Әділбек Алдабергенов

Запастағы генерал-майор Әділбек Алдабергеновтің өмірбаяны

126
Әділбек Алдабергенов әскери училище курсантынан бастап, Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасарына дейінгі қызмет жолынан өтті. Ол Ауғанстандағы Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті құрамында арнайы мақсаттағы топты басқарды

Генерал-майор Әділбек Алдабергенов туралы не білеміз? Бұл жөнінде Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

Білімі

Әділбек Алдабергенов 1961 жылы 6 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Жұлдыз ауылында дүниеге келген. Қазақ және орыс тілдерін біледі.

1984 жылы Рязань жоғары әуе-десанттық командалық училищесін, ал 1996 жылы Фрунзе атындағы Әскери академияны бітірді.

Еңбек жолы

Алдабергеновтың еңбек жолы ауқымды.

1984-1985 жылдары еңбек жолын Қапшағай қаласындағы Орта Азия әскери округінің 22-1 жеке арнайы мақсаттағы бригадасында (42610 ә/б) арнайы мақсаттағы топ командирі лауазымынан бастады.

1985-1986 жылдары Ауғанстан, Забуль провинциясының Шахджой елді мекенінде орналасқан 22-ші жеке арнайы мақсаттағы бригада құрамында 186-шы жеке арнайы мақсаттағы жасақта арнайы мақсаттағы топ командирі болды. Осы кезде ол 50-ден астам барлау жұмыстарын жүргізді.

1986-1988 жылдары – арнайы мақсаттағы топтың командирі, 546-шы арнайы мақсаттағы оқу полкінің (71170 ә/б) рота командирі, Қапшағай қаласы.

1988-1991 жылдары – ГКӘТ құрамында (Германиядағы Кеңес әскерлерінің тобы) арнайы мақсаттағы үшінші жеке гвардиялық бригада барлау ротасының командирі (83149 ә/б), Фюрстенберг қаласы.

1991-1992 жылдары – 3-ші жеке гвардиялық арнайы мақсаттағы бригадасы (21208 ә/б) ЕОӘО (Еділ-Орал әскери округі) арнайы мақсаттағы жасақ командирінің штаб бастығы, Самара облысының Рощинск елді мекені.

1992-1993 жылдары – Қапшағай қаласындағы 35-ші жеке гвардиялық әуе-десанттық бригадасы парашюттік-десанттық батальоны командирінің орынбасары, командирі (32363 ә/б), Қапшағай қаласы.

1995-1998 жылдары – штаб бастығы – 35-ші жеке гвардиялық десанттық-шабуылдау бригадасы командирінің орынбасары (32363 ә/б), Қапшағай қаласы.

1998-2001 жылдары – 35-ші жеке гвардиялық десанттық-шабуылдау бригадасының командирі (32363 ә/б), Қапшағай қаласы.

2001-2004 жылдары – Қарулы Күштер мобильді күштері қолбасшысының орынбасары – штаб бастығы, бірінші орынбасары.

2004-2007 жылдары – "Батыс" өңірлік қолбасшылығында штаб бастығы, қолбасшының бірінші орынбасары.

2007-2008 жылдары – "Шығыс" өңірлік қолбасшылығында штаб бастығы, қолбасшының бірінші орынбасары.

2008-2009 жылдары – 14776 ә/б командирі, Астана (Нұр-Сұлтан).

2009-2013 жылдары – Қарулы Күштер Құрлық әскерлері Аэроұтқыр әскерлерінің қолбасшысы.

2013-2016 жылдары – Қарулы Күштер Құрлық әскерлері Бас қолбасшысының бірінші орынбасары, штаб бастығы.

2016 жылдың 22 қазанынан – Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары.

2021 жылдың наурызында Қорғаныс министрлігінде генерал-майор Әділбек Алдабергеновтың әскери қызметтен босатылуына және құрметті демалысқа шығуына орай салтанатты шара өткізілді.

Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қалыптасуы мен дамуына орасан зор үлес қосты, Аэроұтқыр әскерлерін басқарды.

Марапаттары мен атақтары

Әділбек Алдабергеновтің наградалары ішінде – Қызыл Жұлдыз ордені (1986), ІІ дәрежелі "Айбын" ордені, ІІ дәрежелі "Даңқ" ордені және І дәрежелі "Даңқ" ордені, 14 медаль бар.

2007 жылдың 7 мамырынан бері – генерал-майор.

126
қалам

Балалар әдебиетінің бәйтерегі Бердібек Соқпақбаев туралы не білеміз?

193
Қазақ әдебитетіне өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат алып келген көрнекті жазушы Бердібек Соқпақбаев туралы Sputnik дерекқорынан оқыңыз

Жазып та көрдім мен де өлең,

Жазып та көрдім, қара сөз.

Ерте ме, кеш пе, мен де өлем,

Өлмейді тек дана сөз, деп жазған Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы 15 қазанда дүниеге келді. Туған өлексі – Алматы облысының Нарынқол ауданының Қостөбе ауылы.

Әкесі қарапайым малшы болған, оқымаған жан болса да ауыз әдебиеті үлгілерін көп білген дейді. Балаларының анасы көз алдында дүние салды. Ол кезде Бердібек небәрі сегіз жаста болған. Бұғанасы қата қоймаған ол бала күнінен ауыр еңбекке жегілді. Бердібек Соқпақбаевтың өмірі қазақ даласындағы ашаршылық кезеңімен тұспа-тұс келді. Жетімдіктің зардабын шекті.

Балалар әдебиетін алып бәйтерек десек, оған нәр беріп, құнарландырып тұратын күретамыр Бердікбек Соқпақбаев деуге негіз бар. "Балалық шаққа саяхат", "Менің атым Қожа", "Өлгендер қайтып келмейді" шығармалары – жазушының шоқтығы биік туындылары. Бұл шығармаларда жазушы өзі өмір сүрген заманның шынайы келбетін суреттеді. "Балалық шаққа саяхат" повесінде жазушы анасының ұзақ ауырып қайтыс болғанын, емшектегі інісі Тұрдыбек тоқтаусыз жылап қалғанын жазған. Жұпыны үй ішінде бір үзім нанға зәру күн кешкенін бейнелеген.

"Сегіз жасымда шешем өліп, жетім қалдым. Колхоздастырудың алғашқы жылдары, ең бір қиын кез. Осы күннің өзінде жүрегім қарс айырыла жаздайды. Япыр-ау, қалай тірі қалдым? Осы күнге қалай жеттім? Нағыз итжандының өзі екенмін-ау деп таңданамын", - деп жазды қаламгер естелігінде.

"Дүниеде мен үшін одан асқан жексұрын сөз жоқ. Тақиясын қорыған тазшадай осы сөз қай жағымнан сарп ете қалады деп зәрем ұшып, үрейленіп тұрамын. Балалар, менің қымбатты жан достарым! "Жетім" деген тажалдай суық сөзді айтпаңдар, айналайындар! Ұр, соқ, төбелес! Тіпті етінен ет кесіп ал, бірақ әлгідей деп тілдеме. Аяңдар!", -  дейді Бердібек Соқпақбаев "Балалық шаққа саяхат" повесінде.

Бердібек салған соқпақ

Қазақ әдебитетіне өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат алып келген көрнекті жазушы Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаев Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтына отан алдындағы борышын өтеп келгеннен кейін түсіп, оны 1949 жылы аяқтады. Содан кейін Мәскеуде Жоғары әдеби курсты бітірген.

Институт бітірген соң Бердібек Бәшен атты қызға үйленді. Аз уақыттан кейін ол шәкірт тәрбиелеуге ден қойған. Еңбек жолын өзінің туған өлкесі Нарынқолда бастады. Біраз жыл ауыл мектебінде ұстаздық етті.

Балалармен бірге жұмыс істегені оның балалар әдебиетіне тың серпіліс әкелуіне ықпалын тигізді. Шығармашылық жолын балаларға арнап өлең жазудан бастады. Олар "Лениншіл жас", "Қазақ пионері", "Пионер" журналдарында басылып тұрды. 1950 жылы "Бұлақ" атты жыр жинағын шығарған.

Күшігім менің саққұлақ,

Келеді әне шапқылап,

Сақтығыңды көрейін,

Қойшы атайға берейін, деген мектеп оқулықтарындағы өлеңнің авторы да Соқпақбаев.

Содан кейін Алматыға әдеби ортаға келеді. "Қазақ әдебиеті" газетінде, "Балдырған" журналында тартымды мақала, әңгіме жазды.

Бердібек Соқпақбаев өлеңнен прозаға ауысты, сол екі қасиет біріге келе сценарий жазатын болған. Қазақ кино өнерінің алтын қорына енген "Менің атым Қожа" фильмінің сценарийін жазды. 1963 жылы экранға шыққан бұл туынды қазақ кино өнерінің бойтұмарына айналды. Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясында редактор болып жұмыс істеді.

Көргенін көркем суреттеп, көз алдыңа елестетіп жан бітіретін жазушылық қасиетінің арқасында балалар мен жасөспірімдерге арналған 20-дан астам әңгіме, повесть, роман ұсынды. "Менің атым Қожа", "Балалық шаққа саяхат" повестері балаларға арналса, "Бозтөбеде бір қыз бар" жасөспірімдерге, "Өлгендер қайтып келмейді" романы ересектерге арналып жазылған. Оның "Қайдасың, Гауһар" повесінде жазушының бірінші әйелі Бәшенмен тұрған кезі, басынан кешкен оқиғалары қаз қалпында бейнеленген.

Жазушының туындылары КСРО халықтарының және шетелдердің көптеген тіліне аударылып, сахнада, экранда көрсетілді.

Бердібек Соқпақбаевтың кей шығармасы бірнеше жыл бойы қолжазба күйінде жатып қалған. Күллі қазақ білетін "Менің атым Қожа" повесі де алғашында протестік шығарма деп танылды. Сондықтан алдамен орыс тіліне аударылып, кейін ғана қазақ тілінде басылды.

Соған қатысты жазушы Жүсіпбек Қорғасбек "қоғамдағы, идеологиядағы жалғандыққа іштей наразылығы қаламгер романдарының эпизодтарында ашық беріледі" дейді.

1967 жылы балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдердің Канн қаласында өткен халықаралық фестивалінде "Менің атым Қожа" фильмі арнаулы жүлдеге ие болды. Сол арқылы жер жүзінің киносүйер қауымы қазақ елінде кино өнері бар екеніне көз жеткізді, сол арқылы Қазақстанның табиғатын, болмысын білді. Фильмнің шыққанына жарты ғасырдан асса да, көрерменін әлі жалықтырған жоқ.

Бердібек Соқпақбаев Қазақстан Жазушылар одағында балалар әдебиеті жөніндегі әдеби кеңесші болған, одақта 1952-1970 жылдары түрлі қызмет атқарды.

Әке жолымен...

Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларының шет тілдерге аударылуына елеулі үлес қосып жүргендердің бірі – қаламгердің қызы Самал Соқпақбаева. Тегіне тартып, елдің аударма ісіне еңбек сіңірді. Бердібек Соқпақбаевтың талай шығармасын орыс тіліне аударды.

"Менің атым Қожа" повесін әкемнің көзі тірісінде аударып, өзіне көрсеттім. Бұл менің шығармашылық жұмысымның алдыңғы қатарында болған жұмыс. Әкем аударманы ұнатып, жазған еңбегімді қабылдады. "Балам, шығармашылық жолмен жүре бер, қолыңнан біраз нәрсе келеді" деген әкемнің лебізі бар", - дейді Соқпақбаева.

"Қай шығарманы алсаңыз да, үлкен шеберлікпен жазылған... Өте ақылды, жүрегі жомарт кісі болатын. Балаларды жақсы көретін. Біздің отбасыда бізбен бірген тұрғанда мен де еркелеп өстім. Анам да әкемнің шығармашылығын сыйлап, бар жағдайын жасап жүрген әйел болатын", - дейді қызы.

"Бердібек марқұм көп ашуланатын. "Балалық шаққа саяхатта" өз мінезі туралы "ыза болсам, күйіп-жанып, дызақтап кетемін. Ойланбай істеп, ойланбай сөйлеп, өкінетін кездерім көп болады" дейтіні бар ғой. Сондай еді марқұм. Басын кесіп алса да, илікпейтін. Сол кішірейе білмегендігінен де барлық сыйлықтан құр қалған болар. Мақтау қағазын да алмай өтті ғой", - деген бірінші жары Бәшен Баймұратқызы.

Бердібек Соқпақбаев бірінші жарымен екіге айырылған соң бірнеше жылдан кейін Бибігүл есімді қызға үйленген. Одан Әлнұр және Мұхтар деген екі ұл сүйді.

1974 жылы "Өлгендер қайтып келмейді" романы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығына ұсынылды. Бірақ жазушы лауреат атанбаған. Бердібек Соқпақбаев қайтыс болардан аз уақыт бұрын бір топ қаламгер "Халық жазушысы" деген атаққа ұсынылған. Алайда кейін сол атақ алғандар ішінде Соқпақбаевтың есімі болмай шыққан.

193
Кілт сөздер:
Бердібек Соқпақбаев
Тақырып:
Өмірбаяндар
Ұлы Отан соғысының алғашқы күндері

Ұлы Отан соғысы қалай басталды

120
(Жаңартылды 09:46 22.06.2021)
Тура 80 жыл бұрын 22 маусымда фашистік Германия және оның жақтастары соғыс жарияламастан Кеңес Одағына шабуыл жасады

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. 1941-1945 жылдары миллиондаған адам қаза тапты. Олардың ішінде солдаттар ғана емес, қарапайым азаматтар да көп болды. Ресми мәліметке сәйкес, төрт жылға созылған Ұлы Отан соғысында 25-27 миллион адам қаза болды.

22 маусымда бес миллион фашист шекараны кесіп өтті

Германия II Дүниежүзілік соғысты 1939 жылы қыркүйек айында бастап кетті. Бірақ ол кезде қарулы қақтығыстар Еуропа жерінде жүріп жатты. Дегенмен араға бір жыл салса да, 1941 жылы Кеңес Одағы соғысқа дайын болған жоқ. Ал жаудың нақты шабуыл жасайтын уақыты белгісіз болса, алдын ала дайындық жасау да мүмкін емес.

Первые дни Великой Отечественной войны
© Sputnik / Борис Лосин
Ұлы Отан соғысының алғашқы күндері

Германияның КСРО-ға баса көктеп кіруі жалғыз осы мемлекеттің ғана соғыс ашқанын білдірген жоқ. Олармен бірге 1941 жылы 22 маусымда Румыния, Венгрия, Финляндия, сондай-ақ,  Хорватия, Словакия, Испания, Голландия, Норвегия, Дания, Швеция және Еуропаның басқа да елдерінің ерікті құрылымдары болды. Әлбетте Германияның одақтастары – Италия мен Жапония да КСРО-ға қарсы шықты.

Мұрағат деректеріне сәйкес, 1941 жылы 22 маусымда Кеңес Одағының шекарасын жаудың шамамен бес жарым миллион солдаты мен офицері кесіп өтті. Ал жұмысшылар мен шаруалардың Қызыл Армиясында бар болғаны бес миллионнан астам адам болды. Жалпы Ұлы Отан соғысы басталғанда неміс армиясы мен оның одақтастарының саны 11 миллионнан асты.

Бірінші қай қалаларға шабуыл жасалды

1941 жылы 22 маусымда тура сағат 4:00-де неміс-фашист басқыншылары КСРО-ға қарсы соғысты бастады. Осы дата мен уақыт жайында танымал өлеңде айтылады. Алайда мұрағат материалдары бойынша шекараны бұзу әрекеттері одан бұрын басталған.

© Sputnik / Anatoliy Garanin
Әуе қорғанысы әскерлері прожекторларының сәулесі. Мәскеу қаласы

Түнгі сағат 3:30-да жаудың авиациясы Беларусьтың  Брест, Гродно, Барановичи, Кобрин және тағы басқа қалаларына соққы жасады. Бірнеше минуттан кейін неміс ұшақтары Украинаға бомба тастай бастады. Соның ішінде Киев қаласы да бар. Артынан Балтық жағалауы елдеріне шабуыл жасалды.

Таңғы сағат бестің кезінде бас қолбасшы Иосиф Сталинге неміс жаяу әскерінің Батыс және Балтық жағалауына қарай шыққаны туралы хабар берілді. Шамамен осы уақытта фашистердің артиллериясы Брест қамалына оқ жаудырды. 

Первые дни Великой Отечественной войны
© Sputnik / Василий Савранский
Ұлы Отан соғысының алғашқы күндері

Алайда Сталин Германия мен оның одақтары КСРО-ға қарсы соғыс ашқанына бірден сенген жоқ. Таңғы сағат 4:30-да Кремльде өткен саяси бюро мүшелерінің кеңесінде ол шекарадағы жағдайды Германия тарапынан жасалған араңдатушылық әрекет деп санайтынын айтты. Жарты сағаттан кейін ғана Германияның КСРО-дағы елшісі, граф фон Шуленбург халық комиссары Молотовқа "Германия сыртқы істер министрлігінің Кеңес үкіметіне арналған нотасын" тапсырды. Осы құжатта Германияның КСРО-ны Еуропаның шығыс шекарасындағы үлкен қауіп ретінде қарастыратыны, сол себепті Гитлердің бұл қауіп-қатерді жоюға бұйрық бергені туралы жазылды. 

22 маусымда түске қарай сыртқы істер халық комиссары Вячеслав Молотов радио арқылы Ұлы Отан соғысының басталғанын мәлімдеді.

120
Кілт сөздер:
Ұлы Отан соғысы
Портфель, архивтегі фото

"Мен сізді аяймын, апа": Маңғыстауда әкім тойға келген қонақтардың алдынан шықты видео

0
Шенеунік той тойлауға келген әжейге бір күнде 14 адам өлгенін, қазір 1400 адам ауруханада жатқанын жеткізіп, карантинді сақтауды өтінді  

НҰР -СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Маңғыстау облысында Мұнайлы ауданының әкімі Рахат Елтизаров мейрамханаға тойға келген қонақтарды қарсы алып, үйге кері қайтуын сұрады, деп жазды Lada.kz.

Мұнайлы ауданында коронавирус инфекциясының таралуына байланысты карантиндік шаралар енгізілгеніне қарамастан, жауапсыз тұрғындар той өткізбек болды.

Мұнайлы ауданының әкімі Рахат Елтизаров мейрамхана алдында қонақтарды қарсы алды. Шенеунік көлікте отырған әжейге карантинді сақтау қажеттігін түсіндіріп жатқанда рейд қызметкерлері осы сәтті видеоға түсіріп алыпты.

"Мен сізді аяймын, апа. Бүгін облыста 14 адам өлді. Құдай сақтанғанды сақтайды. Қазір 1400 адам ауруханада жатыр. Өзіңіздің денсаулығыңызды күтіңіз, келін, балаларыңызды, мына кішкентай сәбиді ойлаңыз", – деді әкім өтпей қалған тойдың қонақтарының біріне.

0