Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 12 шілде

© Sputnik / Владислав Воднев12 шілде - күнтізбе
12 шілде - күнтізбе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл григориан күнтізбесінде 193-ші күн. Жыл соңына дейін 172 күн бар.

12 шілдеде не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

12 шілдеде қандай қызықты оқиға болды

Бүгін кәсіби мереке – Бүкіләлемдік азаматтық авиация бортсерігі күні аталып өтеді. Стюард немесе стюардесса мамандығының пайда болғанына сексен жылдан асты. Кейбір деректерге сүйенсек, 1928 жылы Германияда алғаш рет ұшақ бортында жолаушылардың қауіпсіздігі мен сервиске жауапты адам бекітілген. Бастапқыда бортсеріктің міндетін ер адамдар – қымбат мейрамханалардың даяшылары атқарған екен. Ал 1930 жылы АҚШ әуедегі жұмысқа сүйкімді қыздарды да тартуды ұйғарыпты. Оның үстіне қыздардың салмағы да жеңіл, бұл сол кездегі ұшақтар үшін өте маңызды еді.

Сондай-ақ, бүгін – Бүкіләлемдік фотографтар күні. Бұл дата француз суретшісі Луи Дагердің есімімен байланысты. Ол 1839 жылы Париждегі суретшілер академиясында суретке түсірудің жаңа әдісін көрсеткен болатын. Сондықтан осы күн фотографтардың төл мерекесі ретінде аталып жүр. "Фотография" термині де 1839 жылы пайда болған, оны екі астроном – ағылшын Джон Гершель мен неміс Иоганн фон Медлер біруақытта қолданыпты. Тарихқа көз жүгіртсек, Ұлыбритания ханшайымы Виктория мен күйеуі ханзада Альберт фото түсіру ісіне қатты әуес болған.

Бұл күні кәсіби фотографтар мен әуесқойлар түрлі шеберлік сағаты мен ашық сабақтарға қатысып, тәжірибелерімен бөліседі, ақыл-кеңесін айтады. Бұдан бөлек, көрмелерге барып, фотоаппараттар мен жарық жабдықтарының жаңа үлгілерін сынап көруге мүмкіндік алады.

12 шілдеде әлемде болған тарихи оқиғалар

1916 жылы Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде әлемде алғаш рет әскери уландырғыш зат – иприт қолданылды;

1931 жылы Францияда мушкетер Д’Артаньянға ескерткіш ашылды;

2009 жылы Литва президенті болып алғаш рет әйел – Даля Грибаускайте сайланды;

12 шілдеде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1838 жылы Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған көтерілісшілер қолы Ақбұлақ пен Қиыл аралығындағы шайқаста Гекке әскерінен жеңіліс табады. Осы шайқаста Исатай қаза тапты;

1924 жылы Орта Азияда ұлттық шекара бөлінісі аяқталды. Қазақ АКСР-нің астанасы Орынбордан Ақмешітке (кейін Қызылорда деп аталды) көшірілді;

1925 жылы Қазақстан Жазушылар одағы құрылды;

1993 жылы Алматыда ТҮРКСОЙ Халықаралық мәдени ұйымы құрылды;

2007 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облыстық департаментінің ғимаратына генерал-майор Балғабай Байжігітовті еске алуға арналған мемориалды тақта орнатылды;

2014 жылы Павлодарда әйгілі Батыр Баянға арналған ескерткіш ашылды;

2015 жылы Санкт-Петерборда Кенесарының мәйітін іздеу және тарихи Отанына қайтару туралы қоғамдық қозғалыс құрылды.

12 шілдеде туған танымал тұлғалар

1916 жылы аты аңызға айналған кеңестік мерген Людмила Павличенко дүниеге келді. 309 неміс солдаты мен офицерінің көзін жойды. Кеңес одағының батыры (1943);

1940 жылы кеңестік және ресейлік дәрігер, журналист, радио жүргізуші, тележүргізуші, "Денсаулық" ғылыми-танымал бағдарламасының жүргізушісі Юлия Белянчикова өмірге келді. РКФСР еңбек сіңірген дәрігері;

1946 жылы кеңестік және ресейлік әнші, РКФСР халық әртісі (1987) Валентина Толкунова туды;

1987 жылы украиналық театр және кино әртісі Екатерина Кузнецова дүниеге келді;

12 шілдеде Қазақстанда кімдер туды

1926 жылы музыка зерттеушісі, педагог, домбырашы, Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері, КСРО Композиторлар одағының мүшесі Хабидолла Тастанов дүниеге келді;

1962 жылы театр және кино әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Райхан Қалиолдина туды;

Ай күнтізбесі

Ай Сарышаян белгісінде орналасады. Бастаған ісіңізді соңына дейін жеткізіп, болашақты жоспарлаңыз. Эмоцияға ерік бермей, сабырлы болсаңыз, күніңіз тыныш өтеді. Күйзеліске бой алдырмаңыз.       

Жаңалықтар
0