Қабдеш Жұмаділов

Қабдеш Жұмаділов 83 жаста: шекараны бұзып, Қытайдан 200 мың қазақты бастап келген жазушы

16452
(Жаңартылды 11:16 25.04.2019)
Бүгін - Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері Қабдеш Жұмаділовтің туған күні

Қарасөздің қарагері, жазушы, Қытайдан Қазақстанға өткен алғашқы ұлы көштің дарабозы Қабдеш Жұмаділов 1936 жылы 24 сәуірде Шыңжаң өлкесінің Тарбағатай аймағы, Малдыбай ауылында дүниеге келген. Өз әкесі Сібетіде салдырған бастауыш мектептен білім алып, кейін жеті жылдық Шәуешек қазақ гимназиясын бітіреді.

1954 жылы Қабдеш Жұмаділовтің Үрімшіде шығатын "Шыңжаң газетінде" алғашқы өлеңі жарық көрді. 1956 жылы Қытай үкіметінің жолдамасымен Алматыға келіп, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түсті. Алайда университеттің ІІ-курсынан кейін екі ел арасындағы саяси жағдайға байланысты кері шақырылып, 1958–1962 жылдар аралығында Қытайда қуғын-сүргінге ұшырады. Осы студент шағында "Шұғыла" журналының бірінші нөмірінде "Жамал" атты тұңғыш әңгімесі басылып шықты.

Қабдеш Жұмаділов 1962 жылы империя шекарасын бұзып өткен қазақ көшімен бірге атамекенге қайтып оралып, ҚазМУ-дегі аяқталмай қалған оқуын қайта жалғап, 1965 жылы бітіріп шықты. Оқуды тәмамдаған жылы Жұмаділов өзімен тағдырлас Самал Әукенқызына үйленді.

Жұмаділов бастаған Ұлы көш

Қабдеш Жұмаділов 1962 жылғы Қытай қазақтары көшін дайындаған, әрi соның бұйдасын ұстап келген адамның бірі. 200 мың қазақ бес заставаны бұзып өтіп, 20 күн бойына Отанына қарай ағылған. Атты көш, түйелі көш, жаяу-жалпылы көш. Бұл үшін Жұмаділовті Қытай бүлікші деп айыптайды, ал Қазақ елі үшін ол кісі Дарабоз.

"1956 жылы Үрімшіге келіп, үш жылдай еліме қайта алмай қалдым. Қатаң бақылауда болдым. Жоғарыға дүркiн-дүркiн арыз жа­здым. Он­дағы мақсат – шекараға жақын (небәрi 18 шақырым) Шәуешекке жетiп, одан ары Қазақстанға өту, үзiлiп қалған оқуымды қайта жал­ғастыру еді. Шекарадан өтсем, менi керi қай­тармайтынына сенiмiм кәмiл. Өйткенi, Қа­зақ университетiнiң студенттiк билетi мен екi жыл бойы баға қойылған "сынақ кiтап­ша­сы" костюмiмнiң iшкi қалтасында тығулы жүр едi. Соны көрсетсем, менiң шекара бұзған жан­сыз, не "шпион" еместiгiме шекарашылар сенедi деп ойладым. Анығын айтсам, 1961 жылы көктемде Шәуешекке келудегi басты мақ­сатым осы болатын негізі", - дейді Қабдеш Жұмаділов.

Бірақ осы жеке мақсат үлкен мақсатқа айналады. Өйткені Қабдеш Жұмаділов Үрiмшiде ашаршылықтың дәмiн татып, көнек аурумен iсiп-кеуiп жат­қандарды өз көзiммен көрген. Шәуеш­екке барса, онда да ашаршы­лық жайлап алған. 1958 жылы жаппай құрылған Қытай билігінің "Халық коммунасы" қалың жұрт­шы­лықты ортақ қазанға қаратып, жеке түтiн шығаруға тыйым салып, iшер ас, киер киiмге зар қып қойған.

Бұқара халық бұған наразы болып, аштық апатынан құтылудың амалын таппай, бастары қатып жүрген аса қиын кезең еді. Жұмаділов коммунаға қарсы көтерiлiске шығып, қарулы әскер тарапынан күш­пен жанышталған Алтай аймағы халқының жайын да көзімен көрген.

"Алтай керейлерi анадай халге ұшы­рағанда, Шәуешектiң отырықшы, әрi "оқы­мысты" жұрты ондай қайрат көрсете алмасы анық. Демек, бұл елге аштық апатынан құ­тылудың басқа жолын iздеу керек. Мiне, атажұртқа ел көшiру идеясы менiң басымда осылай туды. Жеке мақсат ендi ұлт мақсатына айналды", - дейді Жұмаділов. 

Жазушыны қынжылтатын жел сөз турасында

Ал көштің лап қоюына Қытайдың кедергі бола алмай қалуына ол кезде шекара күзетінде қытайлардың болмауы түрткі бопты. Иә, өзара келісім бойынша ол кез­де шекараны Кеңес одағының сол­даты ғана күзеткен, ал Қытай жағы әлi ше­кара күзетiн қолға ала қоймаған.

1962 жылдың сәуiр айында көш басталып кеттi. Оны Қабдеш Жұмаділов бір сұқбатында былай әңгімелейді:

"Несiн айта­сың, Совет Одағы жүз елу шақырымға созыл­ған Тарбағатай шекарасын бес жерден ашып тастады. Жаманты, Бақты, Ергейтi, Емiл, Шағантоғай заставалары бiр шақырымға дейiн шекара сымдарын жинап тастап, аттылы, арбалы, түйелi көштердi күндiз-түнi қабылдады-ау! Не керек, айналасы жиырма шақты күнде Шәуешек шаһары түгелiмен (қалада жүз мыңға жуық қазақ тұратын), қа­лаға қарасты аудан халқы, Шағантоғай ауда­ны, Шәуешектегi дүмпудi естiп қозғалған То­лы мен Дөрбiлжiн ауданының бiр бөлiмi ше­карадан өте шықты. Егер Қытай өкiметi әлсiн-әлi нота тапсырып, бiрiншi мамырда шекара жабылып қалмағанда, көш аймақтағы жетi ауданға түгел тұтасар едi. Соның өзiнде 200 мыңнан астам адам шекарадан өтiп үл­гердi.

Тағы оқыңыз: Дінмұхамед Қонаев туралы не білеміз?

Әрине, ресми құжаттарда бұл сан ке­мiтiп көрсетiлдi. Дұрысы, сiрә, бiздiң есебiмiз болар… Бұл көштiң барысы "Таңғажайып дүние" атты ғұмырнамалық романымда егжей-тегжейлi жазылған. Өз басым сол көштiң жоспарын жасап, бұйдасын ұстап келгенiмдi мәңгi мақтаныш етемiн. Менiң жазу­шылық еңбегiм, жазған том-том кiтап­тарым өз алдына. Ал 1962 жылғы көш – менiң азаматтық қызметiмнiң шырқау шыңы. Қазiр көре алмайтын, iштерi тар, мысық тiлеу бiреулер менiң көш бастаған еңбегiмдi жоққа шығарғысы келiп: "Ол – ашаршылықтан қашқан босқындардың көшi ғой. Жұмадiлов соны сырттай иемденiп жүр" деп пыш-пыш өсек тарататын көрiнедi", - дейді жазушы.

Жұмаділов пен Әуезовтің танысуы

1956 жылдары Қытай үкіметі Ресеймен саяси жақсы қарым-қатынаста болған кездері Совет одағының мемлекеттеріне елу үздік студентті жібереді. Солардың қатарында болған Қабдеш Жұмаділов Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетіне түседі. Сол тұста шеттен қандасы келгенін біліп, Мұхтар Әуезов студент Қабдешті шақыртып алған екен. Ол сонау Қытайдан келген жерлесінің әңгімесін өз аузынан естімекші болыпты. Қабдеш ағаның сөзіне сенсек, Әуезовтен басқа бірде-бір жазушы көңіл бөліп, бұлар кім деп сұрамаған.

Әңгіме барысында Мұхтар Әуезов Қытайда қанша қазақ бар екенін, қалай өмір сүретіндерін сұраған.

"Қытайдағы қандастарымыздың тұрмыс-тіршілігіне алаңдаушылық танытып, баспасөз саласы қалай жұмыс істейтінін, мектептің бар-жоқтығын білді. Тіпті ол жақтағы танымал жазушылар туралы сұрастырып, өзінің "Абай жолы" романымен шеттегі қазақтардың таныс екенін де естіп таң қалды", – дейді Қабдеш Жұмаділов.

Ары қарай "Абайтану" пәні бойынша дәріс оқыған Мұхтар Әуезовтің сабақтарына қалмай барған студент Қабдеш оған әбден бауыр басады. Қытай мемлекеті жіберген студенттерін кері қайтаруға бел буған кезде, Қабдеш Жұмаділов алдымен Әуезовпен қоштасуды жөн тапқан. Мұқаң оларға ара түседі ме, кері қайтармау қолынан келіп, алып қалса деген ой болған екен. Бірақ ол "шетелдің ісіне араласа алмаймыз, жіберуден басқа амалымыз жоқ қой" деп жұбату сөздерін айтыпты.

"Маған "Жазушы боламын деген адамға Құдай өзі осындай кедергілер береді, кейін қайтадан жолыңды ашады. Мүмкін ол жаққа өмірбаяныңды байытайын деп жіберіп жатқан шығар. Бастысы сен жасыма!" деп айтқан еді, Мұқаң", – деп еске алды Қабдеш Жұмаділов.

Осы жерден жолдары бөлінген қазақтың дарынды тұлғалары ендігі бір-бірін көрмеді. Кейін Әуезовтің қайтыс болғаны туралы естіп, айдауда жүрген Қабдеш Жұмаділовтің көңілі қатты босап, ағыл-тегіл жылаған.

Қытайға қайтып оралып, сүргінде жүрген Қабдеш Жұмаділов біраз қиыншылық көрген. Төрт жыл бойы ешқандай жағдай жоқ мекенде жер асты шахтасында қызмет атқарады. Өзінің сөзінше, тіпті алты ай бойы жуынуға мүмкіндік болмаған. Жарты жылдан кейін жуынған Қабдеш ағамыз үстіндегі кірінің бірталай уақытқа дейін кетпегенін айтады.

Тағы оқыңыз: Қазақ киносының саңлағы Шәкен Айманов туралы қызық деректер

Артынша Шәуешек қаласына жіберіліп, сол кезден бастап Қазақстан жеріне көшуді мақсат қойған Қабдеш Жұмаділов қалтасынан Қазақ ұлттық университетінің студенттік билеті мен сынақ кітапшасын тастамай жүрген. Кез келген кезде қазақтың жеріне қашып, ұлттық университетке келіп, қалған жылдарын тәмамдау еді оның арманы.

Алайда артында қалып қоятын қазақ жұртын ойлап, Совет одағына хаттар жолдай бастаған. Солай шекара ашылып, шеттегі қандастарымыздың елге оралуына үлкен еңбек сіңірген Қабдеш Жұмаділов Алматыға оралып, Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін аяқтауға мүмкіндік алған. Осылай өз жұртына берері мол болған белгілі тұлға еліне қызмет етуді жалғастырады.

1989 жылы жазушы арада отыз жыл өткенде Шыңжаңға сапар шегіп, ата қонысын аралап қайтты.

Қабдеш Жұмаділовтің шығармалары

Қабдеш Жұмаділов 1965 жылы "Қазақ әдебиеті" газетінде, 1967 жылы "Жазушы" баспасында, 1976 жылы Мемлекеттік баспалар комитетінде жауапты қызметтер атқарды. 1981 жылдан бірыңғай шығармашылық жұмыста.

Жастық шақта жазылған өлеңдері 1967 жылы "Жас дәурен" деген атпен жеке жинақ болып шықты. Осыдан кейін Қабдеш Жұмаділов бірыңғай проза жазуға ойысқан. "Қаздар қайтып барады" атты алғашқы әңгімелер жинағы 1968 жылы, "Көкейкесті" романы 1969 жылы жарық көрді. Содан бері жазушы қаламынан көптеген әңгіме, хикаяттар, он шақты роман туды.

Романдарының дені тарихи тақырыпқа арналған. Оның екі кітаптан тұратын "Соңғы көш" (1974–1981), "Атамекен" (1985), "Тағдыр" (1988) романдары Шыңжаң қазақтарының өмірінен жазылған. "Соңғы көш" дилогиясына 1983 жылы М.Әуезов атындағы әдеби сыйлық, "Тағдыр" романына 1990 жылы Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық берілді.

Қос томды "Дарабоз" (1996) романы тарихи тақырыпқа, "Саржайлау", "Сәйгүліктер", "Бір қаланың тұрғындары", "Бір түп тораңғы" атты шығармалары бүгінгі заман тақырыбына арналса, "Қылкөпір" романы (2003) мен соңғы жылдары жазылған бір топ әңгімелерінде тәуелсіздіктен кейінгі өтпелі дәуір шындығы көрініс тапқан. Жазушы "Таңғажайып дүние" атты ғұмырнамалық романында (1999) өзі өмір сүрген орта мен замандастары жайында сыр шертеді.

"Көкейкесті", "Соңғы көш", "Атамекен", "Дарабоз" романдары мен хикаяттар топтамасы орыс тіліне аударылып басылған. Жекелеген әңгіме, хикаяттары қырғыз, өзбек, ұйғыр, украин, белорус, грузин тілдерінде, "Соңғы көш" романы түрік тілінде жарық көрді.

Біртүрлі әңгіме. Жазушының өз айтары бар

Тарихи романдардың шебері эротика жанрына да қалам тербеуі көпті таңғалдыруы мүмкін. Бірақ "Толғанайдың түні", "Әмбебап әйел", "Кәрілерге ем болатын дәрілер", "Тұл махаббат" деген әңгімелер жазған жазушының бұған айтар өз ойы бар.

"Бұл жерде менің көздегенім - оқырман көбейту емес. Жұмаділовті оқитындардың саны кеміген жоқ. Мен бұл тақырыпқа әдейі бардым. Мұндағы көздегенім – демография. "Ұлт саны қайткенде өседі" деген мәселе.

Арғы тарихқа көз салсақ, исі қазақ екі қатын алғанды ар көрмеген. Тіпті әмеңгерлікті де дұрыс жолға қоя білген. Себебі қазақтың өткен тарихына үңілер болсақ, бабаларымыздың өмірі жаугершілікпен өткенін көреміз.

Қазір екі әйел тұрмақ, бір әйелге шамасы келмей, қуаты кеміген еркектер көп. Бұл – трагедия. Бір Алматының өзінде жүз мыңнан астам кәрі қыз бар екен. Ал осылар ең құрмағанда тоқал болып тиіп, өмірге сәби әкеліп жатса, бұл үлкен өсім ғой. Балшықтан бала жасай алмай жатқан қазіргі заманда, әр баланың орны бөлек…", - деп түсіндіреді жазушылығының бұл арасын Жұмаділов.

Тағы оқыңыз: Қабдеш Жұмаділов Назарбаевқа қатысты сәуегейлік танытқанын айтты

Қабдеш Жұмаділовтің марапаттары 

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталды. 1990 жылы Қабдеш Жұмаділов Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.

1998 жылы 23 қазанда президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қабдеш Жұмаділовке "Қазақстанның халық жазушысы" деген құрметті атақ берілді.

"Парасат" орденінің иегері. Тарбағатай, Үржар және Аягөз аудандарының Құрметті азаматы.

2018 жылы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Қабдеш Жұмаділді ІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады.

 

16452
Кілт сөздер:
Қабдеш Жұмаділов
Тақырып:
Өмірбаяндар (115)
Тақырып бойынша
33 жылын соғысқа арнап, 77 рет жарақаттанған Райымбек батыр туралы не білеміз?
"Шопыр" болған Әубәкіров: қазақтың тұңғыш ғарышкері туралы не білеміз - фото
"Халқым менен де биік": Әйгілі ғалым Қаныш Сәтбаев туралы не білеміз?
Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен Рақымжан Қошқарбаев туралы не білеміз?
Қазақтың "Қыз Жібегі" Меруерт Өтекешова туралы не білеміз?
Әйелі Әбілхан Қастеевке иіліп сәлем салған: әйгілі суретші туралы не білеміз?
Сәби

Балаға берілетін жәрдемақы - 2021: кімге, қалай және қанша төленеді?

32634
2021 жылы айлық есептік көрсеткіш 2 917 теңгені құрайды. Осыған байланысты жөргекпұл, көпбалалы отбасылар және аналарға төленетін ай сайынғы жәрдемақы да өседі. Келесі жылы кімге қанша төленетінін Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз

Бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы

Бала туғанда берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы республикалық бюджет есебінен жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін әйелдерге төленеді.

  • бірінші, екінші, үшінші балаға – 38 АЕК немесе 110 846 теңге;
  • төртінші және одан кейінгі балаларға – 63 АЕК немесе 183 771 теңге.

Ал отбасында егіз, үшем, төртем дүниеге келсе, біржолғы мемлекеттік жәрдемақы әр сәбиге жеке-жеке төленеді.

Бір жасқа дейінгі ай сайынғы жәрдемақы

Жұмыс істемейтін әйелдерге бала бiр жасқа толық толғанға дейiн төленетін ай сайынғы төлем:

  • бірінші балаға – 5,76 АЕК немесе 16 802 теңге;
  • екінші балаға – 6,81 АЕК немесе 19 865 теңге;
  • үшінші балаға – 7,85 АЕК немесе 22 899 теңге;
  • төртінші және одан кейінгі балаларға – 8,90 АЕК немесе 25 962 теңге.

Декретке дейін жұмыс істеген әйелдерге бала күтіміне байланысты төленетін ай сайынғы төлем былай есептеледі:

Соңғы 2 жыл ішіндегі жалпы табысты 24 айға бөліп, мемлекет бекіткен 0,4 коэффициентіне көбейтіп, одан шыққан сомадан 10% зейнетақы жарнасын алып тастайсыз.

Мәселен, әйел босанғанға дейін екі жыл ішінде 2 500 000 теңге табыс тапты делік.

Осы соманы 24 айға бөлеміз: 2 500 000/24= 104 166 теңге.

104 166 теңге – орташа айлық жалақы.

104 166*0,4 = 41 666 теңге.

41 666 теңгенің 10%, яғни 4 167 теңгесі – ай сайынғы зейнетақы жарнасы.

Сонда жұмыс істейтін әйел бала күтімі үшін ай сайын 37 499 теңге алып отырады.

Жүктілікке және босануға байланысты төлем

Жұмыс істейтін әйелдерге жүктілікке және босануға байланысты төленетін біржолғы әлеуметтік төлемнің мөлшері былай есептеледі:

орташа айлық табысты еңбекке жарамсыздық күндері санының тиісті коэффициентіне көбейтіп, кейін шыққан сомадан 10 процент зейнетақы жарнасын алып тастайсыз. Коэффициент 4,2-ге тең.

Мысалы, соңғы бір жыл ішінде табысыңыз 1 800 000 теңге болды. Осы соманы он екі айға бөлген кезде, орташа жалақы шығады.

1 800 000/12 = 150 000 теңге;

150 000 теңге * 4,2 = 630 000 теңге;

Осы сомадан 10% зейнетақы жарнасын шегересіз. 630 000 – 63 000 = 567 000 теңге.

Яғни, жүктілікке және босануға байланысты біржолғы төлем 567 000 теңгеге тең болды.

Көпбалалы аналар

"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға табысына қарамастан төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы 6,4 АЕК немесе 18 669 теңге.

Көпбалалы отбасыларға төленетін жәрдемақы

2020 жылдың қаңтарынан көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан бала санына қарай сараланған мөлшерде жәрдемақы төленеді.

2021 жылы оның мөлшері:

  • 4 балаға – 16,03 АЕК немесе 47 548 теңге;  
  • 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 58 457 теңге;
  • 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 70 154 теңге;
  • 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 81 851 теңге;

8 және одан көп баласы бар отбасыларға әр бала үшін 4 АЕК мөлшерінде жәрдемақы төленеді.

32634
Кілт сөздер:
көпбалалы отбасы, жәрдемақы
Дни культуры и искусства Казахской ССР в Москве. Выступление Казахского государственного оркестра народных инструментов имени Курмангазы

"Туып-өскен үйім домбыра, ән, күй, жыр": Ахмет Жұбанов жайлы не білеміз

702
(Жаңартылды 20:57 13.12.2020)
Қазақ музыкасын зерттеуші ғалым, композитор, қазақтың тұңғыш дирижері, Қазақстанның халық әртісі Ахмет Жұбанов жайлы Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз

Музыкаға деген ұмтылыс

Ахмет Қуанұлы Жұбанов 1906 жылы 29 сәуірде Ақтөбе облысы Темір ауданында Ақжар деген жерде дүниеге келген. Ахметтің әкесі Қуан балаларын оқытуды армандайды, осы ниетпен Темір уезіне берілген екі мектептің бірін өз ауылында ашқызады.

1911 жылы Темір уезінде екі орыс мектебі ашылды. Сол жылы оқу бітірген Құсайын есімді мұғалім уезге келеді. Ол Ахмет Жұбановтың үйінде жатады. Құсайын домбыра мен скрипка, мондолин тартады, аздап нотадан да хабары болған. Осы аспаптың қайсысында ойнаса да, Ахмет Жұбанов жанынан табылған. 

Бес жастан асқан Ахмет сол аспаптың бәрінде ойнап кетеді. Дирижер өз естеліктерінде мектептегі ұстазының музыкаға деген ұмтылысын арттырғанын айтады.

"Менің туып-өскен үйім – домбыра, ән, күй, жыр. Көркем әңгімені кәрі-жасына дейін қадірлейтін осындай ауылда өскен мен бес жасымда хат танып, домбыра тартып, өлең айтып, тақпақ жаттайтынмын. Ауылдың қақ ортасында суы мол үлкен құдық болатын, кешке қарай салқын түскен соң ауыл адамдары құдықтың басына жиналушы еді. Ән, күй, жыр тыңдап, ақындар айтысын тамашалайтынмын. Әсіресе, күйге деген ықыласы ерекше-тұғын. Күй тартпайтын кәрі-жас, әйел, еркекті кездестірмейтінбіз", - дейді естелігінде Жұбанов.

Тағы бір есте қалғаны, ауылдастарым қуанышты да, қаңғыны да  өлең, жыр арқылы білдіретін. Сондықтан маған бүкіл дала ән-жыр айтып, күмбірлетіп күй тартып, әсем әсерге бөлейтін. Әнші, күйші, жырау дегендерді ауыл адамдары пір тұтатын, дейді дирижер.

Ахметтің әкесі Қуан 1919 жылы қайтыс болады. Содан кейін үн үш жасар Ахмет оқудан қол үзуге мәжбүр болады. Келесі жылы әкеден қалған аз ғана мал жұтап, үй ішінің бар ауыртпалығы баланың басына түседі.

Ерте есейген Ахмет

1924 дирижер ауыл комсомолына мүше болады. Сол жылы ауылында ашылған "Шамшырақ" оқу үйінің меңгерушісі болып, ауылдың мәдениетіне қызу араласады. Сол жылдары киноға барғанда дыбыссыз фильмді сүйемелдеп тұрған скрипакашымен танысады. Қарт музыкант жас жігітті ілтипатпен қарсы алады. Содан кейін кәсіби білім алу үшін Ленинградқа оқуға түседі.

"1932 жылы оқуды бітіріп, аспирантураға түсті. Бірақ ол кезде біздің үкімет хат жазып, училище ашылып жатқанын айтты. Музыкант керек екенін айтып, шақырды", - дейді Жұбановтың қызы Ажар Ахметқызы.

Ахмет Жұбанов 1933 жылы Алматы музыкалық драма училищесіне ұстаздық қызметке келеді. Осы кезден бастап өмірінің соңғы күндеріне дейін ол қазақтың музыкалық мәдениеті жолында қызмет етті.

Шығармашылық жолы

1934 жылы бір топ домбырашының басын қосып, қазақ ұлт аспаптар оркестрінің негізін қалаған. Сол оркестрдің көркемдік жетекшісі әрі дирижері болған. Жұбанов өзі құрған оркестрге Құрманғазының атын береді.

1936 жылы алғаш Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне, кейін 1949 жылы өткен екінші онкүндікте де Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрі үлкен абыройға ие болған.

1936 жылы композитордың "Музыка әліппесі" атты тырнақалды кітапшасы жарық көрген.

1945-1951 жылдары Алматы консерваториясының ректоры, 1954-1961 жылдары осы консерваториядағы өзі ашқан халық аспаптар кафедрасының меңгерушісі болып, қазақ халық музыкасының тарихынан, дирижерлік өнер мен аспаптану пәнінен сабақ берді.

"Ол – тумысынан ерекше туындыгер, ерекше композитор. Оның барлық музыкасы өміршең. Оның композиторлық таланты опералық шығармаларды шығаруда кеңінен ашылды деуге болады", - дейді Ахмет Жұбановтың шөбересі, дирижер Алан Бөрібаев.

1938 жылдан бастап Ахмет Жұбанов композиторлық жұмыспен айналыса бастайды. Жазушы Ғабит Мүсіреповтің "Қозы-Көрпеш – Баян сұлу" драмасына, Мұхтар Әуезовтің "Абай" спектакліне, "Амангелді" кинофильміне музыка жазды. Камералық шығармалардың ішінде "Қазақтың жеті биі", "Тәжіктің он биі" сияқты фортепианоға арналған, "Ария", "Көктем", Жезкиік", "Романс" сияқты қобызға арналған шығармаларының қазақ өнерінде алатын орны ерекше.

Ахмет Жұбанов 1936 жылы "Халық композиторлары. Құрманғазы", 1942 жылы "Қазақтың халық композиторларының өмірі мен творчествосы" атты кітаптарын жазды. 

Ахмет Жұбановтың композиторлық шығармаларының көрнектілері Латиф Хамидимен бірлесіп жазған "Абай" (1944 жылы) және "Төлеген Тоқтаров" (1947 жылы) опералары, қызы Ғазиза Жұбанова аяқтаған "Құрманғазы" (1970 жылы) операсы.

Қазақстан тарихындағы алғашқы дыбысты фильм "Амангелді" фильміне Михаил Гнесин мен Ахмет Жұбанов музыкасын жазды.

1968 жылы "Замана бұлбұлы" атты кітабы үшін Ахмет Жұбанов Қазақ ССР Ғылым академиясының Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлығына ие болды.

Жұбановтар әулеті

Жұбановтар әулеті дарын қонған отбасы. Сөзімізге Ахмет өнер саласындағы бірінші академик болғаны, бауыры Құдайбергеннің қазақ тіл білімі саласын зерттеген профессор екені дәлел бола алады. Ахметтің қызы Ғазиза Жұбанова қазақ әйелдерінің ішінен шыққан бірінші кәсіби композитор, жиені Алан Бөрібаев дарынды дирижер.

Құдайберген Жұбанов – қазақ тілінің теориялық негізін қалаушы, қазақ тіл білімінің тұңғыш профессоры, педагог, түркітанушы. Ал оның ұлы Асқар Жұбанов өмірін математикалық лингвистикаға арнаған ғалым.

Ахмет Жұбанов 1968 жылы Алматыда 62 жасында дүниеден өтті.

702
Кілт сөздер:
композитор
Тақырып:
Өмірбаяндар (115)
Тақырып бойынша
"Көкейімнен кетпейді": ұлттың ұлы ұстазы Ыбырай Алтынсариннің тілегі
Бүгін Нұрғиса Тілендиевтің туған күні: әйгілі композитор туралы қызықты деректер
"ХХ ғасыр Гомері" деген бағаға ие болған Жамбыл Жабаев жайлы қызықты деректер
Композитор Дүйсенов: орындаушының бейғамдығынан әнімнің бағы жанбай қалды
"Абай-Тоғжан" музыкалық драмасы: астанада жаңа театр ашылады

Салмағы қалпына келді: Симба Алматыда қысты қалай өткізуде видео

0
(Жаңартылды 18:21 22.01.2021)
Ақтаулық Симба Алматыдағы жаңа "үйіне" үйренді. Ол шынының ар жағынан келушілермен ойнағанды ұнататын көрінеді

Ақтаудағы иесі Симбадан бас тартқан болатын. Кейін ол Алматыға жеткізілді. Жаңа жерден бейімделіп үлгерген. Қарды ұнатады, ауа температурасы жылы болған кезде серуендейді.

Алматы хайуанаттар бағының ветеринарлары арыстан африкалық хайуанат болғандықтан, жылы ауа райын жақсы көретінін айтады. Алайда бұған қарамастан, қарда ойнауға әуес. Бастысы, ауа температурасы нөлден төмен болмауы керек.

"Симбаны жағдайы тамаша. Қазіргі уақытта өз жасының нормасына сай. Ақтаудан келген кезде біраз артта болатын. Қазір салмағы мен жалы қалпына келді. Тәртібі де жақсарды. Ер адамдардан қорықпайтын болды. Бұрын көрген кезде қашып кететін", - деді Юлия Дудкина.

Симбаның жаңа өмірі жайлы видеода толығырақ.

0
Тақырып бойынша
Мұзды суда "Қара жорға" билеген петропавлдық жұртты тәнті етті – видео
Димаш Құдайберген АҚШ-тың жаңа президентін қазақ тілінде құттықтады – видео
Күдіктілер тізімін оқуға 3 сағат кетті: Италияда мафия соты өтіп жатыр – видео
Боксшы әжей: қария 74 жасында жұдырықтасып жүр - видео
Пандемия кезінде бармен-роботтар жұмыс істей бастады – қызықты видео