Ручка и бумага - Sputnik Қазақстан
Өмірбаяндар
Sputnik Қазақстан саясаткерлер, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, спортшылар мен әншілердің өмірбаянын ұсынады. 

Бақытжан Сағынтаев туралы не білеміз

© Sputnik / Болат ШайхиновБақытжан Сағынтаев Kazakhstan Global Investment Roundtable халықаралық инвестфорумында
Бақытжан Сағынтаев  Kazakhstan Global Investment Roundtable халықаралық инвестфорумында - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Саяси және мемлекет қайраткері Бақытжан Сағынтаевтың өмірбаянын Sputnik дерекқорынан оқыңыз

Бақытжан Сағынтаев 1963 жылы 13 қазанда Жамбыл облысы Талас ауданы Үшарал ауылында дүниеге келді. Ұлы жүздің Ошақты руынан болады. 

Білімі

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетін бітірген, экономист, саяси экономика пәнінің оқытушысы.

Отбасылық жағдайы

Әкесі Әбдір Сағынтаев - Социалистік Еңбек Ері, КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Ұлы Отан соғысының ардагері. Анасы Бештаева Құндызай үй шаруасымен айналысқан. Өзі үйленген, Меруерт және Надира есімді 2 қызы бар. 

 

© Sputnik / Тимур БатыршинБақытжан Сағынтаев
Бақытжан Сағынтаев туралы не білеміз - Sputnik Қазақстан
Бақытжан Сағынтаев

 

Еңбек жолы

  • 1985 жылдан Алматы халық шаруашылығы институтында саяси экономика кафедрасының оқытушысы;
  • 1988 жылдан С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің әлеуметтану кафедрасында ассистент, аға оқытушы, доцент;
  • 1992 жылдан коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған;
  • 1998 жылдан Жамбыл облысы әкімінің орынбасары;
  • 1999 жылдан ҚР Шағын бизнеске қолдау көрсету жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары;
  • 2000 жылдан "Шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсету қоры" ЖАҚ басқармасының төрағасы;

 

© Sputnik / Тимур БатыршинБақытжан Сағынтаев пен Дмитрий Медведев
Бақытжан Сағынтаев туралы не білеміз - Sputnik Қазақстан
Бақытжан Сағынтаев пен Дмитрий Медведев

 

  • 2001 жылдан ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнеске қолдау көрсету жөніндегі агенттігі төрағасының бірінші орынбасары;
  • 2004 жылдан ҚР Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігінің төрағасы;
  • 2007 жылдан ҚР Премьер-министрі кеңсесінің жетекшісі;
  • 2008 жылдан Павлодар облысының әкімі;
  • 2012 жылы 20 қаңтар - 24 қыркүйек аралығында ҚР экономикалық даму және сауда министрі;
  • 2012 жылы қыркүйектен 2013 жылдың қаңтарына дейін "Нұр Отан" ХДП төрағасының бірінші орынбасары;
  • 2013 жылдың 16 қаңтарынан бастап Премьер-министрдің бірінші орынбасары - Өңірлік даму министрі;  
  • 2013 жылдың 6 қарашасынан мемлекет басшысының жарлығымен ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары; 

 

© Sputnik / Владислав ВодневНұрсұлтан Назарбаев пен Бақытжан Сағынтаев
Бақытжан Сағынтаев туралы не білеміз - Sputnik Қазақстан
Нұрсұлтан Назарбаев пен Бақытжан Сағынтаев

 

  • 2014 жылдың 7 сәуірінен Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары;
  • 2016 жылдың 10 қыркүйегінен Қазақстан премьер-министрі;

2019 жылдың 25 ақпанында Қазақстан президенті Сағынтаевтың үкіметін отставкаға жіберді. 

  • 2019 жылдың 1 наурызында Қазақстанның мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды;
  • 2019 жылдың 24 наурызынан 28 маусымына дейін Қазақстан президенті әкімшілігін басқарды;
  • 2019 жылдың 28 маусымынан – Алматы қаласының әкімі.

Марапаттары

"Құрмет" ордені және мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Тағы оқыңыз: Назарбаев Сағынтаев туралы не ойлайтынын айтты

Ғылыми еңбектері

Экономика ғылымдарының кандидаты. Диссертациясының тақырыбы - қала және ауыл халқының өмір сүру деңгейін жақындастыру.
Табиғи монополиялардың әрекет ету аумағын мемлекеттік реттеу, шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі бірқатар ғылыми жұмыс пен жарияланымның авторы.

Әскери шені

Бақытжан Сағынтаев - запастағы капитан.

Тағы оқыңыз: Сағынтаев отставкаға кеткеннен кейін мәлімдеме жасады – видео

Жаңалықтар
0