Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 23 шілде

© Sputnik / Владислав Воднев23 шілде - күнтізбе
23 шілде - күнтізбе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл григориан күнтізбесінде 204-ші күн. Жыл соңына дейін 161 күн бар

23 шілдеде не болғанын білесіз бе? Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

23 шілдеде қандай қызықты оқиға болды

Бүгін Дүниежүзілік киттер мен дельфиндер күні аталып өтеді. Теңіз ортасы жануарларға бай, дегенмен адамдар киттер мен ақылды, кейде болжап болмайтын дельфиндерге ерекше жылулық танытады. Мереке 1986 жылы Киттер қасапқанасы халықаралық комиссиясы (International Whaling Commission: IWC) киттерді 200 жыл бойы аяусыз қырып-жоюдан кейін, оларды аулауға тыйым салғаннан бастап бекітілді. Тыйым әлемде киттерді аулауға, сондай-ақ оларды саудалауға рұқсат етілмейтіндігін білдіреді. Айта кетерлігі, кейбір елдерде киттер мен дельфиндерді қорғау күні басқа күнге белгіленген. Айталық, Австралияда бұл мереке 2008 жылдан бастап маусымның бірінші сенбісінде аталып өтсе, америкалықтар 21 маусымда тойлайды. Кейде бұл күнді " Теңіз жануарларын қорғау күні" деп те атайды.  

Оңтүстік Осетия Республикасында бүгін Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні аталып өтеді. Мереке күні кездейсоқ таңдалмаған – 1906 жылдың 23 шілдесінде Владикавказда осетин тіліндегі алғашқы "Ирон газет" ("Осетин газеті") басылымы жарық көрді. Бүгінде елдегі бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері республика өміріндегі әлеуметтік-саяси және әлеуметтік-экономикалық оқиғаларды шынайы әрі сауатты түрде жариялап келеді.БАҚ мемлекет пен қоғам жүйесінде маңызды рөл атқарады, көп жағдайда қоғамдық пікірді қалыптастыруда анықтаушы фактор болып саналады. Республиканың барлық бұқаралық ақпарат құралының қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесінде достары мен әріптестерінен құттықтау қабылдайды, бұл күні салтанатты жиналыстар өткізіліп, айрықша көзге түскен қызметкерлерге мемлекеттік наградалар тапсырылады.

Мысырда бүгін 1952 жылғы революция күні аталып өтеді. Бұл мемлекеттік мереке 1952 жылы Мысырда болған Шілде төңкерісі деп аталатын оқиғаға арналады. Осы революцияның нәтижесінде елдегі ұлт-азаттық қозғалыс ұлғайып, ол Мысырдың тәуелсіз держава ретінде қалыптасуына ықпал етті.

23 шілдеде әлемде болған тарихи оқиғалар

1951 жылы Францияда НАТО-ның штаб-пәтері ашылды;

1979 жылы Иранның рухани басшысы аятолла Хомейни жастарды бұзатын музыканы трансляциялауға тыйым салды;

1982 жылы киттерлі коммерциялық мақсаттарда аулауға барлық жерде тыйым салу туралы шешім қабылданды;

1983 жылы Шри-Ланка әскерінің 13 сарбазы "Тамил Илам азат ету жолбарыстары" ұйымы содырларымен шайқаста қаза болды. Шри-Ланкадағы азаматтық соғыстың басталуы.

23 шілдеде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1992 жылы Қазақстан Колумбиямен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты;

1999 жылы бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес мемлекеттік кепілдіктер мен олардың бостандықтарын белгілейтін "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының заңы қабылданды;

2009 жылы Қазақстанда Саяси шешімдер институты өз жұмысын бастады. Институттың мақсаты қандай да бір саяси мәселелерді шешудің дұрыс жолдарын тауып, ұсыну болып табылады.

23 шілдеде туған танымал тұлғалар

1884 жылы голливудтық Warner Brothers кинокомпаниясының негізін қалаушы төрт ағайындының екіншісі Альберт Уорнер дүниеге келді;

1884 жылы неміс актері, ең үздік ер адам рөлі үшін алғашқы "Оскар" жүлдесін иеленген Эмиль Яннингс дүниеге келді  ("Анна Болейн", "Соңғы бұйрық" фильмдері);

1976 жылы Ресей театр және кино актері, тележүргізуші, әнші Александр Олешко дүниеге келген. Ресейдің еңбек сіңірген әртісі (2015). Тележүргізуші ретінде кеңінен танымал болды. "Рок-урок"; "Шпилька"; "Музыкальная элита"; "В тридевятом царстве"; "Алфавит"; "Большие"; "Домашние сказки"; "Минута славы"; "Мульстудия"; "Время обедать"; "Один в один"; "В наше время"; "Точь-в-точь"; "Остров Крым" бағдарламаларын жүргізді.

1982 жылы америкалық актер және продюсер Пол Уэсли дүниеге келді. "Вампир күнделіктері" телехикаясындағы Стефан Сальваторенің рөлімен танымал.

23 шілдеде Қазақстанда кімдер туды

1884 жылы жазушы, драматург Тайыр Жомартбаев дүниеге келді;

1947 жылы V шақырылған Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты Төлеш Кенжин дүниеге келді;

1952 жылы Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ вице-президенті Серік Жұбандықов дүниеге келді;

1981 жылы онсайысшы, спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері  Дмитрий Карпов дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Тоқты белгісінде болады. Бұл күні бірдеңе жасауға және бастауға болмайды. Қарызыңызды төлеуге, уәдеңізді, әсіресе балаларға берген уәдені орындауға қолайлы күн. Ірі дүкендерге бармай-ақ қойғаныңыз жөн және көп адам жиналатын орындарға мүлдем аяқ баспаңыз. Ойыңызды тиянақтап, ренжіткен адамдарға кешірім беріңіз.

Жаңалықтар
0