Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 4 шілде

© Sputnik / Владислав Воднев4 шілде - күнтізбе
4 шілде - күнтізбе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл - Григориан күнтізбесінде 185-ші күн, жыл соңына дейін 180 күн бар

4 шілдеде не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

4 шілдеде қандай айтулы оқиға болды

Америка Құрама Штаттары мемлекеттік мереке - Тәуелсіздік күнін атап өтеді. Америкалықтар бұл мейрамды "Fourth of July" – "4 шілде" деп атайды. 1776 жылы 4 шілде күні АҚШ конгресі Тәуелсіздік декларациясын мақұлдаған болатын. Құжатқа конгресс президенті Джон Хэнкок пен хатшы Чарльз Томсон қол қойды.

Сондай-ақ, бүгін – II Дүниежүзілік соғыс кезіндегі еврейлерге қатысты геноцидті еске алу күні. 1941 жылы 4 шілде күні фашистік Германия әскері Латвия астанасы Ригада мыңдаған еврейді сегіз синагога қамап, тірідей өртеп жіберді. Бұл күн тарихқа "хрусталь түні" ретінде енді.

4 шілдеде әлемде болған тарихи оқиғалар

1631 жылы Парижде алғашқы мекенжай бюросы ашылды;

1886 жылы Нью-Йорк қаласына Бостандық мүсіні жеткізілді;

1946 жылы – Кенигсбергтің атауы Калининград болып өзгертілді;

1946 жылы Филиппин тәуелсіз ел болып танылды;

1960 жылы Гавай аралдарының АҚШ құрамына енуіне орай Американың мемлекеттік туына 50-ші жұлдыз қосылды;

1975 жылы Кабо-Верде аралы Португалиядан тәуелсіздігін алды.

4 шілдеде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1932 жылы бір топ қазақ зиялылары - Ғ. Мүсірепов, М. Ғатаулин, Е. Алтынбеков, М. Дәулетқалиев, Қ. Қуанышев БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Ф. Голощкинге хат (Бесеудің хаты) жолдады;

1969 жылы Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында кездейсоқ жағдайда "Ақбақай" алтын кен орны ашылды;

1992 жылы Қазақстан Республикасы Халықаралық валюта қорына, Халықаралық қайта құру және даму банкіне, Халықаралық қаржы корпорациясына, Халықаралық даму қауымдастығына, Инвестициялар кепілдігінің көпжақты агенттігіне және Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталыққа мүше болды;

1992 жылы Алматы эстрада-цирк училищесіне Жүсіпбек Елебековтің есімі берілді;

1992 жылы Қарағандының Гоголь көшесі бойындағы оқу ғимаратында академик Е. Бөкетов музейі ашылды;

1996 жылы Қытай Халық Республикасының бұрынғы Төрағасы Цзян Цзэминь тұңғыш ресми сапармен Қазақстанға келіп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті;

2000 жылы Атырау қаласында қазақ халқының ұлы күйшісі, композитор, дүлдүл домбырашы, қазақтың аспаптық музыкасының классигі Құрманғазы Сағырбайұлының ескерткіші ашылды;

2000 жылы Шығыс Қашағанда мұнайдың орасан мол мұнай қорының ашылу салтанаты болды;

2008 жылы Алматы қаласының әкімшілігі мен мәслихатының бірлескен шешімі бойынша Әуезов, Жетісу және Алмалы аудандарының аумағынан ұйымдастырылған Алатау ауданы құрылды;

2012 жылы елордада қазақ халқының ұлы күйшісі Құрманғазының ескерткіші ашылды;

2014 жылы Алматыда физика-математика бағытындағы бірінші Назарбаев зияткерлік мектебі ашылды.

4 шілдеде дүниеге келген танымал тұлғалар

1790 жылы ағылшын географы, геодезист, әлемнің ең биік шыңына есімі берілген Джордж Эверест дүниеге келді;

1872 жылы мемлекет және саяси қайраткер, АҚШ-тың отызыншы президенті Калвин Кулидж дүниеге келді;

1952 жылы Колумбия саясаткері, 2002-2010 жылдар аралығында Колумбия перзиденті болған Альваро Урибе Велес дүниеге келді.

4 шілдеде Қазақстанда кім туды

1926 жылы әнші (лирикалық баритон), КСРО мен Қазақстанның халық әртісі, профессор Ермек Серкебаев дүниеге келді;

1957 жылы Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев дүниеге келді;

1974 жылы ҚР Президенті әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Арыстан зодиак белгісінде болады. Энергияны қажет ететін барлық батыл бастаманы іске асыруға болады. Мәдени-спорттық шаралардан бастап корпоративті кештерге дейін кез келген бастаманы сәтті іске асыруға мүмкіндік бар. Ай Арыстан белгісінде болғаннан кейін адамдар авантюраға жақын болып, сан алуан тәукелдерге баруы мүмкін, сондықтан қаржыға қатысты маңызды мәселелерді кейінге қалдырған жөн. Шығынға батпау үшін жылжымайтын мүлік пен акцияларға қатысты келісімдерді жасамаған дұрыс.

Жаңалықтар
0