Бердібек Соқпақбаев

Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы 15 қазанда дүниеге келді. Туған өлексі – Алматы облысының Нарынқол ауданының Қостөбе ауылы. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтына отан алдындағы борышын өтеп келгеннен кейін түсіп, оны 1949 жылы аяқтады. Содан кейін Мәскеуде Жоғары әдеби курсты бітірген. Көргенін көркем суреттеп, көз алдыңа елестетіп жан бітіретін жазушылық қасиетінің арқасында балалар мен жасөспірімдерге арналған 20-дан астам әңгіме, повесть, роман ұсынды. "Менің атым Қожа", "Балалық шаққа саяхат" повестері балаларға арналса, "Бозтөбеде бір қыз бар" жасөспірімдерге, "Өлгендер қайтып келмейді" романы ересектерге арналып жазылған. Толығырақ Sputnik материалынан оқыңыз.