға айналуы мүмкін.

"Seawolf мұз астында жүзуге жақсы бейімделген, - деді адмирал РИА Новости агенттігіне берген сұқбатында. 

Алайда, сарапшылар атап өткендей, америкалықтар қиындықтарға тап болуы мүмкін, өйткені құқықтық база қазір заң жүзінде жеке адамға тиесілі. 2000 жылдардың соңында батыс сарапшылары Ресей әскери-теңіз күштері бұдан былай НАТО-ға қауіп төндірмейді, ал Олавсвернді күтіп ұстау тым қымбатқа түседі деп ойлады. Сондықтан Норвегия үкіметі базаны аукционға қойды.

2011 жылы Олавсвернді норвегиялық кәсіпкер 4,5 миллион долларға сатып алды. Ол кешенді жалға берді. Жалға бергендердің ішінде ресейлік компаниялар да бар. "Академик Немчинов" және "Академик Шатский" ғылыми-зерттеу кемелері ауық-ауық келіп тұрды. Келісімнен кейін көптеген норвегиялық әскери басшы ел үкіметін сынға алды. Осылайша, вице-адмирал Эйнар Скорген нысанның сатылуын миға сыйымсыз дүние деп атады.

"Біз сүңгуір қайықтарды жүздеген қосымша миль жүруге мәжбүрледік. Біздің Ресеймен Баренц теңізінде ортақ шекарамыз бар. Демек, біздің әскери-теңіз флотымыз Арктикадағы теңіз базасында орналасуы қажет", - деп мәлімдеді Скорген.

Он жылдан кейін НАТО өз қателігін түсінді. Норвегияның NRK телеарнасының мәліметінше, Пентагонның жоғары лауазымды әскери шенеуніктері соңғы апталарда Олавсвернге бірнеше рет барған. Ал Норвегияның қорғаныс министрлігі елдің қарулы күштеріне, АҚШ пен НАТО бойынша одақтастарына базаны қайтадан мақсатқа сай пайдалануға мүмкіндік беретін келісімді мақұлдады.

"Норвегия басшылығы Ресеймен достық пейілде қарым-қатынас орнатып отырған жоқ, дегенмен жақында олар Ресеймен Баренц теңізіндегі кеңістікті делимитациялау туралы келісімге қол қойды, – дейді Бүкілресейлік флотты қолдау қозғалысының төрағасы, I дәрежелі капитан Михаил Ненашев.

– Біз мұндай қадамға тату көршілік және аймақтағы ынтымақтастықты дамыту саясаты негізінде бардық, бұл ретте Норвегия да соған сәйкес әрекет етеді деп үміттендік. Бірақ Вашингтондағы "аймақтық комитет" қызметкерлерінің ұсынысы бойынша, Норвегия, керісінше, Солтүстік Атлантика мен Солтүстік Мұзды мұхитта Ресейге қатысты агрессиясын күшейтіп отыр".

Сарапшының пікірінше, әскери тұрғыдан Олавсверн АҚШ пен НАТО-ның солтүстік ендіктердегі позицияларын аз мөлшерде ғана күшейтеді, өйткені базаның координаттары мен мүмкіндіктері бұрыннан ешкімге құпия емес. Қауіп кезінде оны сүңгуір қайықтарды, ұшақтарды немесе суасты басқарылмайтын апппараттарын пайдалана отырып, миналармен тез бұғаттап тастауға болады.

Жерасты лабиринттері

Олавсверн жерасты базасы бірегей емес. Қырғи-қабақ соғыс жылдарында осыған ұқсас ондаған нысан салынды. Ең үлкен бункерді шведтер өткен ғасырдың ортасында салған. Мускё әскери-теңіз базасы гранитті тасқа ойылып жасалған, ол Стокгольм архипелагының оңтүстігінде жеке арал түрінде орналасқан. Кемелер мен сүңгуір қайықтарды, казармаларды, жөндеу зауытын, қоймаларды және аурухананы қабылдауға арналған үш докпен (қалқымалы су асты кемесі) жабдықталған.

База мыңға жуық әскери қызметшінің ядролық бомбалауына немесе жаппай зымыран соққысына қарсы тұра алады. Теңіз түбі астындағы үш шақырымдық тоннель материктен мекемеге апарады.  2019 жылы Швеция әскери-теңіз күштері штаб-пәтерін сол жерге көшіреді. Онда жүзге жуық әскери қызметкерді және "Висбю" түріндегі бес корветті орналастырмақ.

Ресейге келетін болсақ, құпиясыздандырылған ең ірі жерасты базасы Қырымда орналасқан. Балаклава шығанағының жанындағы Таврос тауында бірден екі нысан жасырылған: суасты қайықтарын жөндейтін және паналайтын құрғақ док (қалқымалы су асты кемесі) және ядролық торпедалық оқтұмсықтар мензымырандарды сақтайтын қойма.

Ядролық соғыс болған жағдайда, үш мың адам жер астында бір ай бойы жайлы өмір сүре алуы мүмкін - отын, азық-түлік және су қоры үнемі жаңарып отырады.

КСРО ыдырағаннан кейін база Украинаның қолына өтті. Ол көптеген басқа нысан сияқты керексіз болып қалды және тоналды, түсті металдардың соңына түсушілер жабдықтарды ұрлап, талан-таражға салды. 2000 жылдары Балаклавада музей ұйымдастырылды. Ол жерде туристерге жөндеу зауытының жер асты бөлігі, арсенал, айлақ және бірнеше ғимарат көрсетіледі

Сарапшылардың бағалауынша, қажет болған жағдайда базаны қайта жарақтандырып, тетігін іске қосуға болады, бірақ оның қазіргі заманғы сүңгуір қайықтарды олардың көлеміне байланысты қабылдай алатындай мүмкіндігі жоқ.

0