Асхат Аймағамбетов 1982 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Бөкетов атындағы ҚарМУ тарих факультетін, Қарағанды "Болашақ" білім беру институтының заң факультетін, "саяси ғылымдар" мамандығы бойынша Еуразия ұлттық университетін тəмамдаған.

Еңбек жолын 2002 жылы Бөкетов атындағы ҚарМУ-ден бастайды. 2004–2005 жылдары "Аңсар" жастар лигасы" ҚБ төрағасы болған, 2005–2006 жылдары "Медиа СП" ЖШС директоры, 2006–2012 жылдары Бөкетов атындағы ҚарМУ саясаттану және әлеуметтану кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті, 2012–2014 жылдары Нұра ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

2014-2017 жылдар аралығында Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы болды. 2017 жылы ҚР білім жəне ғылым вице-министрі, 2019 жылдың қаңтар айында Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. 2019 жылдың 13 маусымында ҚР Білім және ғылым министрі қызметіне кірісті. 

Материал
Керек уақытты таңдау
Тағы 20 материал
  • Бір апта ішіндегі
  • Бір ай ішіндегі
  • Бір жыл ішіндегі
  • Осы уақытқа дейінгі
Жаңалықтар
0