Жетіген

Жетігеннің пайда болуы жайлы аңыз: "Ерте заманда жұт салдарынан қайтыс болған жеті баласының құрметіне қу ағашты ойып, сорлы әке әр баласына арнап бір-бір ішек тағып, күй шығарып, балаларын жоқтаған екен. Ұлдары Қанияға - "Қарағым", Торалымға - "Қанат сынар", Жайкелдіге - "Құмарым", Бекенге "От сөнер", Хауасқа "Бақыт көшті", Жүлзаға "Күн тұтылды" күйлерін арнаған. Соңғы баласы Қияс қайтқанда "Ақырғы" күйін тартқан екен. Осы күйлер "Жетігеннің жетеуі" деген атпен ел арасында таралған".